Қазақ халқында тозбаған киімді тастау - жаман ырым

Киім-кешекке қатысты ырым-тыйымдар

Қазақ халқы адамның денесіне, басына және аяғына киетін киім-кешекті қастерлеп, ерекше құрметтеген. Киімге байланысты салт-дәстүр, сенім-наным, ырым-тыйымдар көп. Киім-кешек әрдайым таза, ұқыпты сақталып, қажетке жаратылады.

Теріс киме

«Теріс киме бөркіңді — бұзып кетер көркіңді. Ырым, сенім талайды тәубесіне келтірді».

Халық түсінігінде киімді теріс кию — сәтсіздікке ұрындырады, алға басқан іс кері кетеді деп ырымдалған.

Негізгі қағидалар мен тыйымдар

Кию мен шешудің реті

Киімді оң қолдан бастап киіп, сол қолдан бастап шешеді. Оң қолдан бастап киіну — жақсы ырым.

Желбегей жамылмау

Киімді желбегей жамылмайды. Халық ұғымында киімді желбегей жамылып жүру — кемтар адамға қатысты белгі ретінде қабылданған.

Тозбаған киімді тастамау

Тозбаған киімді тастау — жаман ырым. Киілмейтін болса, біреуге сыйға беру жөн.

Әдеп пен ұят

Көпшіліктің алдында жалаңаш жүруге болмайды — бұл әдепсіздік саналады.

Өлшемнің қолайлылығы

Өте ұзын не тым қысқа киім кимеген дұрыс: мұндай киім жұмыс істеуге де, жүріп-тұруға да қолайсыз.

Киімді сілкіп кию

Киімді сілкіп кию ұсынылады: киімге жабысқан ұсақ жәндіктер болса, қағылып түседі деп сенген.

Қыз балаға ер баланың киімі

Қыздарға ер баланың киімін киюге болмайды — жаман ырым саналған.

Шалбар мен етікті тұрып кимеу

Шалбар мен етікті тұрып киюге болмайды. Тұріп кию — соғыс кезіндегі дағды ретінде қабылданған.

Жағаны баспау

Киімнің жағасын басуға болмайды — жаман ырым.

Шалбарды жастанбау

Жастық орнына шалбарды жастамайды. Мұны «настықтың белгісі» деп жаманға жорыған.

Бас киім мен аяқ киімге қатысты ырымдар

Бас киімнің орны

  • Бас киімді тебуге, лақтыруға, теріс киюге болмайды.
  • «Жақсылық маңдайға жазылады» деп, бас киімге айрықша мән берген.
  • Бас киімді таза, ұқыпты ұстап, босағаға емес, төрге ілу керек.
  • Бөтен адамға бас киім бермейді, айырбастамайды: «адам басы кемиді» деп санайды.

Аяқ киімге байланысты тыйымдар

  • Аяқ киімді төңкеріп қоюға, теріс киюге болмайды: «жолы болмайды» деп ырымдаған.
  • Аяқ киімді тұрып киюге болмайды: «басына іс түскен адам ғана тұрып киеді» деген түсінік бар.

Қоғамдық-танымдық нанымдар

Садақаға киім беру

Садақаға киім берсе, оның түймесін қиып алады — киіммен бірге «жеке несібе» кетпесін деген ырым.

Қос тымақ кигізбеу

Қос тымақ кигізбейді: «екі әйел алады» деп жорыған.

Ит көйлек

«Ит көйлек» баланың жаны берік болсын деген тілекпен кигізілген.

Марқұмның киімін ырым ету

Көп жасаған немесе абыройлы адам қайтыс болса, оның киімдері мен тұтынған заттарын ырым етіп бөлісіп алады.

Дереккөз: Павлодар қаласының Дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебі (ММ), Абаильденова Нұргүл Қуандыққызы.