Барып көр Қисықбасқа анау сайда
Ахмет Байтұрсынов
Орманнан Қасқыр келді елге қашып,
Алақтап, не қыларын білмей сасып.
Соңынан бір топ аңшы қиқу салып,
Ит қосып келе жатыр шапқыласып.
Жалынып Қасқыр сонда Мысыққа айтты,
Шетінде бір ауылдың ұшырасып:
Мысықжан! Бұл жердегі жұрттар қандай?
Жау қуып келе жатыр арттан қалмай.
Ит үрген, қиқу салған адамдардың
Дауысын естимісің тартқан керней?
Айта көр, қайырымды ер бар болса
Тасалап мені жаудан құтқарғандай! .
Бара көр, - Мысық айтты, - Қоянкөзге,
Жігіт кем ер көңілді одан өзге.
Адамды анау - мынау тоқтатарлық
Өзінің ебі де бар сөйлер сөзге .
Оны қой, - Қасқыр айтты, - ол жасырмас,
Жеп едім бір ту қойын өткен күзде .
Бара көр, олай болса, Құрамысқа,
Адам жоқ жасыруға онан ұста.
Шамасыз өзі асқан жақсы жігіт,
Жалғыз - ақ тоны келте, қолы қысқа .
Мысықжан, оны да қой, өзгесін айт,
Жеп едім бір лағын былтыр қыста .
Иесі анау үйдің Көпберген бай,
Жақсылық, жамандықты көп көрген бай.
Қонақжай, өзі асқан дәулетті адам,
Жатсаң да, ауырламас, бірнеше ай .
Баруға, - Қасқыр айтты, - жүрексінем,
Оның да қозыларын жеп ем талай .
Білмеймін сілтерімді енді қайда!
Барып көр Қисықбасқа анау сайда.
Болғанмен басы қисық, өнері көп,
Әр түрлі табылады онан айла .
Мысықжан, оны да айтып әуре болма,
Жеп едім бір бұзауын өткен айда .
Мен қайран, - Мысық айтты, - істеріңе!
Залалдан басқа нәрсе істедің бе?
Байдың көбі, жарлының жалғызы да
Тиіпті, тыңдап тұрсам, тістеріңе.
Зараргер жұртқа тегіс болып әбден,
Енді не іздеп келдің іштеріне?!
Жынды жоқ сені аман құтылдырып,
Алғандай бәле тілеп үстеріне.
Не ексең, соны орарсың деген сөз бар,
Ор енді егініңді піскенінде! .
Ахмет Байтұрсынұлының өлеңдері, өмірбаяны
Ахмет Байтұрсынов өмірі мен шығармалары
А.Байтұрсынов аудармаларының маңызы
Қазақ тіліндегі есімдіктердің пайда мен есімдіктердің даму тарихы туралы ғалымдардың пікірінен мағлұмат беру және есімдіктердің өзіндік ерекшелігін танытудың жолдарын айқындау
Шәкәрім Құдайбердіұлы (1858-1931) туралы ақпарат
Жұмбақ сөзді санамақтар
Есімдік сөз табының ғылыми негізі
Мұхтар әуезов "Көксерек"
Батыр Баян поэмасындағы антропонимдер
Мұхтар Әуезов синонимдерді қолдануда стилистикалық бояумен әшкелеудің шебері
Ұлттық шешендік өнердің қалыптасуы мен дамуына би- шешендердің қосқан үлесі
Коммерциялық ақпарат пен коммерциялық кұпия мәні және оны қорғау
ҚОРҚЫТ туралы
Негізгі қорларды қйта жандандыру тәсілі – күрделі қаржыны жұмсау
Тауарлық – материалдық қорлар есебі мен аудиті және олардың жетілдіру жолдары
Ерекше қорғалатын табиғи территориялар экотуризм дамуы Ақсу-Жабағлы қорығы
Мұхитты экологиялық қорғау жолдары
Негізгі қорлардың амортизациясын анықтау әдістері және олардың кәсіпорынның негізгі капиталын жаңартудағы ролі
Корпаративтің ақша айналымын және есеп айырысу жүйесі
Ақша қаражаттарының қоры қаржы қатынастарының материалдық-заттық көрінісі ретінде
Екінші деңгейлі банк клиенттеріне есеп-кассалық қызмет көрсетулер