Практикалық тапсырмаларды орындау

Сабақтың мақсаты

а) Білімділік

  • Натурал көрсеткішті дәреже ұғымын кеңейту.
  • Дәрежелеу амалына кері амалдың түбір табу екенін көрсету.
  • Дәрежелеу амалының қолданылуын мысалдар арқылы түсіндіру.

ә) Тәрбиелік

  • Өз бетінше еңбек етуге және жұмысты нәтижеге жеткізуге үйрету.
  • Тың шешім табуға ынталандыру.
  • Жинақылыққа, жылдамдыққа және жауапкершілікке тәрбиелеу.

б) Дамытушылық

  • Ойлау және шығармашылық қабілеттерін дамыту.
  • Пәнге қызығушылығын арттыру.
  • Таным белсенділігін және тақырып бойынша іскерлік-дағдыларын қалыптастыру.

Сабақтың түрі

Практикалық сабақ.

Сабақтың типі

Іскерлік пен дағдыны қалыптастыру сабағы.

Технология

Компьютерлік оқыту технологиясының кейбір элементтері.

Әдіс-тәсілдер және көрнекіліктер

Қолданылатын әдіс-тәсілдер

  • Түсіндірмелі-баяндау
  • Талдау
  • Сұрақ-жауап
  • Салыстыру
  • Өзіндік жұмыс

Көрнекіліктер

  • Сәйкестік тесті бар кестелер
  • Фишкалар
  • Сыйлықтар
  • Тест тапсырмалары
  • Интерактивті тақта материалдары

Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу.
  • Аудитория тазалығына назар аудару.
  • Сабақтың мақсатын таныстыру.

Топтық жұмыс:

Сынып 2 топқа бөлінеді. Әр топта 6 оқушыдан.

II. Ой толғаныс кезеңі (үй тапсырмасын тексеру)

Интерактивті тақтада натурал көрсеткішті дәреже қасиеттері формулаларының сол жақ бөлігі беріледі. Оқушылар формулалардың жалғасын тауып, толықтырады.

III. Мағынаны тану кезеңі (өтілгенді қайталау)

Экрандағы сұрақтарға жауап беріледі:

  1. Дәрежелеу амалына кері амал қалай аталады? Түбір табу амалы.
  2. Қандай сандарды білеміз? Натурал, бүтін, рационал, иррационал, нақты сандар.
  3. Нақты сандар қандай сандардан тұрады? Рационал және иррационал сандардан.
  4. 1230 неге тең? 1-ге тең.
  1. Натурал сандар дегеніміз не?
  2. n-ші дәрежелі арифметикалық түбір дегеніміз не?
  3. Рационал сандар туралы не білесіз?
  4. Иррационал сандарды қалай түсінесіз?

Соңғы сұрақтар оқушының анықтама беруі мен мысал келтіруіне бағытталады.

IV. Практикалық тапсырмалар

Жұмбақ:

Оң сандарға қолшатырдай,

Қалпақ болған беделі.

Квадраттасаң егер оны,

Жоғалтпассың сен оны.

Жауабы: түбір.

Жұмбақтың шешімін тапқан оқушы тақтадағы сәйкестік тест тапсырмасын орындайды.

Келесі жұмбақ:

Бірдей санды бірнеше рет

Көбейтуден тұрады.

Егер оны ықшамдасақ,

Қандай атау болады?

Жауабы: дәреже.

Сәйкестік тест нәтижесінде «Білім» және «Байлық» сөздері шығады.

Талқылауға сұрақ: «Қазіргі нарық заманында білім артық па, байлық артық па?»

Жауап сабақ тапсырмаларын орындау барысында жинақталған ойлар арқылы тұжырымдалады.

I кезең: Рационал көрсеткішті дәреже

Жұмбақ:

Бүтін сан, бөлшек сандар —

Барлығы да бар онда.

Бұл қандай сан, айтыңдаршы,

Оң, теріс сан — бәрі сонда.

Жауабы: рационал сан.

Интерактивті тақта арқылы есептер беріледі. Есепті алғаш түсіндіріп шығарған оқушы тақтаға шығып, шешу жолын негіздейді және сыйлық алады.

Сыйлықтағы нақыл сөз:

«Білім өміріңді жарық етеді, ал дүние жолдан тайдырады.»

Тағы бір ой:

«Білімді іздей берсең көбейеді, ал дүниені жарата берсең азаяды.»

Оқушылардың жұмысына қарай фишкалар таратылып отырады.

II кезең: Салыстыру таңбалары

Жұмбақ:

Үлкен, кіші сандарды сен

Ажыратқың келсе егер,

Қандай таңба қояр едің?

Қане, ойлан, куәгер.

Жауабы: <, > таңбалары.

Таңбаларға сәйкес салыстыру есептері ұсынылады. Есепті дұрыс әрі бірінші болып шығарған оқушы сыйлық алады.

Сыйлықтағы ой:

«Білімің көп болса, қанша ғасыр сақтасаң да іріп-шірімейді, ал байлық шіриді.»

Тағы бір ой:

«Білімді болсаң сені ел құрметтейді, ал байлығың болса, қызғанышпен қарайды.»

III кезең: Натурал сандар

Жұмбақ:

Нәрселерді санағанда

Керек ол бізге ауадай.

Айтыңдаршы, ол қандай сан,

Жан-жағыңа қарамай.

Жауабы: натурал сан.

Өрнектің мәнін табу тапсырмасы беріледі. Бірінші болып орындаған оқушыға сыйлық тапсырылады.

Сыйлықтағы ұстаным:

«Қазақстанның болашағы білімді ұрпақта.»

Нақыл:

«Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады.»

Ы. Алтынсариннің сөзі:

«Мол дәулеттің байлығы — бір жұтасаң жоқ болар. Оқымыстының байлығы — еш жұтамақ жоқ болар.»

Топтық жарыс:

Математикалық терминдер жарысы (П, К).

IV кезең: Нақты сандар және математик ғалым

Нақты сандар жиынының үздіксіздігі ұғымын және нақты сандардың енгізілуіне түрткі болған ғалымды анықтау үшін тапсырма орындалады.

Тапсырма:

Теңдеуді шешіңіз. Егер есеп дұрыс шықса, интерактивті тақтадағы ғалымдар тізімінде 1 саны қай ғалымның тұсында тұрса, сол ғалым нақты сандар жиынының үздіксіздігін енгізген болып есептеледі.

1 2 3
Рене Декарт
(1596–1650)
Пифагор
(б.з.д. 580–500 жж.)
Архимед
(б.з.д. 287–212 жж.)

Одан кейін интерактивті тақтада тест тапсырмасы беріледі, оқушылар орындап тапсырады.

Үй тапсырмасы

А. Н. Колмогоров оқулығынан: №425, №426 есептер.

Қорытындылау және бағалау

Бағалау сабақ барысында жиналған фишкалар және тест тапсырмасының нәтижесі арқылы жүргізіледі. Оқушылардың орташа ұпайы есептеліп, қорытынды баға қойылады.

Дөңгелек фишка

5 ұпай

Төртбұрыш фишка

4 ұпай

Үшбұрыш фишка

3 ұпай