Ең үздік жас тәрбиеші

Болашақтың бағдары да, келешектің кемеңгерлері де — балалар. Сондықтан саналы, өскелең ұрпақ тәрбиелеу — тәрбиешінің ең жауапты міндеті.

«Ең үздік жас тәрбиеші — 2012» байқауы

Білім бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісі Қ. Көпбаеваның басшылығымен және әдіскер Б. Алимбаеваның жетекшілігімен Байзақ ауданы, Сарыкемер ауылындағы «Балапан» балабақшасында 18 балабақша арасында «Ең үздік жас тәрбиеші — 2012» байқауы ұйымдастырылды.

Баланың ой-өрісін дамытуға, қиялына қанат бітіріп, тіл байлығын молайтуға балабақша тәрбиешілерінің қосар үлесі орасан. Кеше ғана тәй-тәй басқан бүлдіршіннің қоғаммен алғашқы қарым-қатынасы да көбіне балабақшадан басталады.

Тәжірибе алмасу және кәсіби шыңдалу

Байқау барысында жас тәрбиешілер тәжірибе алмасып, балалардың ой-өрісін кеңейтуге бағытталған түрлі білім үлгілерін көрсетті. Қатысушылар өздерінің шығармашылық қабілеттерін жан-жақты танытып, кәсіби шеберліктерін нығайта түсті.

Байқау кезеңдері

Байқау төрт шарт бойынша ұйымдастырылды:

  1. 1
    Теориялық бөлім: тест тапсырмалары.
  2. 2
    Таныстыру: қатысушының өзін және жұмыс бағытын таныстыруы.
  3. 3
    «Тәуелсіздік — тірегім»: жанкүйерлердің көмегімен сахналық қойылым.
  4. 4
    «Өнерлі өрге жүзеді»: шығармашылық өнер көрсету.

Қатысушылардың шеберлігі

Байқауға 15 тәрбиеші қатысып, өздерін жан-жақты көрсете алды. Педагогқа тән сыпайылық пен инабаттылықты ұштастыра отырып, өнерімен де, шеберлігімен де, білімімен де көпшілікті тәнті етті.

Қазылар пікірі

Байқауды қорытындылау кезінде білім бөлімінің әдіскері Б. Алимбаева жас педагогтардың қарапайымдылықпен көпшілікке жақындай білгенін, әртүрлі өнерімен таңғалдырғанын және ішкі жан дүниесін ашып көрсете отырып, жақсы қасиеттерін айқын танытқанын атап өтті.

Жеңімпаздар мен марапаттар

БАС ЖҮЛДЕ
Дәкенова Тұрсынай
«Балауса» балабақшасы
«Ең үздік жас тәрбиеші — 2012» байқауының жеңімпазы атанып, бағалы сыйлықпен марапатталды.
МАРАПАТТАР
  • ІІ дәрежелі мақтау грамотасы: «Балапан» балабақшасы — Р. Аманжолова
  • ІІІ дәрежелі мақтау грамотасы: «Ақбота» балабақшасы — Бекназарова Ақерке
  • Мақтау грамоталары: «Айнұр» балабақшасы — Темірқұлова Ақмарал; «Балбөбек» балабақшасы — Әшенова Манар
  • «Шығармашыл педагог» номинациясы: «Марзия апа» балабақшасы — Базилбаева Раушан

Барлық қатысушы жас тәрбиешілер естелік ретінде құнды сыйлықтармен марапатталды. Жас мамандардың кәсіби қызметке бейімделуін жетілдіру мақсатында ұйымдастырылған бұл байқау нәтижесінде педагогтар өздеріне қажетті қасиеттерді бойларына сіңіре алды деп тұжырымдаймыз.

Байқауға қатысқан педагогтарға алғыс білдіреміз және алдағы уақытта биік белестерден көрінулеріне тілектестігімізді білдіреміз.