Жай сандар және құрама сандарСабақтың мақсаты мен міндеттері:Білімділік мақсаты

Математика • 5-сынып

Сабақтың тақырыбы

§10 Жай сандар және құрама сандар

Сабақтың мақсаты мен міндеттері

Білімділік мақсаты

Жай және құрама сандарды ажыратып, анықтай білуге және оларды есеп шығаруда қолдануға үйрету.

Тәрбиелік мақсаты

Оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу.

Дамытушылық мақсаты

Танымдық қызығушылықты дамыту.

Сабақ туралы қысқаша

Сабақтың түрі

Аралас сабақ

Әдіс-тәсілдері

Сұрақ-жауап

Көрнекіліктер

  • ДКҚ №40
  • Жай сандар кестесі

Сабақтың барысы

1) Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушыларды түгендеу.
  • Сыныптың тазалығына назар аудару.

2) Үй тапсырмасын тексеру және қайталау

Қайталау сұрақтары

  1. 9 санына еселік сандар 3 санына да еселік бола ма?
  2. 100 алманы 3 жәшікке тең бөліп салсаң, қанша алма артық қалады?
  3. 10 асықты 3 балаға тең бөліп бер. Қанша асық артық қалады?

3) Жаттығу жұмысы

№245 тапсырма

9 санына еселік санды жазыңдар:

1) 420

Ескерту

Тапсырманы орындағанда 9-ға бөлінгіштік белгісін және 3-ке бөлінгіштікпен байланысын еске түсіріңдер.