Жанға дауа самалы, Жанға дауа ауасы

Өлеңдер. Қадыр Мырзалиев
БАЯН АУЛА
Бабамыздың қамалы –
Баян аула — тау асыл.
Жанға дауа самалы,
Жанға дауа ауасы.
Мың көрсең де ажарын,
Өте алмайсың қарамай.
Қара тасты қақ жарып
Қаптап өскен қарағай.
Желіндері сыздаған
Бие бұлттар бір табын.
Душқа түсіп мұздаған
Дір - дір етіп тұр талы.
Жаратылыс қожасы
Жасапты оны мықты ғып.
Жасыбайы көк - жасыл
Тұп тұнық - ау, тұп - тұнық!
Тамашалап
Бір шеткі
Тасқа шығып қарашы:
Өзіңе өзің, ескерткіш
Боласың да қаласың!
Жантайып сол жерде әсем
Жағымды мен таяндым.
Иланбаймын
Бар десең
Бәсекесі Баянның!
Бұлттың өзі көгенде —
Бұл бір ғажап мекен ғой.
Әдемілік деген де
бола береді екен ғой!
Қадыр Мырза Әли өлеңдерін қарау



Ұқсас жұмыстар

Оңтүстік астананың экологиясы
Алматы әлемдегі табиғаты таза, сұлу қалаға айналу керек
Ақын арнауларындағы тұлғалар галлереясы
Экологияның өзекті мәселелері
АЛАКӨЛ көлінің емдеу қасиеттері
Алматының экологиялық жағдайы және оны шешу жолдары
Дәрілік өсімдіктер туралы зерттеулер жүйесі
Қазақстан халқының сандық құрамы
Халық қоспасы
Алоэ өсімдігінің ерекшеліктері және емдік қасиеттері
Қазір Алматы ауасының ластану деңгей
Журналист Сая Молдайып өзінің облыстық Сарыарқа самалы газетінің 14 ақпан 2017 жылғы 17 санында жарық көрген Жұртыңмен талай заман көрдің атты мақаласын Ойға өріс беріп көрейік деп бастаған екен
Спорт сенің серігің - Жанға дауа, қолға күш
Жер шоқтығы атанған көрікті Көкшетаудың ең бір әсем, жанға шипалы өңірі
Бауыржанға қарашы
Толғаныс үстінде менің ойыма өзіміздің облыстық Сарыарқа самалы газеті орала кеткені
Мал қораның ауасында көмірқышқыл газының шекті мөлшері
Ауасыз ортада астық түйірін сақтау
Камера ауасының берілген ылғалды ұстап тұру үшін берілетін ылғал мөлшері
Қора ауасының ылғалдылығы жоғарлауы