Қазақ халқының құрылуы

Батыс Қазақстан облысы • Бөкей Ордасы ауданы • Хан Ордасы ауылы

Жәңгір хан атындағы жалпы білім беретін орта мектебі • Тарих пәнінің мұғалімі: Алмурзина Г.Ж.

Сабақтың тақырыбы: Қазақ хандығының құрылуы

Бұл сабақ Қазақ хандығының қалыптасу алғышарттарын, негізін қалаған тұлғалардың тарихи рөлін және хандықтың аумағы мен этникалық құрамын жүйелі түсіндіруге бағытталған.

Сабақтың мақсаты

Білімділік

  • Қазақ хандығының құрылу тарихымен таныстыру.
  • Тұңғыш дербес қазақ мемлекетінің жаулап алу соғыстарының нәтижесінде емес, халықтың ғасырлар бойғы арман-тілегі мен туыстастық байланысының негізінде дүниеге келгенін түсіндіру.

Тәрбиелік

  • Қазақ мемлекеттілігінің негізін қалаған қоғам қайраткерлерінің еңбегін бағалай білуге үйрету.
  • Ұлы тарихи тұлғалардың ерлігін насихаттау арқылы отансүйгіштікке тәрбиелеу.
  • Өз елінің тарихына және оның адал ұлдарына құрмет сезімін қалыптастыру.

Дамытушылық

  • Картамен жұмыс істеу дағдысын дамыту.
  • Өз бетінше қорытынды жасауға және ізденіске баулу.
  • Тарихи-танымдық қабілетті және тіл байлығын жетілдіру.

Пәнаралық байланыс

Әдебиет, география, бейнелеу өнері.

Сабақтың әдістері

Баяндау, сұрақ-жауап, тірек-сызбалар, кестемен жұмыс.

Сабақтың түрі

Жаңа сабақты меңгерту.

Көрнекілік құралдар

Оқулық, карта, сызба, электронды оқулық, видео материалдар, интерактивті тақта, слайдтар, тірек-схемалар, қазақ хандарының портреттері.

Күтілетін нәтиже

  • Қазақ елінің тарихын тереңірек біледі.
  • Тарихи тұлғаларды үлгі тұтады.
  • Біртұтас қазақ мемлекетінің құрылуы туралы білім мен түсінік қалыптасады.
  • Алған білімін саралап, талдап, тарихи өзгерістерді анықтай алады және болашақты бағдарлауға талпынады.
  • Сыни тұрғыдан ойлауға дағдыланады.
  • Өз бетінше шешім қабылдап, дәлел келтіріп, қорытынды жасай алады.

Сабақтың барысы

I кезең

Ұйымдастыру

II кезең

Үй тапсырмасын тексеру

III кезең

Жаңа сабақ

IV кезең

Қорытынды

V кезең

Үй тапсырмасы

Үй тапсырмасын тексеру: §35

Тақырып: Қазақ ұлттық мемлекеті құрылуының алғышарттары.

I тапсырма

Қазақ ұлттық мемлекеті құрылуының алғышарттарын жүйелеу.

II тапсырма: «Кім тапқыр?»

  1. Қазақ хандығы құрылуы қарсаңындағы саяси жағдай қандай деңгейде болды?
  2. Әбілқайыр хан өз қоластындағыларға қандай қысым көрсетті?
  3. Қазақ сұлтандарының Әбілқайырға қарсы шығуының себебі неде?
  4. Қазақстандағы ру-тайпалардың негізгі этникалық құрамы қандай болды?
  5. Сауда-саттық қай қалаларда жақсы дамыды?
  6. Халықтың жалпы тұрмысы қандай болды?

Жаңа сабақ: §36 Қазақ хандығының құрылуы

Түріктің бір бұтағы қазақ еді,
Қайсар мінез, өр еді, ғажап еді.
Жәнібек, Керей хандар басын қосып,
Өмірге келген еді қазақ елі.

Алтай мен Атыраудың арасында,
Жетісу, жеті өзеннің сағасында.
Бірігіп Ұлы, Орта, Кіші жүз боп,
Хандық құрды қазақ өз даласында.

Сабақ жоспары

  1. Хандықтың негізін салушылар: Керей мен Жәнібек.
  2. Хандықтың аумағы.
  3. Халқының этникалық құрамы.
  4. Көрші елдермен қарым-қатынасы.

Мемлекеттілікті қалыптастырған негізгі себептер

  • Қазақ халқының қалыптасуы.
  • Қазақ жүздерінің айқындалуы.
  • Әлеуметтік қатынастардың нығаюы.

