Астана тарихы

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Оқушыларға Астана қаласының көрікті жерлері туралы мағлұмат беру және көмекші есімдерді сөйлемде әрі ауызекі тілде дұрыс қолдануға үйрету.

Дамытушылық

Сөздік қорын тиімді пайдаланып, ойды еркін, жүйелі және түсінікті жеткізу дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік

Оқушыларды қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу.

Сабақтың әдістері

  • Топтық жұмыс
  • «Саяхат» түріндегі сабақ
  • Деңгейлік тапсырмалар
  • Тестік жұмыс

Көрнекіліктер

  • Слайд
  • Электрондық оқулықтар
  • Оқулық

Сабақтың барысы

Ұйымдастыру кезеңі

Бүгінгі Астана мен келешектегі Астана — біздің стратегиялық ойларымыз бен ұмтылыстарымыздың ең басты жемісі. Астана өз бойына халықтың күші мен қайратын жинап, тәуелсіз Қазақстанның мақтанышына айналған елорда. Қала ел аумағының ортасында орналасып, Еуропа мен Азияны жалғаған көпір іспетті.

Бүгінгі Астана — жедел қарқынмен дамып жатқан қала. Аз уақыт ішінде қала айтарлықтай өзгерді. Қазіргі таңда Астананы еліміздің ең басты жетістіктерінің бірі деуге болады.

1-топ: Астана туралы мәлімет

3–19-беттер

Сарыарқаның самалымен тербелген ерке Есілдің бойындағы ғажап қала — біздің астанамыз. Астана 1997 жылдан бастап Қазақстан Республикасының елордасы.

Астана — достыққа адал, сертке берік қасиеттерді дәріптеген, қазақстандықтардың ортақ менталитетін айқындайтын қала. 2002 жылы БҰҰ шешімімен «Достық ордені» берілді. 1999 жылы шілдеде ЮНЕСКО Астанаға «Бейбітшілік қаласы» атағын тапсырды.

Дайындағандар

Владик пен Наташа

2-топ: Тұңғыш Президент мұражайы

21–30-беттер

Тұңғыш Президент мұражайының қорында 300 мыңға жуық материалдық және рухани мәдениет құндылықтары бар. Мұражайда көне дәуірлерден бүгінге дейінгі Қазақстан тарихы мен мәдениетіне арналған алты стационарлық зал жұмыс істейді.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті мұражайы — Қазақстанның қазіргі заман тарихы мұражайы. Ол 2004 жылғы 28 тамызда ашылды.

  • Плац: шетелден арнайы келген қонақтарды қарсы алатын холл.
  • Атриум: символдық кеңістік.
  • Барыс: қазақ рәміздерінде терең мағынаға ие күшті, айбынды бейне.
  • Атамекен: Нұрсұлтан Назарбаевтың туған жері — Үшқоңыр жайлауы.
  • Еңбектің мойындалуы: қоғам тарапынан берілген құрмет пен бағалау.
  • Сый-топтамалар: қарулар мен сауыттар, сыйлықтар.
  • Мәжіліс залы: Қауіпсіздік кеңесінің отырыс бөлмесі.
  • Жеке заттар: киімдер, тартулар, естелік сыйлықтар.

Бүгінде Тұңғыш Президент мұражайы — танымал ғылыми-зерттеу орталығы.

Дайындағандар

Дарья мен Владислав

3-топ: Ескерткіштер

Ескерткіштер — халықтың басынан өткен тарихи кезеңдерін еске салатын қастерлі құндылықтар. Олар бізге еліміздің тарихы, мәдениеті, арманы мен қиялы туралы мағлұмат береді.

«Отан қорғаушылар» монументі

Ананың мұңды кейпі және Мәңгілік алау — халық ерлігінің мәңгілік естелігі.

Авторлары: Б. Бексұлтанов, С. Конопольцев • 2001 ж. 9 мамыр

«Әділет» ескерткіші

Қазақ халқының әділдігі мен даналығын, ел бірлігін ойлаған үш бидің бейнесі.

Авторлары: Т. Мансұров, А. Маратов • 1998 ж.

Абай ескерткіші

Абай мүсіні — терең ойға шомған тұлғаның бейнесі.

Авторы: Ж. Айжанов • 2006 ж. 10 мамыр

Құрбандарды еске алу ескерткіші

Биік қорған-бейіт композициясы; фонтан мен мүсіндер үйлесімі.

Авторлары: С. Боярин, М. Кенжетаев

«Бата» және «Барыстар» композициялары

«Бата беру» — қазақтың адамгершілік іліміндегі маңызды ұғым. «Барыстар» — ел қорғауға әрдайым дайындықты бейнелейді.

Авторы: А. Досмағанбеков • 1998 ж.

«Тіршілік ағашы» фонтаны

Адамды қоршаған табиғат күштері мен өмір сабақтастығын бейнелейтін композиция.

Авторлары: Б. Қонысбаев, А. Боярин

4-топ: Астана қаласының рәміздері

Астана рәміздеріне көз салсақ, тәуелсіздік рухын, елдік болмысты және қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық даму жолындағы құндылықтарды көре аламыз.

