Электр тогының химиялық әсерімен танысу
8-сынып: Электр тогының химиялық әсері
Бұл сабақ электр тогының химиялық әсерін түсіндіруге және Фарадей заңдарын қорытындылауға бағытталған. Сабақ құрылымы оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, пікірталас жүргізуге, өздігінен ізденуге және қорытынды жасауға дағдыландырады.
Сабақтың тақырыбы
Электр тогының химиялық әсері
Сабақтың түрі
Ашық сабақ
Сабақтың әдісі
Топтық жұмыс
Сабақтың мақсаты
- Электр тогының химиялық әсерімен танысу және Фарадей заңдарын қорытындылау.
- Ой-өрісті дамыту: пікірталас жүргізу, өз бетімен іздену, шығармашылық пен қорытынды жасау дағдыларын қалыптастыру.
- Ұқыптылыққа, еңбекқорлыққа және топпен жұмыс істеуге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекіліктері
Карточкалар, сызбалар, слайдтар және қосымша материалдар.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру бөлімі
- Оқушылармен амандасу.
- Оқушыларды түгендеу.
- Үй тапсырмасын тексеру.
Үй тапсырмасы: 21-жаттығу (3–8)
Төмендегі есептер электр тогының жұмысы, қуаты және энергия шығыны тақырыптарын бекітуге арналған.
№3
Электр тогының жұмысыӘрқайсысы 6 В кернеуге және 0,6 А ток күшіне есептелген екі шам 2 минут жанды. Осы уақыт аралығында әр шамдағы және екі шамдағы электр тогының атқаратын жұмысын анықтаңдар.
№4
Жұмыс және кедергіМұнай мен су қоспасының кедергісі 1200 Ом. Сорғыту қондырғысы 3 с жұмыс істегенде, ондағы 5,5 А токтың атқаратын жұмысын анықтаңдар.
№5
Қуат, заряд, кедергіМұнай араластырғышты іске қосатын электр қозғалтқышының қуаты 1900 Вт. Электр қозғалтқышынан 2 сағат ішінде 14400 Кл заряд өтеді. Орамның кедергісін анықтаңдар.
№6
Энергия шығыныКернеуі 220 В, ток күші 3 А болатын сегіз мұнай мұнарасының электр қозғалтқыштары бір айда жұмсайтын электр энергиясының шығынын анықтаңдар.
№7
Жұмыс және қуатЖүк шығырын айналдыратын электр қозғалтқышы 9120 Дж жұмыс атқарады. 4 А ток күшінде 24 Кл заряд өткендегі электромотордың қуатын табыңдар.