Сөздерді тәуелдеңдер

Сабақтың тақырыбы: Емханада

Сабақ туралы қысқаша ақпарат

Сабақтың түрі
Аралас сабақ
Көрнекіліктер
Суреттер, слайдтар
Пәнаралық байланыс
Орыс тілі, биология, салауаттану

Сабақтың мақсаттары

1) Білімділік

Өткен материалдармен байланыстыра отырып жаңа тақырыпты меңгерту, жаңа сөздерді игерту. Сөздермен сөйлем құрастырып, оларды тілдік қатынаста қолдануға үйрету. Лексикалық тақырып аясында еркін сөйлей білуге бағыттау.

2) Дамытушылық

Тіл байлығын және сөздік қорын молайту. Ойлау, сөйлеу, есте сақтау қабілеттерін дамыту.

3) Тәрбиелік

Тілге деген қызығушылықты арттыру және салауатты өмір салтын қалыптастыруға баулу.

Әдіс-тәсілдер

  • 1 Түсіндіру
  • 2 Сұрақ-жауап
  • 3 Топтық жұмыс
  • 4 СТО стратегиялары: «Кубизм», «Араласып кеткен оқиғалар», «Құндылықтар шегі»

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

2–3 минут

  1. Оқушылармен амандасу, түгендеу.
  2. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

II. Үй тапсырмасын тексеру

5–6 минут

Денсаулыққа байланысты мақал-мәтелдерді жатқа сұрау.

III. Жаңа сабақ

25 минут

Жұмбақ

Медбике мен дәрігер

Таң сәріден жұмыс істейді.

Бар көмегін аямай

Ауруларды емдейді.

Кім айтады, бұл қай жер? Емхана

«Кубизм» әдісі (Текше)

«Емхана» туралы оқушылардың не білетінін анықтау.

  • 1. Суреттеу
  • 2. Салыстыру
  • 3. Қолдану
  • 4. Талдау
  • 5. Қарсы қою
  • 6. Ассоциация

Сөздікпен жұмыс

Қазақша Орысша
емхана поликлиника
ауыру болеть
барлық все
мән бермеу не обращать внимание
өкіну сожалеть
дәрігер врач
тұрмыстық жағдай бытовые условия
экологиялық қолайсыздық экологические неудобства
сарапшылар эксперты
дерек факт
өмір салты образ жизни
қоршаған орта окружающая среда

Кітаппен жұмыс

1-тапсырма

Мәтінді 3 топқа бөліп оқыту. Мәтін бойынша сұрақтар қою.

2-тапсырма

Диалогті рөлге бөліп оқыту. Диалог бойынша сұрақтар қою. Диалогті көрініс ретінде сахналау.

«Араласып кеткен оқиғалар»

2-тапсырма бойынша мәтін бөліктерін араластырып беру арқылы мәтінді меңгеру деңгейін анықтау.

Жағдаяттық тапсырмалар

Әр топқа бір жағдаяттық сұрақ беріледі:

  1. Үйде інің екеуің ғана. Ініңнің қызуы көтеріліп, ауырып жатыр. Сен не істер едің?
  2. Досыңмен серуендеп келе жатырсың. Кенеттен досыңның басы айналып, құлап қалды. Сенің іс-әрекетің қандай?
  3. Тұмаумен ауырып қалсаң, қандай тағам түрлерін жер едің?

3-тапсырма: Сөйлем құрастыру

Үлгі

Адамның қайта-қайта басы ауыруы оның ой жұмысына кері әсерін тигізеді.

Берілген сөздер мен сөз тіркестері

басы ауыру ыстығы көтерілу дәрігерге тіркелу дәрі-дәрмек алу емханаға бару денсаулық қоршаған орта

4-тапсырма: Сөйлемді толықтыру

Емханада сырқатыңа байланысты кімге баратының туралы сөйлемдерді толықтыр:

  1. Жүрегің ауырса, ... көрін.
  2. Тісің ауырса, ... бару керек.
  3. Тұмауың болса, ... бару керек.
  4. Көзің ауырса, ... бар.
  5. Құлағың ауырса, ... бару керек.
  6. Дәрі керек болса, ... бар.
  7. Емделсең, ... жазыласың.
  8. Жазылсаң, ... шығасың, сабаққа барасың.

Керекті сөздер

кардиологқа тіс дәрігеріне терапевтке окулистке лорға дәріханаға тез жұмысқа

IV. Жаңа сабақты бекіту

7–8 минут

5-тапсырма (а): Жіктеңдер (1-топ)

Мен емханада ем аламын.

Біз ___________________

Сен __________________

Сендер __________________

Сіз __________________

Сіздер __________________

Ол __________________

Олар __________________

5-тапсырма (ә): Сөздерді тәуелдеңдер (2-топ, 3-топ)

«дәрігер» сөзі

Менің дәрігерім

Сенің _____________

Сіздің ____________

Оның _____________

Біздің _____________

Сендердің _____________

Сіздердің _____________

Олардың _____________

«денсаулық» сөзі

Менің денсаулығым

Сенің _____________

Сіздің ____________

Оның _____________

Біздің _____________

Сендердің _____________

Сіздердің _____________

Олардың _____________

V. Үй тапсырмасы

191-бет, 6-тапсырма.

VI. Сабақты қорытындылау

5 минут

«Балалар, өз денсаулықтарыңды қанша пайызбен бағалар едіңдер?» деген сұрақ қойылады. Денсаулығын 100% деп бағалаған оқушылар төмен пайыз айтқан оқушыларға пайдалы кеңес береді.

VII. Білімді бағалау

3–4 минут

Үй тапсырмасы және жаңа сабақты меңгеру барысында белсенділік танытқан оқушылар бағаланады.