Сын есімнің сұрақтарын тап

Сабақтың тақырыбы: сын есім

Бұл сабақта оқушылар сын есім туралы білімін кеңейтіп, оны мәтіннен табуға, сұрақ қоюға және сын есіммен байланысатын сөздерді анықтауға үйренеді.

Білімділік

  • Сын есім туралы берілген білімді кеңейту.
  • Сын есімді табуға және оған сұрақ қоюға үйрету.
  • Сын есімдермен байланысты сөздерді табуға машықтандыру.

Дамытушылық

  • Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту.
  • Байқағыштығын арттыру.
  • Сөздік қорын байыту.

Тәрбиелік

  • Ана тілін сүюге және құрметтеуге тәрбиелеу.
  • Әдептілікке баулу.
  • Ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақ туралы қысқаша мәлімет

Сабақтың түрі

Аралас сабақ.

Сабақтың әдістері

Сұрақ-жауап, түсіндіру, мәнерлеп оқу, әңгімелеу.

Көрнекіліктер

Интерактивті тақта, суреттер.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық дайындық.

Қазақ тілім — өз тілім, ана тілім,
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұл-қызым мәңгі сені,
Болашағым, бақытым — дара тілім.

II. Үй тапсырмасын тексеру

Тапсырмалар:

  • Сөз таптарын атау.
  • Ережелеріне тоқталу және мысал келтіру.

III. Жаңа сабақ: сын есім

Анықтама: Заттың түрін, түсін, сапасын білдіретін сөздерді сын есім дейміз.

Сын есімдерге қандай? және қай? деген сұрақтар қойылады.

әсем жұмсақ қызыл қою ащы үлкен

1) Дәптермен жұмыс

Көркем жазу.

2) Оқулықпен жұмыс

1-жаттығу.

Сұрақ бойынша қоянды сипатта

Төмендегі сұрақтарға жауап бере отырып, сын есімдерді анықта.

  • Қоян қайда жүреді?
  • Қоянның түсі қандай?
  • Қоянның құлағы қандай?
  • Қоянның терісі қандай?
  • Ол неден қорқады?

Қорытынды сұрақ: Сын есімнің сұрақтарын тап. Осы сұрақтарға жауап беру үшін қандай сын есімдерді қолдандың?

IV. Сергіту сәті

Шаршадым — «Ух» деп,
Ренжідім — «Туф» деп,
Қорықтым — «Ай» деп,
Қуандым — «Ха-ха» деп.

Автор туралы мәлімет

Қала
Арқалық қаласы
Мектеп
Целинный негізгі мектебі
Мұғалім
Бастауыш сынып мұғалімі — Хамзина Айман Кубландиновна