Көктем айы

Сабақ туралы қысқаша мәлімет

Пән / Сынып

Ана тілі, 3-сынып

Сабақ тақырыбы

«Көктем сәні»

Жалпы мақсат

  • Ертегінің мазмұнын әңгімелеу арқылы көктемнің сәнін және көктем белгілерін анықтату.
  • Ертегіні оқыту арқылы оқушылардың ой-өрісін, тілін және сөздік қорын дамыту.
  • Эстетикалық тәрбие беру: табиғатты сүюге және құрметтеуге тәрбиелеу.

Табыс критерийлері

  1. 1) Болжам жасау

    Оқушылар болжам жасай отырып, ертегінің мазмұнымен танысады.

  2. 2) Салыстыру және пікір жазу

    Оқығанын өз болжамымен салыстырады, қорытындысын пікір жазу арқылы түсіндіреді; дүниетанымы кеңейіп, тілі дамиды.

  3. 3) Қолдану және шығармашылық

    Табиғат жайлы білімін қолданып, шығармашылықпен жұмыс істейді және қорытынды жасайды.

Негізгі идея

Ертегі мазмұнымен таныстыру арқылы көктемгі табиғат сұлулығының сырын ашу, көктем белгілерін саналы түрде байқауға жетелеу.

Қолданылатын модульдер

АКТ қолдану

Слайд, сурет, көрнекілік арқылы қызығушылықты арттыру.

Сыни тұрғыдан ойлау

Болжам жасау, салыстыру, қорытынды шығару.

Бағалау

Критерий, дескриптор, өзін-өзі бағалау парағы.

Жаңа тәсілдер

Топтық жұмыс, рөлдік оқу, шығармашылық тапсырмалар.

Сабақ барысы

1) Кіріспе бөлім

Ұйымдастыру кезеңі

  • Құрал-жабдықтарды түгендеу.
  • Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

Қызығушылықты ояту: жұмбақ

Жұмбақ:
Ақ сандығым ашылды,
Ішінен жібек шашылды.

Жауабы: күн

Сандықтан күннің суретін алып, көктемгі күндей бір-бірімізге жылу, нұр, мейірім сыйлауға шақырамыз. Одан кейін тақтадағы слайдқа назар аудартамыз.

Кіріспе әңгіме: «Жыл атасы»

Ерте-ерте ертеде атақты Жыл атасының Қыс пен Күз атты екі ұлы, Көктем мен Жаз атты екі қызы болыпты. Балалары ер жеткен соң, Жыл атасы оларды жинап: «Халыққа қызмет етіңдер. Төрт мезгілді кезекпен үш айдан бөліп алып, өз міндеттеріңді атқарыңдар. Әрқашан халық үшін, адам үшін еңбек етуді ұмытпаңдар», — депті. Содан бастап үш айдан тұратын төрт жыл мезгілі пайда болыпты.

Сұрақ 1

Жыл мезгілдерін ата.

Сұрақ 2

Айлар арқылы әр мезгілді анықта.

Сұрақ 3

Мезгілдердің ерекшеліктерін ата.

Талқылау барысында әр мезгілдің ай аттары аталып, табиғи ерекшеліктері жинақталады.

Топқа бөлу және бағалау

  • Оқушылар туған мезгіліне қарай топтарға бөлінеді.
  • Топ басшысына бағалау парағы беріледі.

Үй тапсырмасын тексеру

І. Жансүгіровтың «Жазғытұрым» өлеңін жатқа айту. Әр топ бір-біріне өткен тақырып бойынша сұрақ қояды.

Өлеңдегі көктем белгілері:

жылы жел соғады, су ағады, құстар қайтып келеді, көк шығады, тайды күзейді, ешкіні қырқады, егін егеді, мал төлдейді.

Қорытынды: тірі табиғаттың барлығы көктемді асыға күтіп, көңілді қарсы алады.

2) Негізгі бөлім

Жаңа сабақ: ертегі туралы түсінік

Ертегі дегенді қалай түсінесіңдер? Ертегілердің негізгі түрлері:

  • Жануарлар туралы ертегілер.
  • Қиял-ғажайып және батырлар туралы ертегілер.
  • Хикаялық және сатиралық ертегілер.

Сөзжұмбақ арқылы ой қозғау

Тақырыпқа жақындау үшін мына сұрақтар бойынша сөзжұмбақ шешіледі:

  1. 1) Жыл мезгілі.
  2. 2) Жауын түрі.
  3. 3) Өз атын өзі шақыратын құс.
  4. 4) Жыл құсы.
  5. 5) Алғашқы көктем гүлі.
  6. 6) Көктем айы.
  7. 7) Көктемде соғатын жел.
  8. 8) Көктем айы.
  9. 9) Көктемде болатын мереке.
  10. 10) Көктемде ағаштар не істейді?

Осыдан кейін оқушылар «Көктем сәні» ертегісімен танысады: аңдардың көктемді қалай сезінетіні талданады.

Мәтінмен жұмыс

  • Ертегіні рөлге бөліп оқу.
  • Топтық тапсырмалар орындау.

1-топ

Өздеріңе ұнаған аңдардың суретін салу.

2-топ

Көктем туралы шағын эссе жазу.

3-топ

Аңдарды мимика және қимыл арқылы көрсету.

Сергіту сәті

Қысқа қимыл-қозғалыс жаттығулары арқылы сергіп аламыз.

Тірек сызбамен жұмыс

Алған білімді жинақтау үшін тірек сызба (кластер) құрастырылады.

3) Қорытынды бөлім

Талдау сұрақтары

  • Ертегінің қай түрімен таныстық?
  • Аңдар айтқан белгілердің бәрі дұрыс па? Олар айтпай кеткен қандай белгілер болуы мүмкін?

Елестету тапсырмасы: «Көктем келді»

Көзімізді бір сәтке жұмып, жақын арада келетін көктемді елестетеміз:

Табиғаттағы өзгеріс

Ағаштардың бүршік жаруы, жеміс ағаштарының гүлдеуі, құстардың жылы жақтан оралуы.

Адам еңбегі мен тіршілік

Малдың төлдеуі, көктемгі жер жырту, егінге дайындық, адамдардың еңбегі.

Көктем мерекелері

8-наурыз, 22-наурыз (Наурыз мейрамы).

Жалпы әсер

Жаңару, жылылық, тіршіліктің оянуы.

Үй тапсырмасы

«Көктем сәні» ертегісін оқу, мазмұнын әңгімелеу.

Кері байланыс

  • Оқушылар «Не білдім? Не үйрендім?» кестесін толтырады.
  • Стикерге ойларын жазып, тақтаға іледі.

Бағалау

Оқушылар дескрипторлар негізінде өзін-өзі бағалайды.