Рухани жаңғыру
Қош келдіңіздер!
Құрметті ұстаздар мен оқушылар, «Рухани жаңғыру: Болашаққа бастар жол» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!
Отан туралы ой
Отан дейміз от жаққан жерімізді,
Отан дейміз өсірген елімізді.
Отан дейміз туған жер, атамекен —
Биік тау, орман, тоғай, көлімізді.
Отанның шеті де жоқ, шегі де жоқ,
Ол бірақ өз үйіңнен басталады.
Патриотизм — қасиетті парыз
Өз Отаныңның, өз еліңнің патриоты болудан асқан мәртебе бар ма? Сайын даланы бабаларымыз көздің қарашығындай сақтап, найзаның ұшымен, білектің күшімен қорғап, бізге аманат етті. Сондықтан осындай алып Отанды сүйіп өту — әрқайсымыз үшін парыз әрі қасиетті міндет.
Отанды сүю оның әрбір тасын сүюден басталады. Туған анаңа, туған жұртыңа деген махаббат — елге деген сүйіспеншілікке ұласады. Қазақстан жерін ежелден қоныстанған ел — қазақ халқы: ержүрек, достыққа адал, бауырмал, қонақжай халық.
Тәуелсіздік жылнамасы
Тәуелсіздік алғаннан бергі тарихи белестерді еске түсірейік.
1991 жыл, 16 желтоқсан
Қазақ халқы азаттық жолындағы екі жарым ғасырлық үздіксіз күрестен кейін мемлекеттік тәуелсіздікке қол жеткізді.
1991 жыл, 1 желтоқсан
Тұңғыш Президентті бүкілхалықтық сайлау өтіп, нәтижесінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев мемлекет басшысы болып сайланды.
1993 жыл, 28 қаңтар
Егемен Қазақстанның тұңғыш Конституциясы қабылданды.
1995 жыл, 30 тамыз
Қазақстанның жаңа Конституциясы қабылданды.
1997 жыл, 10 қазан
Президент Жарлығымен ел астанасы ретінде Ақмола жарияланды.
1997 жыл, 11 қазан
Президент Н. Ә. Назарбаев Қазақстан халқына «Қазақстан — 2030» Жолдауын ұсынды.
Жолдаулар және жаңғыру бағыты
Мемлекет басшысы жыл сайын Қазақстан халқына Жолдау арнайды. 2017 жылғы 31 қаңтардағы Жолдаудың өзегі — «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік».
Осы бағыт аясында «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы жарияланып, қоғамды рухани жаңғыртудың басым идеялары кеңінен насихаттала бастады.
«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының құрылымы
Кіріспе
Мақаланың идеялық бағытын айқындайтын түйін ойлар.
I бөлім
XXI ғасырдағы ұлттық сана және жаңғырудың мәні.
II бөлім
Таяу жылдардағы нақты міндеттер мен басымдықтар.
5-сынып оқушыларының пікірлері: 6 қағида
Төменде мақаладағы басты идеяларға қатысты оқушылардың ой-толғамдары берілді.
1) Бәсекелік қабілет
Бүгінгі таңда табысқа жету үшін жеке адам ғана емес, тұтас ұлттың да бәсекелік қабілетін арттыруы қажет.
2) Прагматизм
Жаңғыру жолында атадан мирас болған ізгі қасиеттерді қайта түлету маңызды. Прагматизм — ұлттық және жеке байлығыңды нақты білу, оны үнемді пайдалану, болашағыңды жоспарлай алу; ысырапшылдық пен даңғойлыққа жол бермеу.
3) Ұлттық бірегейлікті сақтау
Ұлттық жаңғыру — ұлттық сананың кемелденуі. Салт-дәстүріміз, тіліміз, музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз — бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз мәңгі сақталуы тиіс.
4) Білімнің салтанат құруы
Білімді, көзі ашық, көкірегі ояу болуға ұмтылу — қанымызға сіңген қасиет. Табыстың ең іргелі факторы — білім екенін әркім терең түсінуі керек: білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана биік нәтижеге жетеді.
5) Революциялық емес, эволюциялық даму
Тарих көрсеткен бұлтартпас ақиқат: ұлттың өркендеуіне мүмкіндік беретін жол — сабақтастыққа негізделген эволюциялық даму.
6) Сананың ашықтығы
- Әлемде және өз еліміздің айналасында болып жатқан үдерістерді түсіне білу.
- Жаңа технологиялар ағыны алып келетін өзгерістерге дайын болу.
- Өзгелердің тәжірибесін игеріп, озық жетістіктерді бойға сіңіру.
Әдеби-музыкалық монтаж
Өлең: «Қазақстан»
Қазақстан — атамекен, құт қонған жер,
Кең дала, суы мөлдір, нұр тұнған жер.
Көкорай белестері мақпал кілем,
Қырлары қызғалдағы құлпырған жер.
Қазақстан, замананың заңғарында,
Халқыма мекен болған жайлауың да.
Алатау ақ самайлы басын иген,
Қайратты қарт Қаратау қойнауында.
Өзіңсің, Қазақстан, ән-арманым да,
Аяулым, алтын бесік, қара орманым да.
«Бір нәрсе жетпейді» деу қате болар —
Өзіңдей ұлан-байтақ далам барында.
Ән жолдары
«Гүл дала — Қазақстаным»
Сен үшін бар сөздіктен сөз таңдайын көп,
Сен барда басылмайды жез таңдайымда от.
Мен сенен кете алмаспын амалсыздан,
Бір кетсем, оралармын бозторғайың боп.
«Ән дала — Қазақстаным»
Сен барда ғажап шебер, ғажап ұстамын,
Түсінем өзендердің саз ағыстарын.
Қалай ақын болмайын, мен түгілі —
Ұшады көгіңе жыр жаза құстарың.
Түйін
Қырандар қанатында даңқы кеткен,
Дән дала — Қазақстаным.
Қорытынды ой
«Рухани жаңғыру» — өткенді құрметтей отырып, бүгінді нығайту және болашаққа нық қадам жасау. Ұлттық құндылықты сақтай білген елдің еңсесі биік, ертеңі берік болады.