Лондон туралы жаңа ақпарат алу
М.Құсайынов атындағы Ақтөбе облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернаты
Ағылшын тілі пәні мұғалімі: Казкенова Назгуль Сериккалиевна
Пән
Ағылшын тілі
Сынып
7
Тақырып
Sights of London
Сабақтың мақсаты
- Ұлыбритания мемлекетіне жалпы шолу жасап, өткен материалды қайталау.
- Лондон туралы жаңа ақпарат алу.
- Сөздік қорды молайту.
- Өзге елдің тілі мен салт-дәстүрін құрметтеуге, адамгершілікке тәрбиелеу.
- Ауызша сөйлеуді дамыту, жылдам ойлауға, есте сақтауға және өз ойын толық жеткізуге үйрету.
Күтілетін нәтиже
Білім мен дағды
- Тақырып бойынша білімін кеңейтеді.
- Ауызша сөйлеу және есте сақтау қабілеттері дамиды.
Қарым-қатынас
- Бір-бірін тыңдай білу мәдениеті қалыптасады.
- Топ ішінде достық қарым-қатынас нығаяды.
Сабақ құрылымы
Ұйымдастыру кезеңі
3 минутТопқа бөлу (4 топ)
- England — a red rose (роза)
- Scotland — a thistle (чертополох)
- Wales — a daffodil (нарцисс)
- Northern Ireland — a green shamrock (трилистник)
Топ ережелері
Бірін-бірі тыңдау, пікірді сыйлау, уақытты сақтау, топтық жұмыста белсенді болу.
Қызығушылықты ояту
2 минутЕкі ребус: London және Thames.
Мағынаны ашу
35 минутТоптық сұрақтар (әр ел туралы)
Әр топ өз елі туралы 5 сұрақ дайындайды. Дұрыс жауап үшін 1 жұлдызша беріледі.
- 1-топ: England
- 2-топ: Scotland
- 3-топ: Wales
- 4-топ: Northern Ireland
A) Пазл: Лондонның көрікті жерлері
Әр топ өзіне берілген нысан бойынша пазл құрастырып/шешеді.
1-топ
Houses of Parliament and Big Ben
2-топ
Tower of London
3-топ
St. Paul’s Cathedral
4-топ
Buckingham Palace
B) Интернет арқылы зерттеу
Оқушылар интернеттен берілген көрікті орындар туралы мәлімет тауып, қысқаша таныстырады.
C) Мәтінмен жұмыс: “Sights of London”
Әр топ өзіне берілген мәтінді оқып, түсініп, кейін басқа топтарға мазмұнын ауызша жеткізеді.
1-топ
Trafalgar Square
2-топ
Westminster Abbey
3-топ
London Eye
4-топ
Windsor Castle
D) Қосымша тапсырмалар
Шығармашылық тапсырмалар топтың зерттеу нәтижесін бекітуге көмектеседі.
1-топ
Лондонның көрікті жерлері туралы постер жасау.
2-топ
Queen-нен сұхбат алу (рөлдік ойын).
3-топ
Интернетті пайдаланып PowerPoint-та слайд-шоу әзірлеу.
4-топ
Лондон тақырыбы бойынша ребус немесе кроссворд құрастыру.
E) Бейнематериал қарау
YouTube: “10 attractions of London” — Лондонның 10 көрікті жері туралы бейне.
Ой толғаныс
3 минутF) Жазба жұмысы: “10 attractions of Kazakhstan” — Қазақстанның 10 көрнекті жері туралы қысқаша мәтін жазу.
Бағалау
1 минутЖұлдызшасы көп жиналған топ мүшелері және сабаққа белсенді қатысқан оқушылар бағаланады.
Үй тапсырмасы
1 минутTo write an essay about the sights of London.