Айнакөлдің жанары төңкеріліп, жарқылдайды төсінде моншақтары
Фариза Оңғарсынова өлеңі
Келеді еріншек түн.
Жасыл құрақ. Үн де жоқ жағада түк.
Көл мөлдіреп көзіндей келіншектің,
жанарына аспанды паналатып,
керілді айлы нұрда
сүт сәулеге кеудесін жалаңаштап.
Жалтылдаған тайғанақ айдынында -
егіз аққу сырғанап барады асқақ.
Аспанды өртеді үміт,
Жер - сұлуға сұқтанып сол шақтағы.
Айнакөлдің жанары төңкеріліп,
жарқылдайды төсінде моншақтары.
Тына қап жел де жансыз,
сұлулыққа қарайды Ай да жасып.
Екеуіміздей, Аспан мен Жер де амалсыз
көздерімен тұрды тек аймаласып.
Ақын арнауларындағы тұлғалар галлереясы
Дарабоз Дана
Үкілі Ыбырай. Тайгадағы түс. “Қалдырған” әні
Әбілхан Қастеевтің өмірбаяны
Мақтарал ауданының сұлу табиғаты және экологиялық мәселелерін болдырмау жолдары
БУРАБАЙ ¥ЛТТЫҚ ПАРКІНІҢ ЕСКЕРТКІШТЕРІ
Бөкеев қаламынан туған шығарма тізімі ұланғайыр
Оралхан Бөкей - көркемсөз өнерінің шебері
Аш бөрі
Жетісу поэзиясындағы «Мәңгілік ел» идеясы тақырыбындағы шығармалардың жиілігін, оның ерекшеліктерін, таралымын анықтау
Табиғатпен бірге адам жаны жаңарып, табиғаттың әсем көрінісіне қарап ерекше күйге бөленесің
Мұхтар ШахановАрал қасіретіКемелер жүздірген шағылтып желкенін айға, Тау толқын төсінде тербелген ерке күн қайда
Мүлгіп кеткен тыңдаушы жұрт оянып, Жанарынан ризалықпен шашты нұр
Жанарымда жас қаулап, Жалғыз қалдым көшеде
Сайын дала төсінде сайрап өскен қазағым, Ұлы менен қыздары жайнап өскен қазағым
Ұшып кеттім тауларға бұлт басқан, Төңкеріліп теңізге тұныпты аспан
Ана соған мәз болғандай жанарына жас алып, Жайлауына жаз қонғандай қалады бір жасарып
Жанарынан жаз бүркіп, Тұр қыс күні сүйкімді
Қос жанары мөлдіреп