Тарих туралы түсінік
Сабақ тақырыбы
§1. Тарих туралы түсінік, Қазақстан тарихының кезеңдері (ежелгі дәуір, орта ғасырлар, жаңа және қазіргі заман тарихы).
Сабақтың мақсаты
Барлық оқушылар
Тарих ұғымын түсінеді; тарих ғылымының қалыптасуы мен дамуы туралы бастапқы мағлұмат алады.
Оқушылардың басым бөлігі
Тарих ұғымымен және тарихи кезеңдермен таныса отырып, топта жұмыс істейді, пікір алмасады, қорытынды жасайды және ойын ашық әрі толық жеткізеді.
Кейбір оқушылар
Тарих ұғымының қалыптасуы мен дамуын заттай және жазбаша деректер арқылы талдап, тарих пәнінің негізін тереңірек түсінеді.
Тілдік мақсат
Оқушылар жеке жұмыс пен топтық әңгіме барысында гипотеза құруға, оны қорғауға, сынақтан өткізуге және жетілдіруге уақыт бөліп, бірлесіп әрекет етуге дағдыланады.
Алдыңғы білімді өзектендіру
«Кім біледі?» сұрақтары арқылы оқушылардың бұрынғы білімін белсендіру.
- Алғашқы адамдар орта есеппен қанша жыл өмір сүрген деп ойлайсыңдар?
- Қазақстанның астанасы қай қала? Ол бұрын қалай аталған?
- Абылай хан кім?
- Қазақ билерінен кімдерді білесіңдер?
- Қандай қазақ батырларын атай аласыңдар?
Сабақтың барысы
I. Басталуы — Ұйымдастыру
Мақсат
Сыныпта жағымды ахуал қалыптастыру және оқушылардың зейінін сабаққа шоғырландыру.
- Сәлемдесу, сабаққа дайындығын тексеру.
- Оқушылардың назарын сабаққа аудару (шамамен 2 минут).
Топқа бөлу (шамамен 2 минут)
Таратпалар арқылы үш топқа бөлу: Археология, Этнография, Антропология.
II. Ортасы — Жаңа сабақ
Қызығушылықты ояту: «Ой талқы» (шамамен 3 минут)
- «Тарих» сөзі қандай мағына береді?
- Тарихи оқиға дегеніміз не?
- Тарих пәні дегеніміз не?
Оқушылар бастауыш сыныптағы «Дүниетану» пәнінен өткен материалды еске түсіреді.
Мәтінмен жұмыс (шамамен 15 минут)
Оқып шық • Жап • ЖазОқушылар мәтінді оқып, тірек-сызбалар арқылы постерге түсіріп, мазмұнын баяндайды.
Қалыптастырушы бағалау: «Бағдаршам» (шамамен 2 минут)
Қызыл
Өте жақсы
Жасыл
Жақсы
Сары
Әлі де толықтыру қажет
Әр топ бірін-бірі бағалайды.
III. Бекіту
Кестемен жұмыс (шамамен 8 минут)
«Тарих пәні» тақырыбы бойынша жеке деңгейлік тапсырмаларды орындау.
Өзара тексеру: «Сен — маған, мен — саған» (шамамен 2 минут)
Оқушылар бір-бірінің жұмыстарын тексеріп, геометриялық фигуралар арқылы бағалайды.
Кейінгі оқу
§1. Тарих туралы түсінік, Қазақстан тарихының кезеңдері.
Мәлімет
- Мектеп
- Найманбай атындағы орта мектебі (КММ)
- Мұғалім
- Сәгімбек Ермек Қасенұлы
Тақырып: «Тарих туралы түсінік, Қазақстан тарихының кезеңдері».