Алаулатып тойдың шоғын үрлемей
Мұқағали Мақатаев
Бүгін менің туған күнім.
Ой, бәле - ай!
Мына адамдар неге жатыр тойламай?!
Банкет жасап берер едім өзім - ақ,
Тәңірдің бір жарытпай - ақ қойғаны - ай.
Мына дүние неге жатыр үндемей?!
Алаулатып тойдың шоғын үрлемей.
Құшақ - құшақ гүл шоқтарын лақтырып,
Мынау - шапан,
Мынау - атың, мін ,- демей.
Мына жұртқа жақпады ма әлденем?!
Бекер өмір сүргенмін бе, әлде мен?
Халқым,
Сенің қасиетіңді білем деп,
Босқа өмірім өтті ме екен әуремен?!
Айтамын деп қуанышың, мұңынды,
Басқа арнаға бұрдым ба әлде жырымды?!
Мен, бәрібір, өзіңменен бір болам,
Өзегіне тепсең - дағы ұлыңды.
... Тойланбаса тойланбасын,
He етейін.
Той көрмей - ақ, сый көрмей - ақ өтейін.
Қаламымды берші маған, бәйбіше,
Болашаққа арыз жазып кетейін...
Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 1
Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 2
Мұқағали Мақатаевтың сырлы да сынды өмірі
Тәжірибелер жиынтығы
ТҮРКІ ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ ОТҚА БАЙЛАНЫСТЫ ТАНЫМ - ТҮСІНІКТЕРІ
Жай бөлшектерге амалдар қолдану
Дина Нүрпейсоава
Нұрпейіс келіні Дина (1861-1955) – қазақтың әйгілі күйші композиторы
Орталық Қазақстандағы Андрон мəдениеті
Әз Тәукенің Жеті жарғысы
Ежелгі дәуірдегі Қазақстан
Су тіршілік көзі
Құрметтті Қызғалдақ гүл шоғының балалары
Күміс тойдың аяғы, Алтын тойға жалғассын