Жеті ата. Сабақтың тақырыбы

Сабақтың тақырыбы

Жеті ата. Сөйлем.

Білімділік

Оқушылардың сөйлем туралы ұғымын кеңейту, тыныс белгілері жөнінде түсінік қалыптастыру, өлеңді мәнерлеп әрі түсініп оқуға төселдіру.

Дамытушылық

Оқушылардың сөйлеу тілін дамыту, сөздік қорын молайту.

Тәрбиелік

Инабаттылыққа, отансүйгіштікке, ұлттық мәдениетке сүйіспеншілікке, туыстық қарым-қатынасқа және топпен жұмыс жасауға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер

  • Отбасы бейнеленген сюжетті сурет
  • Тыныс белгілері бейнеленген «үйшіктердің» суреті
  • Карточкалар

Сабақ форматы

Түрі

Саяхат сабақ

Әдісі

Сұрақ-жауап, мақал-мәтелдер

Сабақтың барысы

1) Ұйымдастыру кезеңі

Шаттық шеңбері:

Бірлік болмай, тірлік болмас,
Деген сөзді есте сақтап,
Татулықты әркез сақтап,
Білімге құштар болайық.

2) Үй тапсырмасын тексеру

Үй тапсырмасы «Шелекке балық жинау» ойыны арқылы сұралады.

3) Жаңа сабақ

Бүгінгі сабағымыз ерекше өтеді. Біз ата-бабаларымыз өмір сүрген кезеңдегі киіз үйден бастап, қазіргі өміріміздегі тұрғын үйге дейін түрлі кедергілерден өтіп жетуіміз керек.

Кедергілерде жасырылған тапсырмаларды орындауға дайынсыңдар ма? Ендеше саяхат сабағын бастамас бұрын үш топқа бөлінейік: I — нүкте, II — сұрақ белгісі, III — леп белгісі.

I кедергі: Таусоғар

Кеше: тауды қопарған күш иесі • Бүгін: экскаватор

Тапсырма: сөзжұмбақ шешу.

II кедергі: Желаяқ

Кеше: өте жылдам адам • Бүгін: көліктер

Мұғалім «Жеті ата» өлеңін мәнерлеп оқиды. Оқушылар өлеңді тізбектей оқиды.

3 оқушыдан сұрақ-жауап алынады:

  • Адамның өз жұртына кімдер жатады?
  • Жеті атаға кімдер жатады?

III кедергі: Саққұлақ

Кеше: бәрін тез еститін • Бүгін: телефон

Ойын: «Керемет 7 сан».

IV кедергі: Ұшатын кілем

Бүгін: ұшақ

Сергіту сәті: «Әлемнің жеті кереметі» туралы бейнежазба көру.

V кедергі: Хат тасушы ақ кептер

Бүгін: пошта

Дәптермен жұмыс: 141-жаттығу. Өлеңді көшіріп жазу.

Сұрақ: Нүкте не үшін керек?

VI кедергі: Бұрынғы балгер

Бүгін: дәрігер

Тапсырма: ережені түсіндіріп айту.

VII кедергі: Тақтамен жұмыс

Ойын: «Кел, ойнайық!»

Адасқан сөйлемдерді тиісті «үйшіктеріне» орналастыру.

Саяхат сабағымыз осымен аяқталды. Сабақ барысында ата-бабамыз көптен армандаған тұрғын үйге де жеттік.

4) Сабақты қорытындылау

Өткен тақырып бойынша сұрақ-жауап жүргізіліп, негізгі ұғымдар бекітіледі.

5) Үй тапсырмасы

«Жеті ата» тақырыбын мәнерлеп оқып келу.