I. Қазақ хандығының негізін қалаушылар

Жәнібек хан (Әбусаид)

Орыс ханның ұрпағы, Барақ ханның кіші ұлы.

Керей хан

Орыс ханның немересі, Болат ханның ұлы. Қазақ хандығының алғашқы ханы.

Қазақ хандығының дербес мемлекет болып қалыптасуына түрткі болған жағдайлар

  • XV ғасырдың орта шенінде Әбілқайыр хандығында ішкі феодалдық қақтығыстар күшейді.
  • 1457 жылы Әбілқайыр ханның ойраттардан жеңілуі оның беделін түсірді. Жеңілістен кейін хан қарсы болған сұлтандарға қуғын-сүргін жүргізе бастады. Бұл Керей мен Жәнібекке де әсер етті.
  • Керей мен Жәнібектің соңынан ерген қазақ тайпалары Батыс Жетісуға қоныс аударды.
  • Мақсат: Орталық және Оңтүстік Қазақстан қазақтарын Ұлы жүз тайпаларымен біріктіріп, Қазақ хандығын құру.
  • Моғолстан ханы Есенбұға Шу бойындағы Қозыбасы өңірінен қоныс берді. 1465–1466 жылдары Қазақ хандығы құрылды.

Есенбұғаның жер беру себептері

  • Өз бауыры Жүністен қауіптенуі.
  • Батыс шекара қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүдделілігі.

Тарихи дерек

«Керей мен Жәнібек сұлтандар Батыс Жетісуды құтты мекен ете отырып, 1465–1466 жылдары Қозыбасыда Қазақ хандығын құрды», — деп Мұхаммед Хайдар Дулати жазған.

Кей деректерде 1458 жылдың көктемінде Керей сұлтан хан сайланып, хандықтың іргесі қаланды деп беріледі.

II. Қазақ хандығының аумағы

  • Үшқоңыр жайлауы — Керейдің қыстауы.
  • Хантау жайлауы — Жәнібектің қыстауы.
  • Хандықтың құрылған жері — Батыс Жетісу, Шу бойы, Қозыбасы.

III. Халықтың этникалық құрамы

Қоңыраттар

Түркістан мен Қаратау аралығы.

Арғындар

Ертістен батысқа қарай, Орталық Қазақстан.

Керейлер

Тарбағатай, Ертіс бойы, Зайсан көлі, Обь пен Тобыл маңы.

Дулаттар

Іле, Шу, Талас бойы, Ыстықкөл маңы, Оңтүстік Қазақстан.

Жалайырлар

Қаратау, Жетісу, Сырдария өңірі.

Қаңлылар

Қаратау бауыры, Сырдария, Жетісу.

Наймандар

Ұлытаудан Есілге дейінгі аймақ.

IV. Көрші елдермен қарым-қатынасы

Қазақ хандығының күшеюі көрші мемлекеттермен (Әбілқайыр хандығы мұрагерлері, Моғолстан және өзге саяси күштер) қатынастарды қайта қалыптастырды. Бұл байланыстардың өзегі — шекара қауіпсіздігі, қоныс аймақтары және саяси ықпал үшін күрес болды.

Жаңа сабақты бекіту

«Ерлік — ел есінде» (ескерткіштер арқылы талдау)

Керей мен Жәнібек ескерткіші

  • Ашылған жері: Астана қаласы (2010).
  • Авторы: Ринат Әбенов.
  • Жалпы биіктігі: 12 м.
  • Орналасуы: ҚР Тұңғыш Президенті Н. Назарбаев музейінің алаңы.

Мұхаммед Хайдар Дулати ескерткіші

  • Ашылған жері: Тараз қаласы (1998).
  • Орналасуы: Сүлейменов көшесі, университеттің бас корпусы алды.
  • Биіктігі: 3 м.
  • Дулати — мемлекет қайраткері, дипломат, тарихшы, публицист; «Тарих-и Рашиди» еңбегі Орта Азия тарихына қатысты маңызды дереккөз.

Практикалық тапсырмалар

  • I тапсырма: кластерді толтыру (кесте).
  • II тапсырма: «Қашан? Қайда? Не болды?» (кесте).
  • III тапсырма: «Ерлікті таба білу, ерді тани білу»

    Жәнібек хан — ...........................................

    Керей хан — ...........................................

