Жай сандар тобы
Сынып: 5
Пән: Математика
Сабақ түрі: Ашық сабақ
Сабақ типі: Оқушылардың білімін жүйелеу
Сабақтың тақырыбы
Ондық бөлшектерге амалдар қолдануға есептер шығару (қайталау сабағы).
Қолданылатын әдістер
- Сұрақ-жауап
- Ойын элементтері
- Топтастыру
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Ондық бөлшектер туралы ережелерді әртүрлі есептеулерде қолдана білу, өтілген материалды оқушы санасында бекіту.
Дамытушылық
Математикаға қызығушылықты арттыру, логикалық ойлауды дамыту, тез әрі дұрыс есептеуге үйрету.
Тәрбиелілік
Дәлдікке, ұқыптылыққа және ұжым намысын жоғары қоюға тәрбиелеу.
Сабақтың жоспары
I. Ұйымдастыру кезеңі
2 минут
II. Үй тапсырмасын тексеру
5 минут
III. Есептер шығару
30 минут
IV. Пәнаралық байланыс
5 минут
V. Үйге тапсырма
1 минут
VI–VII. Қорытындылау және бағалау
2 минут
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру
- Оқушылармен сәлемдесу; сабаққа дайындығын және қатысуын тексеру.
- Сыныпты 3 топқа бөлу және топ жетекшілерін тағайындау.
1) Жай сандар тобы
2) Құрама сандар тобы
3) Натурал сандар тобы
II. Үй тапсырмасын тексеру
Мақсат — оқушылардың өткен тақырыптарды қаншалықты меңгергенін анықтау. Өтілген тақырыптарды жеке-жеке таблицалар арқылы мысалдармен қайталап, еске түсіреміз.
Ондық бөлшектерді қосу
Бөлшек сандардың ондық жазылуы
Ондық бөлшектерге амалдар қолдану
Ондық бөлшектерді азайту
Координаталық сәуледе кескіндеу
Ондық бөлшектерді салыстыру
III. Есептер шығару
«Шыңға жету» ойыны арқылы білімді бекітеміз. Әр турда оқушылар есеп шығарып, жауаптарына қарай ұпай жинайды.
1-тур: «Бәйге» (№1060)
әр топтан 3 оқушы1) 6,3 − 2,3 + 7,5 = 11,5
2) 8,1 + 1,9 − 3,8 = 6,2
3) 12,9 − 5,7 + 6,031 = 13,231
4) 9,5 − 5,3 + 3,3 = 7,5
5) 16 − 2,3 + 4,5 = 18,2
6) 17,5 − 2,5 + 13,82 = 28,82
Үш топтан 3 оқушы шығып, әрқайсысы 2 есептен шығарады. Үлестірме қағаздағы сұрақтарға да жауап береді. Нәтижесіне қарай фигуралармен ұпай беріледі, фигуралар топ жетекшісіне тапсырылып отырады.
2-тур: «Көкпар» (№1061)
3 оқушыға ұпай1) 5,6 + 8,03 − 7,99 = 5,64
2) 11,8 − 5,7 + 8,65 = 14,75
3) (8,12 + 16,9) − 15,086 = 9,934
4) (95,83 − 76,9) + 41,333 = 60,263
5) (146,03 − 97,8) + 18,091 = 66,321
6) (101,9 + 0,653) − 72,111 = 30,442
3-тур: «Аламан» (перфокарта-тест)
Топ басшыларына перфокарта түрінде тест тапсырмалары таратылады. Дұрыс жауап санына қарай ұпай беріледі (5 тапсырманың бәрі дұрыс болса — 5 ұпай, әрі қарай осы тәрізді).
- Ондық бөлшек түрінде жаз: (8,7)
- Ең үлкен санды тап: (71,3)
- Ондық бөлшектерді қос: (15,3)
- Ондық бөлшектерді азайт: (2,02)
- Ондық бөлшекті оқы: (4,7)
Қалған оқушылар орындайтын тапсырмалар
№1064 және №1068 есептері.
Қысқаша есеп (№1068)
Барлығы
4,7 кг
Мырыш
1,9 кг
Мыс
x кг
Шешуі: x = 4,7 − 1,9 = 2,8. (6 фигура таратылады)
IV. «Жедел хат»: пәнаралық байланыс
Оқушылар «жедел хаттағы» сұрақтарға жауап береді. Әр дұрыс жауап үшін ұпай (фигура) беріледі.
1) Жай санға да, құрама санға да жатпайтын сан
Жауабы: 1
2) Қасиетті санды табыңдар: 16; 19; 45; 80; 8; 7; 15
Жауабы: 7
3) Дүниежүзінде неше мұхит бар?
Жауабы: 4
4) Үшбұрышта неше қабырға бар?
Жауабы: 3
5) Ұлыстың ұлы күні Наурыз айының қай күні?
Жауабы: 22
6) Түйеқұс бір аяғымен тұрса 10 кг, екі аяғымен тұрса қанша кг?
Жауабы: 10 кг
7) Қосындыны тап: 12,5 + 6,5
Жауабы: 19
8) Шаршының қабырғасы 5 см. Ауданы қанша?
Жауабы: 25
Жауаптардағы сандарға сәйкес оқушылар өз топтарынан шығып, ретімен тұрады. Алдын ала дайындалған әріптер қосылып, нәтижесінде «8-наурыз» сөзі оқылады. Соңында құттықтау айтылады.
(8 фигура таратылады)
V–VII. Қорытынды, үй тапсырмасы және бағалау
- Үй тапсырмасы: беріледі.
- Сабақты қорытындылау: жиналған ұпайлар бойынша жеңімпаз топ анықталады.
- Бағалау: сабаққа белсене қатысқан оқушылар бағаланады.