Ондык болшектерді азайту

Сабақ туралы қысқаша мәлімет

Сынып:
5-сынып
Сабақтың тақырыбы:
Ондық бөлшектерді азайту
Сабақтың типі:
Өткен тақырыпты бекіту
Сабақтың түрі:
«Керуен — саяхат» сабақ

Сабақтың мақсаттары

  • Жалпы мақсат: халқымыздың өткен тарихына көз жүгірте отырып, ұлттық өнер мен халықтық кәсіпті таныту; оны үйреніп, бағалай білуге баулу.
  • Дамытушылық: ежелгі дәстүрді насихаттай отырып, оқушыларды алғырлыққа және тез ойлауға үйрету.
  • Білімділік: ондық бөлшектерді азайту ережелерін әртүрлі есептер шығаруда қолдану, өткенді бекіту.
  • Тәрбиелік: дәлдікке, ұқыптылыққа, шыдамдылыққа және сынып намысын қорғауға тәрбиелеу.

Сабақтың барысы

  1. 1-қадам
    Ұйымдастыру

    Сабаққа дайындық, топтық жұмысқа көңіл күй қалыптастыру.

  2. 2-қадам
    Үй жұмысын тексеру

    Өткен тақырып бойынша түсінікті нақтылау.

  3. 3-қадам
    Тарихқа шолу

    Ұлы Жібек жолы туралы әңгіме арқылы сабақтың сюжеті құрылады.

  4. 4-қадам
    Бекіту

    Есептер, тапсырмалар, ауызша сұрақтар және қорытынды.

Саяхаттың сюжеттік желісі: Ұлы Жібек жолымен

VII ғасырдан бастап XII ғасырға дейін Ұлы Жібек жолымен «дала кемесі» атанған түйелер керуені шөл мен құмды алқаптарды кесіп өтетін. Түйе ауыр жүкке төзімді, шөлге шыдамды, ұзақ жолға өте қолайлы. Жолдың бір шеті — Үндістан, екінші шеті — Қытай. Ұзындығы шамамен 7 мың шақырым болған бұл жолмен Қытайдың жібегі тасылғандықтан, «Жібек жолы» деп аталған.

Бүгінгі сабақта біз мектептен Қытай еліне керуен болып сапар шегеміз. Әр оқушыға нақты міндет беріледі — бұл саяхаттағы жауапкершілік пен бірлескен жұмыстың үлгісі.

Рөлдер мен міндеттер

  • Керуенбасы — керуенді бастап жүретін адам (мұғалім).
  • Түйекеш — түйелерді дайындап, күтіп-бағу: Қымызбаев Р., Ахметов Е.
  • Көріпкел — жолды болжау, бағыт көрсету: Сейпілова А.
  • Кірекеш — керуеншілерге ас дайындау: Нұрділдина А.
  • Қолдай — қорғаушылар: Әбенов А., Төменов А., Мұхамбетжанов А.
  • Жаушы — қалаға кіруге рұқсат сұраушы: Аманиязов А.
  • Сайрам әміршісі — Сұлтанова Қ.
  • Қытай әміршісі — Нұрдәулетова Тоғжан.

1-бекет: Керуенді дайындау (теңдеулер)

Жолға шығар алдында түйекештер «түйелерді дайындау» үшін төмендегі тапсырмаларды орындайды:

Теңдеу 1
2,5 − x = 1,4
Теңдеу 2
x − 4,15 = 25,12

Осыдан кейін керуен жолға дайын деп есептеледі.

2-бекет: Сайрам қаласы (ондық бөлшектерді азайту)

Сайрам қаласында әртүрлі әшекейлер сатып алу үшін есептерді шығарамыз:

Сырға
2 − 0,89
Жүзік
4 − 1,02
Білезік
36,8 − 12,5
Моншақ
74,5 − 15,37

Керуенбасы: «Олжалы болдық! Енді келесі жолға шығайық».

Қаладан шығу шарты (қосынды табу)

Қала әміршісі керуеншілерге шарт қояды:

Бірінші сан — 7. Екінші сан — одан 5,1-ге кіші. Осы екі санның қосындысын табыңдар.

Жолдағы қауіп: «қарақшылар» (қосымша тапсырмалар)

Көріпкелдің болжамы бойынша, жолда қиындық тууы мүмкін. Сондықтан төмендегі азайту есептерін орындаймыз:

Есеп 1
4,07 − 3,125
Есеп 2
6 − 0,89
Есеп 3
9,45 − 2,356

Сергіту сәті (физкультминутка)

Жол ұзақ, күн ыстық. Ас дайын болғанша қысқа сергіту жаттығуын жасаймыз: дұрыс жауапта — оңға, бұрыс жауапта — солға бұрыламыз.

  • 1) Нөлге бөлуге болмайды.
  • 2) 2 — тақ сан.
  • 3) 197 — жұп сан.
  • 4) 60 : 10 = 600.
  • 5) 1,5 — жай бөлшек.
  • 6) 8,2 — ондық бөлшек.

Қытай еліне кіру: «әміршінің тапсырмалары»

Жаушы Қытай еліне кіруге рұқсат сұрайды. Әмірші рұқсат бермес бұрын келесі амалдарды орындауды талап етеді:

0,52 + 1,36
4,27 − 1,5
8 + 6,4
1,1 − 0,12
6,3 + 5,2
7 + 2,3
5,6 − 3,6
7 − 5,4
12 − 0,1
2 − 1,4
9 − 0,15
9 + 5,2
8 − 1,11
1 − 0,196
2,6 − 9,2
8 − 3,4
11 − 4,2
4,5 + 6,2
11 − 4,5
169 − 42,4
7,4 + 1,02
9 − 2,15
12,35 − 4,18
6,13 + 7,17

«Басқа елде сұлтан болғанша — өз еліңде ұлтан бол»

«Туған елдей ел болмас, туған жердей жер болмас»

Қорытынды сұрақтар (рефлексия)

Керуеншілердің сапардағы мақсаты — сауда-саттық. Біз «кілемдерімізді саттық» деп есептеу үшін төмендегі сұрақтарға жауап береміз:

  1. 1) Ондық бөлшек дегеніміз не?
  2. 2) Ондық бөлшектерді қалай салыстырамыз?
  3. 3) Бөлшектердің қандай түрлерін білесіңдер?
  4. 4) Ондық бөлшектерді қалай қосамыз және қалай азайтамыз?

Жұматова А. сабақ барысында ондық бөлшектерге қатысты қысқаша тарихи мәлімет береді.

Сабақты аяқтау

Қорытынды

Осылайша қысқа да қызықты саяхатымыз аяқталды. Сабақ ұнады ма? Енді мектебімізге қайта ораламыз. Жол бойы қандай есептерді кездестіріп, қалай шығарғандарыңды еске түсірейік.

Үй тапсырмасы және бағалау

  • Үй тапсырмасы: әр оқушы 8 есептен тұратын шағын тест дайындап келеді.
  • Бағалау: сабақтағы белсенділік, есеп шығару дәлдігі және топтық жұмыс нәтижесі бойынша.