Қысқы демалыс

Сабақ туралы жалпы мәлімет

Бұл сабақ 5-сыныпқа арналған. Тақырыбы — «Қысқы демалыс», негізгі грамматикалық тірек — сын есім. Сабақ пысықтау форматында өткізіліп, оқушылардың қысқы демалыс туралы еркін сөйлеуіне және сын есімді дұрыс қолдануына бағытталады.

Сабақтың түрі

Пысықтау сабағы.

Әдістер

  • Түсіндіру
  • Сұрақ-жауап
  • Сөйлесу
  • Деңгейлік тапсырмалар
  • Суретпен жұмыс

Көрнекіліктер

  • Оқулық
  • Сөздік
  • Интерактивті тақта
  • Суреттер

Пәнаралық байланыс

Орыс тілі, дүниетану.

Сабақтың мақсаттары

Білімдік

Тақырып бойынша жан-жақты мәлімет беру; сапалық және қатыстық сын есімді түсіндіру; сауатты жазуға және дұрыс сөйлеуге үйрету.

Дамытушылық

Ауызша және жазбаша тілді дамыту; қызығушылықты арттыра отырып, танымдық көзқарасты қалыптастыру.

Тәрбиелік

Өз елін, жерін, Отанын сүюге; мемлекеттік тілді құрметтеуге; қоғамдық ортада өзін дұрыс ұстауға тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже

  • Сын есімнің түрлерін меңгереді және сөйлемде орынды қолданады.
  • Қысқы демалыс тақырыбында әңгімелей алады.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  1. Сәлемдесу.
  2. Оқушыларды түгендеу, келмеу себебін сұрау.
  3. Оқушылардың көңіл-күйін сабаққа бейімдеу.

II. Фонетикалық жаттығу

Жаңылтпаш:

Қыста күн қысқа,
Күн қыста тым қысқа.

III. Лексикалық және грамматикалық жаттығулар

Лексикалық жұмыс

  • Жыл мезгілдері.
  • Қыс айлары.
  • Оқулық: 84-бет (сұрақ-жауап).

Грамматикалық жұмыс

Сын есімге сұрақ қою арқылы сұрақ-жауап жүргізу.

IV. Ассоциация ойыны

Тақырыптық ұғымдар: «Қыс», «Қысқы демалыс». Оқушылар осы сөздерге қатысты ойларын, сөз тіркестерін, сын есімдерді ұсынады.

V. Сөздікпен жұмыс

Жаңа сөздерді меңгеру: сөз тіркестері мен сөйлемдер құрау.

Демалыс

каникул

Өткіздім

проводил

Демалдым

отдохнул

Шана

санки

Шаңғы

лыжи

Тептім

катался

VI. Жұптық жұмыс

  • Оқулық: 88-бет, 1-тапсырма.
  • Сұхбатты оқу және аудару.
  • Сурет бойынша сұрақтарға жауап беру.

Ережемен жұмыс: сын есімнің түрлері

Сын есім мағынасына қарай екі түрге бөлінеді:

  • Сапалық сын есім: қызыл, қысқа, т.б.
  • Қатыстық сын есім: ақылсыз, бақытты, т.б.

Деңгейлік тапсырмалар

Мақсаты — бүгінгі тақырыпты қаншалықты меңгергенін тексеру.

III деңгей

  1. «Демалыс» сөзін жекеше және көпше түрде тәуелде.
  2. Сөздіктегі сөздермен сөйлем құра.

II деңгей

  1. Мәтін бойынша сұхбат құра.
  2. «Қыс» тақырыбына 10 сын есім жазып, олармен сөз тіркестерін құрастыр.

I деңгей

Сын есімдерді пайдалана отырып, балалардың қысқы демалысы туралы әңгімеле.

VII. Жаңа сабақты бекіту

  1. Берілген сөздермен сөйлем құра.
  2. «Демалыс» сөзін септе.
  3. Берілген сөздерге тәуелдік жалғауын жалғап жаз: демалыс, шана, шаңғы.

VIII. Үй тапсырмасы

  • Жаңа сөздерді жаттау.
  • «Менің қысқы демалысым» тақырыбына әңгіме жазу.
  • Сұхбат құрастыру.

IX. Қорытындылау, бағалау және рефлексия

Қорытынды және бағалау

Оқушылардың тапсырмаларды орындауына, сөйлеу белсенділігіне және сауаттылығына қарай бағалау жүргізіледі.

Рефлексия сұрағы

Қыс мезгілі саған несімен ұнайды?