1999 ж. маусым 31-бет

Астана қаласының рәміздері 1999 жылы маусым айында бекітілді. Авторлары: Д. Салауату, А. Ұшқанаев. Елтаңба негізіне шығыстың дөңгелек қалқаны алынған.

Түстердің мәні

  • Көгілдір: ашық аспан, тәуелсіздік
  • Қызыл: жеңіс, жігер
  • Алтын: бидай, береке-байлық

Нышандар

  • Шаңырақ: отбасы, әлем бірлігі
  • Бәйтерек: төртқұбылаға құшағын жайған өмір ағашы
  • Жазу: төменгі бөлігінде «Астана»

Дайындағандар

Юлия мен Дмитрий

5-топ: Бәйтерек туралы ақпарат

2002 ж. 97 м

Бәйтерек — жаңа астананың, болашаққа деген сенімнің рәмізі. Ол қала тұрғындарының сүйікті демалыс орнына айналып, Астананың «беташар» белгісі ретінде танылды.

Бәйтерек — Астана қаласының басты рәміздерінің бірі. Нысан 2002 жылы ашылды. Авторлар тобының жетекшісі — Н. Рүстембаев. Қазақ аңыздарында Бәйтерек өмір мен өркендеудің символы саналады.

Биіктігі

97 метр. Бұл көрсеткіш астананың 1997 жылы көшірілгенін меңзейді.

Құрылымы

Ғимарат үш бөліктен тұрады: жер асты бөлігі — халықтың тамыры; жоғары бөліктер — өркендеу кезеңдері.

Ішкі мазмұны

Ортасында 17 жапырақты, 17 түрлі әлем діндерінің өкілдері қол қойған глобус орналасқан. Шыңында — алтын шар және «Аялы алақан» композициясы.

Дайындағандар

Олег пен Дмитрий

Поэзиялық минут

Қазір бізге «Астана» өлеңін Клинг Артём жатқа айтып береді.

Грамматикалық тақырып: Көмекші есімдер

Анықтама

Көмекші есімдер — заттың, нәрсенің атын білдіріп, толық мағыналы сөзбен тіркесе қолданылатын есімдер.

Мысалдар

үстінде, алдында, жанында, ішінде, астында, артында, қасында, сыртында

Сөз тіркесі үлгілері

  • Үйдің қасында
  • Үстелдің астында
  • Тақтаның жанында
  • Сыныптың алдында

1-тапсырма: Бос орындарды толтырыңдар

Көп нүктенің орнына тиісті көмекші есімдерді қойыңдар.

Керекті сөздер

қасында, жанында, бойында, жағасында, ортасында

  1. 1.Бәйтеректің … гүлдер жайнап тұр.
  2. 2.Мұражайдың … Президент сыйлықтары бар.
  3. 3.Ақ Орданың … биік үйлер орналасқан.
  4. 4.Бәйтеректің … алтын шар бар.
  5. 5.Есілдің … Астана қаласы орналасқан.
  6. 6.Қаланың … үлкен мешіт бар.

Деңгейлік тапсырмалар

  • 1-деңгей: 3-тапсырма
  • 2-деңгей: 4-тапсырма
  • 3-деңгей: жеке жұмыс

2-тапсырма: Сөйлем құраңдар

Берілген сөздерді тіркестіріп, сөйлемдер құраңдар.

Үлгі

Астана — Есіл өзенінің бойында орналасқан.

Сөз тіркестері

  • Есіл өзенінің …
  • үлкен қала …
  • Парламент … өкілдері
  • жастар …
  • тұрғын …
  • … алдында
  • Парламент үйінің …
  • қаланың … үйі
  • ұлт … сарайы
  • болашақ … үйлер

3-тапсырма: Септік жалғауларын қойыңдар

Көп нүктенің орнына тиісті септік жалғауларын қойып жазыңдар.

Парламент үйі қаланың ортасында тұр.

Көшенің бой… ағаштар отырғызылған.

Әуежай қаланың сырты… орналасқан.

Мектептің қасы… үлкен саябақ бар.

Саябақтың іші… қызыл, жасыл, көк гүлдер өсіп тұр.

Саябақтың қасы… жаңа тұрғын үйлер салынған.

Ескерткіштің арты… үлкен ғимарат тұр.

Ғимараттың алды… әдемі гүлдер егілген.

Қорытынды

Не білдім?

Астана туралы деректерді қайталап, көмекші есімдерді сөйлемде қолдануды бекіттедім.

Не алдым?

Жұптық және топтық тапсырмалар арқылы сөйлеу, жазу, байланыстырып айту дағдыларымды дамыттым.

Мектеп тақырыбы бойынша көмекші есімдерді қолданып құрылған диалогты тыңдаймыз.

Үй тапсырмасы

  • 72–73-беттер: 5-тапсырма
  • «Астана» өлеңін жаттап келу

Қолданылған әдебиеттер

  • 6-сынып, «Қазақ тілі» — Т. М. Артықова
  • «Шың кітабы» — Қ. Ибрагимов
  • «Қазақстан қалалары» энциклопедиясы
  • «Астана тарихы» — З. Қабұлдинов