Сұрақ-жауап: негізгі деректерді нақтылау

  1. Қазақ хандығының құрылуы екі мемлекеттің ішкі саяси жағдайына байланысты болды: Әбілқайыр хандығы мен Моғолстан.
  2. Жәнібек пен Керей бастаған қазақтардың Шығыс Дешті Қыпшақтан Моғолстанға көшуі — XV ғасырдың ортасы.
  3. Олар бөлініп кеткен хандық — Әбілқайыр хандығы.
  4. Көш бағыты — Моғолстанның батыс аймағы.
  5. Алғашқы атауы — «өзбек-қазақтар».
  6. XV ғасырдың 50–70 жылдары Керей мен Жәнібекке қосылғандардың саны — шамамен 200 мың.
  7. Есенбұға бұл одақ арқылы шекара қауіпсіздігін күшейтуді көздеді.
  8. Қазақтарды қолдаған Моғолстан ханы — Есенбұға.
  9. Ру-тайпалардың өзге хандықтарға ауа көшу мақсаттары — бірігу және тыныш өмір сүру.
  10. Жаңа хандық алдындағы міндет — қазақ тайпаларын біріктіріп, этникалық аумақты топтастыру.
  11. Қазақ хандығы құрылған кезең — XV ғасырдың ортасы.
  12. Құрылуы туралы жазған тарихшы — М. Х. Дулати.
  13. Дулатидің дерегі бойынша құрылу уақыты — 1465–1466 жылдар.
  14. Негізін салушылар — Жәнібек пен Керей.
  15. Жәнібектің шын есімі — Әбусаид (халық арасында — Әз-Жәнібек).
  16. Алғашқы аумақ — Шу мен Талас өзендері маңы.
  17. Алғаш құрылған өңір — Жетісу.
  18. Ұлттық ту тігілген жер — Қозыбасы.
  19. Хандық нығайған сайын Жәнібек пен Керейге қараған жұрттың бәрі «қазақтар» деп атала бастады.
  20. XV ғасырдың соңына қарай хандық құрамында болған қалалар — Созақ, Сығанақ.
  21. Қазақ хандығы құрылған жылдар — 1465–1466.

«Тарихи мозаика»

Дұрыс құрастырылған сөйлем:

Керей хан — Қазақ хандығының негізін қалаушы ұлы екі тарихи тұлғаның бірі, алғашқы қазақ ханы болатын.

«Сандар сөйлейді»

  • 728 × 2 + 9 = 1465

    Қазақ хандығының құрылған жылы (деректік жыл ретінде).

  • 458 × 2 + 540 = 1456

    Дайырқожа би Қобыланды батырдың қолынан қаза табады (оқиға жылы ретінде беріледі).

  • 112 × 7 + 673 = 1457

    Керей мен Жәнібек Қозыбасы мен Шу өңіріне қоныстанады.

  • 382 × 2 + 694 = 1458

    Керей сұлтан хан сайланып, хандықтың іргесі қаланды (оқулық/дерек нұсқасы).

Рефлексия

Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойы халықтың Отанға деген сүйіспеншілігін, бірлігін, табысқа ұмтылысын және гүлденуге деген сенімін нығайта түсті. Қазақ хандығының құрылуы — халқымыздың тәуелсіздікке ұмтылған табанды ерік-жігерінің әрі шынайы патриотизмінің айқын көрінісі.

Мерейтойдың қоғамдық маңызы да жоғары болды: азаматтардың өз тарихын зерттеуге қызығушылығы артты, қоғамның рухани-мәдени тұрғыдан ұйысуына ықпал етті, қазақстандықтардың бойында мемлекеттілік пен тәуелсіздік құндылықтарын бекемдеді, жасампаздыққа және жаңа биіктерге ұмтылысын күшейтті.

Қорытынды

Қазақ хандығының құрылуы — Қазақстан тарихындағы сындарлы кезең. Қай дәуірдің тарихы болмасын қымбат, бабалар мұрасы құрметті, ал Қазақ хандығының қалыптасуы — ұлттық мемлекеттіліктің берік іргетасын қалаған аса маңызды оқиға.

Тарихты білу, өткенге ой жүгірту және оны келер ұрпаққа жеткізу — баршамыздың ортақ парызымыз.

Үй тапсырмасы

  1. §36. Қазақ хандығының құрылуы.
  2. Кескін картаға Қазақ хандығының аумағын түсіру.
  3. «Егер мен хан болсам…» тақырыбында эссе жазу.

Бағалау

Сабақтағы белсенділік, жауаптардың дәлдігі, кесте/кластер жұмысының толықтығы және қорытынды пікірдің негізділігі бойынша бағаланады.