Мамандармен пікірлесу
Тәрбие сағатының мақсаты мен міндеті
Мақсаты
Оқушыларға уақыт талабына сай дұрыс мамандық таңдауға бағыт-бағдар беру, әр мамандықтың қызығы мен қиындығы қатар жүретінін терең ұғындыру. Ойлау қабілетін дамыту, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.
Міндеті
Қазіргі заманға қажетті кәсіпті саналы таңдауға тәрбиелеу және қоғамдағы әртүрлі мәселелерді еңсере алатын, жауапкершілігі жоғары тұлға қалыптастыру.
Нысаналы аудитория
9-сынып оқушылары. Сабақ форматы — ашық тәрбие сағаты, пікір алмасу және мамандармен сұхбат.
Жоспар
I. Ұйымдастыру
- Шоуға қатысатын қонақтар мен оқушылардың дайындығын бақылау, қадағалау.
- Тәрбие сағатының тақырыбы, мақсаты және өту барысымен таныстыру.
II. Негізгі бөлім
Құрметті қонақтар
- Кітапханашы
- Кәсіпкер-тігінші
- Машинист
- Өрт сөндіруші
- Кәсіптік лицей мұғалімі
Формат
- Мамандармен пікірлесу, сұрақ-жауап.
- Өнерлі қонақтардың нөмірлері.
- Бейнематериал көрсету.
III. Қорытынды
Көңіл ашар би
Орындаушылар: Асылбек, Мөлдір, Сүндет, Айдана.
Жүргізушілер
1-жүргізуші: Ыбырай Сахиев
2-жүргізуші: Асылан Мәтенов
Идеялық желі
Тәрбие сағаты телешоу үлгісінде ұйымдастырылып, оқушының таңдауына әсер ететін ойлы диалог пен нақты тәжірибеге сүйенеді.
Кештің ашылуы: жүргізушілер сөзі
Қошемет және таныстыру
1-жүргізуші: Армысыздар, құрметті көрермендер, ұстаздар мен оқушылар!
2-жүргізуші: Қош келдіңіздер, бүгінгі кештің қадірлі қонақтары!
1-жүргізуші: «ХАБАР» телеарнасындағы «Кеш қалмаңыз!» бағдарламасының желісімен 9 «В» сыныбында өтетін «Керек кәсіп бәрі де...» атты ашық тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер.
2-жүргізуші: Ең алдымен, бүгінгі шоудың жүргізушілерімен таныс болыңыздар! Мектебіміздегі дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі, 9-сынып жетекшісі — Сахиев Ыбырай Базарбайұлына қошемет көрсетейік!
1-жүргізуші: Білімді, парасатты, мектеп мақтанышы — Мәтенов Асылан Мерекешұлына да үлкен қошемет!
Негізгі ой
2-жүргізуші: Әр адам өз қабілеті мен икеміне сай мамандық таңдауы тиіс. Бүгінде нарықтық экономиканың жоғары қарқынын жалғастыра алатын білікті кадрларды даярлау мәселесі күн тәртібіне шықты.
Ауыл шаруашылығын дамыту үшін де сан алуан мамандық қажет.
1-жүргізуші: Ендеше, қай мамандықты және қандай кәсіп жолын таңдау дұрыс деген мақсатта әркім өз пікірін білдіріп, ой толғайды. Бүгін залымызда тәжірибелі мамандар мен іскер кәсіпкерлер қонаққа келіп отыр. Олар өз мамандықтары туралы ой бөліседі.
Өзек идея
Кәсіп таңдау — бір күндік шешім емес; ол қызығушылық, қабілет, еңбек және жауапкершілікке сүйенетін ұзақ жол.
Оқушылар пікірі: мамандық таңдаудағы көзқарастар
Әсем
Мен үшін мамандық таңдау оңай емес. Ата-анам мұғалім немесе дәрігер болуымды қалайды. Ауыл шаруашылығы саласы қыз балаларға ауыр көрінуі мүмкін, ал мұнай саласы да жеңіл деп айту қиын. Жалпы кез келген саланың өз қиындығы бар. Бірақ адамның белгілі бір мамандықты игеруге ынта-ықыласы болса, алынбайтын асу жоқ.
Ата-анам көп ақылдасады: «Кейін өкініп қалма» дейді. Мен экология саласының маманы болуға талаптанамын, бұл ниетімді олар да қолдайды.
Ж. Айдана
Менің ойымша, ел жастары Қазақстанның қай өңірінде жүрсе де экономиканы дамытуға қажет мұнайшы, эколог, инженер, геолог секілді мамандықтарды таңдағаны жөн.
Сонымен бірге шет тілдерін меңгеріп, шетелдіктермен еркін сөйлесе алатын деңгейге жету маңызды. Бұл — нарық талабы. Менеджмент негіздерін игермей, заманауи еңбек нарығында алға шығу қиын екенін жастар жадында ұстаса деймін.
А. Айдана
Компьютерді жетік меңгерумен қатар, интернет мүмкіндіктерін тиімді пайдаланудың қыр-сырын үйрену керек деп ойлаймын. Бірнеше шет тілін білу — үлкен артықшылық. Дегенмен ең алдымен ана тілімді сауатты меңгеруім қажет.
Мен таңдаған бағыт — техник-программист мамандығы.
Ой түйін
«Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға шомылып қырдан аса алмайсың», — деген Бауыржан Момышұлының сөзі мамандық таңдауда да өзекті. Арманға жетудің жолы — жүйелі еңбек, білім және табандылық.
2-жүргізуші: Барлық кәсіптің де оңайы жоқ дейсіз ғой?
1-жүргізуші: Бұл сұраққа жауапты бірге іздейік. Ендеше бейнеэкранға назар аударайық.
Алғашқы қонақ: кітапханашы тәжірибесі
Қонақ туралы
- Кеш қонағы
- Алтын Жұмаш Төлеуқызы — кітапханашы
- Өмірлік ұстанымы
- «Адам ынтамен жұмыс істесе, жұмысы жеңілдеп, нәтижесі артады».
- Сахнаға шақыру
- 2-жүргізуші: Алтын апайды қошеметпен сахна төріне шақырамыз! (қонақ өз пікірін айтып, оқушылардың сұрақтарына жауап береді)
Бейнематериал: дерек пен мақсат
Жадыра: Сәлеметсіздер ме, құрметті көрермендер! «Еңбек мұратқа жеткізер, жалқаулық абырой кеткізер», — деген атақты күрішші Ыбырай Жақаевтың сөзі — бүгінгі кештің өзегі.
Сағыз селолық округі әкім аппаратының деректеріне сүйенсек, ауылымызда 20 кәсіпорын және 137 тіркелген жеке кәсіпкер бар. Бұл — жергілікті еңбек пен кәсіпкерліктің әлеуеті жоғары екенін көрсетеді.
9 «В» сыныбында мамандыққа бағдар беру мақсатында ұйымдастырылған «Керек кәсіп бәрі де...» атты ашық тәрбие сағатына бейнематериал дайындадым. Себебі мен болашақта журналист мамандығын таңдағым келеді және осы бағытта тәжірибе жинап жүрмін.
Көрсетілім
Бейнеэкранға назар аударайық. Дайындаған: Ы. Сахиев