Тәуелсіздік - айбарым
Қазақстан тәуелсіздік жылдарында: сабақ мақсаты мен мазмұны
Бұл мәтін тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу жолын, мемлекеттің халықаралық қоғамдастықтағы орнын және сол кезеңдегі тарихи-саяси өзгерістерді талдауға бағытталған конференция-сабақтың мазмұнын ұсынады.
Білімділік
Қазақстанның тәуелсіздікке қол жеткізуінің күрделілігін, оны нығайту жолындағы жетістіктер мен қиындықтарды, сондай-ақ халықаралық ұйымдар аясындағы саяси дамудың ерекшеліктерін талдау.
Дамытушылық
Тарихи оқиғалар мен саяси өзгерістерді дұрыс талдап, тұжырым жасауға үйрету; деректер мен зерттеулерді өз бетінше оқып, мақсатқа сай қолдану дағдысын қалыптастыру.
Тәрбиелік
Ұлттық сана-сезімнің өсуінің маңызын ашу арқылы ұлтжандылыққа, елін сүюге, адамгершілікке, бірлік пен ынтымақтастыққа баулу; достық сезімін тәрбиелеу.
Сабақтың түрі
Конференция
Мұғалімнің кіріспе сөзі
Бүгінгі сабағымыздың мақсаты — Қазақстанның дербес мемлекет ретінде дүниежүзілік қоғамдастыққа ену арқылы, әртүрлі деңгейдегі халықаралық ұйымдарға мүше болудың елдің мемлекеттік мәртебесін көтеретінін дәлелдеу.
Тәуелсіздік туралы ой: тарихи жауапкершілік
Дүниежүзі қазақтары құрылтайындағы сөзден үзінді (Н. Ә. Назарбаев)
Бүгінгі бостандық, бүгінгі тәуелсіздік өзінен-өзі келіп, басымызға қона қойған жоқ. Азаттық үшін миллиондаған адамдардың қаны төгілді, жаны қиналды, жазықсыз зардап шекті. Сол үшін ата-бабамыз өмір бойы күресті. Тәуелсіздік, азаттық — қасиетті сөз, қастерлі киелі ұғым. Тәуелсіздіктің туын жықпау — өз қолымызда.
Бағдарлама жүргізушісінің сөзі: тәуелсіздік кезеңінің негізгі белестері
Қайырлы күн! Хабарымызға қош келдіңіздер. «Саяси көзқарас» бағдарламасын бастаймыз. Мемлекетіміз бүгінде әлемдік деңгейде көптеген өркениетті елдермен терезесі тең.
1991 ж. 16 желтоқсан: Қазақстан тәуелсіз, демократиялық мемлекет болу мүмкіндігіне ие болды.
1991 ж. 1 желтоқсан: өткен сайлауда Қазақстан Республикасының Президенті болып Н. Ә. Назарбаев сайланды.
1991 ж. 10 желтоқсан: Н. Ә. Назарбаев Республика сарайында салтанатты түрде ант қабылдады.
1992 ж. 4 маусым: Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері қабылданды.
1997 ж. 10 қазан: Н. Ә. Назарбаев 2030 жылға дейінгі стратегиялық даму бағдарламасын қабылдап, халыққа жариялады.
Тәуелсіздік туралы поэтикалық үн
Тәуелсіздік — айбарым!
Тәуелсіздік — Әнұраным һәм Елтаңбам, көк байрағым Алатаудан әрі асқан.
Тәуелсіздік — ортақ мекен сан ұлтқа, дос пейілді туыстығы жарасқан!
Тәуелсіздік — ата-баба арманы, Алты Алаштың мақтан тұтар айбары!
Тәуелсіздік — қанмен келген құндылық.
Тәуелсіздік — жас ұрпақтың ертеңі, білім қуып, талабымен өрге озған!
Тәуелсіздік — мақтанышым, айбарым, бар қазақтың тәу ететін киесі!
Қонақтар құрамы
Хабарымызға келген қонақтармен таныстыруға рұқсат етіңіздер:
- 1 Саясаткерлер
- 2 Тарихшылар
- 3 «Заң және біз» газетінің тілшілері
- 4 «Егемен Қазақстан» газетінің тілшілері
- 5 «Жас Алаш» газетінің тілшілері
- 6 «Қазақстан Заман» газетінің тілшілері
Талқылау тақырыбы: Семей полигонының қасіреті
ХХ ғасыр ядролық қару секілді аса қауіпті құбылысты дүниеге әкелді. Соның салдарынан сынақтар жүргізіліп, арнайы полигондар пайда болды. Мұндай қасірет әлемнің көптеген өңірін шарпыды, соның ішінде қазақ жері де зардап шекті. Әсіресе халқымыздың аяулы перзенттері дүниеге келген Семей өңірі ауыр сынақтың салдарын бастан өткерді.
Семей ядролық полигонының қасіреті мен зардаптары туралы баяндауды саясаткерлерден сұраймыз.