Дәптерге жазу

Сабақтың тақырыбы

К дыбысы және әрпі

Сабақтың мақсаты

  • К дыбысымен таныстыру.
  • К дыбысына тіл ұстарту арқылы сөз құратып, буын ішінде бекіту және дыбыстық талдау жасату.
  • Дидактикалық материалдар арқылы балалардың есте сақтау және ойлау қабілеттерін дамыту.
  • К дыбысы бар сөздер мен сөйлемдер ойлауға үйрету.
  • Таза қазақ тілінде сөйлеуге, байланыстырып сөйлеуге және дұрыс отыруға тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер және көрнекіліктер

Әдіс-тәсілдері

  • Әңгімелеу
  • Көрнекілік
  • Сұрақ-жауап

Көрнекіліктері

  • К дыбысының баспа және жазбаша түрі
  • Текшелер
  • Кеспе әріптер

Негізгі ой

Сабақ барысында дыбысты дұрыс тану, буынға бөлу, сөз құрау және дыбыстық талдау дағдылары жүйелі түрде бекітіледі.

Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылардың сабаққа дайындығы тексеріледі.

II. Өткен сабақты қайталау

  • Өткен сабақта қандай дыбыспен таныстық?
  • Қ дыбысы дауысты ма, әлде дауыссыз ба?
  • Қ дыбысы сөздің қай жерінде кездеседі?
  • Қ дыбысынан басталатын қандай сөздер білесіңдер?

«Сиқырлы буындар» (Қ дыбысы)

Қа-

қаз, қалам, қайшы, қалақ

Қу-

қуат, қуыршақ, қырмаш, қуыс

Қо-

қоға, қора, қораз, қос, қойма, қола

Өткен тақырып «Баспалдақ» ойыны арқылы қорытындыланады.

III. Жаңа сабақ: К дыбысы

Жұмбақ 1

Көрмеде бар, өрмеде жоқ. Әкеде бар, әжеде жоқ.

Жауабы: К

Жұмбақ 2

Сабы — таяқ, басы — қалақ. Ұшын сүйреп жерге қарап жүреді.

Жауабы: Күрек

Жұмбақ 3

Жұп-жұмыр жоны бар, инеден тоны бар. Түйреген түрпі. Бұл не?

Жауабы: Кірпі

Жетелеуші сұрақтар

  • Жұмбақтың шешуі қандай дыбыстан басталып тұр?
  • К дыбысы дауысты ма, әлде дауыссыз ба?
  • К дыбысын қандай текшемен белгілейміз?
  • «Кірпі» сөзін кім әріп кассасынан құрастырады?
  • Сөзді буынға бөліңдер. Неше буын?
  • К дыбысы қай буында тұр?

Суретпен жұмыс

Суреттерді көрсете отырып, К дыбысы бар сөздер айтқызылады. Әр сөз буынға бөлініп, буын саны анықталады.

Оқулықпен жұмыс

  • Мұғалім мәтінді оқиды.
  • Әр сөздің мағынасы ашылып түсіндіріледі.
  • Оқушылар тізбектей оқиды.

Сергіту сәті

Күн бұлттанды,

Күн күркіреді,

Жаңбыр жауды.

Жаңбыр басылды.

Күн шайдай ашылды.

Дәптермен жұмыс

  • Тақтаға жазу.
  • Ауада жазу.
  • Дәптерге жазу.

Қысқа ереже

К — дауыссыз дыбыс. Сөз басында да, ортасында да, соңында да кездеседі.

Сергіту сәті (қимыл-қозғалыс)

Тербеледі ағаштар,

Алдымнан жел еседі.

Кіп-кішкентай ағаштар

Біп-биік боп өседі.

Сөздік диктант

Төмендегі сөздер жаздырылады, содан кейін дыбыстық талдау жасалады:

қуат қауын қуан қора қала тоқ ноқта қол жарыс қоныс аңдар

«Сиқырлы әріп» (К дыбысы бар сөздер)

күй кілт көлік кептер көбелек көктем көжек кеме күн

Оқулықпен жұмыс (қайта бекіту)

  • Мұғалім оқиды.
  • Сөздердің мағынасы түсіндіріледі.
  • Оқушылар тізбектей оқиды.

Буын ұйқас

Қайталау үлгісі

Кі-кі-кі

Бұлаңдайды түлкі.

Ек-ек-ек

Гүлге қонды көбелек.

Ек-ек-ек

Жер қазатын күрек.

Дәптермен жұмыс (бекіту)

  • Мұғалім үлгі жазуын көрсетеді.
  • Ауада жазу орындалады.
  • Дәптерге көркем жазу жазылады.

«Сиқырлы буындар» (К дыбысы)

Дайын сөздер

күн, күй, кеш, көл, күш, көк

Кө-

көпір, көл, көп, көз, көше, көк

Кі-

кілт, кілем, кір, кітап, кішкентай

Тапсырма

Буындардан сөз құрастырыңдар және К дыбысының сөздің қай жерінде тұрғанын анықтаңдар.

Қорытындылау

Сабақ соңында бүгінгі тақырып сұрақ-жауап арқылы қорытындыланып, белсенді қатысқан оқушылар мадақталады.

Не үйрендік?

К дыбысының ерекшелігін ажырату, сөз құрау, буынға бөлу.

Қалай бекіттік?

Жұмбақ, ойын, диктант, оқу және жазу тапсырмалары арқылы.

Нені дамыттық?

Есте сақтау, ойлау, дұрыс сөйлеу және байланыстырып айту дағдыларын.