Байтұрсынұлы Адамдық диқаншысы өлеңі

Сабақ туралы мәлімет

Сабақтың тақырыбы

Ахмет Байтұрсынұлы — «Адамдық диқаншысы» өлеңі

Сынып

5-сынып

Сабақтың оқу мақсаты

Әдеби шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтау (5.Т/Ж2).

Күтілетін нәтиже

Оқушылардың барлығы

  • Оқулықтағы және қосымша тапсырмаларды орындайды.
  • Жазба жұмысын орындайды.
  • Сұрақтарға жауап береді.

Оқушылардың көбісі

  • Топтық жұмысты бірлесе орындайды.
  • Өз бетінше жұмыс жасайды.
  • Сұрақтарға жауап береді.
  • Қосымша үлестірме материалдармен жұмыс жасайды.

Оқушылардың кейбіреуі

  • Оқулықтан тыс қосымша тапсырмаларды орындайды.
  • Тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіреді.

Бағалау критерийлері

  • Жеке, жұптық және топтық тапсырмаларды орындай алады.
  • Сабақ барысында тыңдаушылардың назарын өзіне аудара алады.

Тілдік мақсат

Әдеби шығарманың тақырыбы мен идеясы.

Ресурстар мен әдіс-тәсілдер

Ресурстар

  • Оқулық
  • Суреттер
  • Топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар және түрлі заттар
  • Топтық тапсырмалар
  • Кері байланыс парақтары
  • Стикерлер

Әдіс-тәсілдер

  • Сұрақ-жауап
  • Әңгімелеу
  • Түсіндіру
  • Ойын әдісі
  • Көрнекілік
  • Рефлексия

Пәнаралық байланыс

Музыка, қазақ тілі.

Алдыңғы оқу

Ы. Алтынсарин — «Дүние қалай етсең табылады», «Кәсібінен нәсіп тапқан».

Сабақ барысы

Жаңа білім

10 минут

Білу және түсіну

Оқушылар берілген мәтіндерді оқиды.

«Сақина салмақ» ойыны

Бүгінгі ойынның ерекшелігі: кімнің қолында сақина қалса, сол оқушы мұғалімнің сұрағына жауап береді.

Ортасы

10 минут

Қолдану

Адамдық диқаншысы қырға шықтым,

Көлі жоқ, көгалы жоқ құрға шықтым.

Тұқымын адамдықтың шаштым, ектім,

Көңілін көгертуге құл халықтың.

Қор болған босқа кетіп еңбек, бейнет,

Құлдарға құлдықтан жоқ артық зейнет.

Оттай бер, жануарым екі аяқты,

Адамдық хайуанға қанша қажет?!

Жаратқан малды Құдай не керекке —

Мінуге, сою, соғу, жүндемекке.

Жорта бер қамыт киіп, қамшыңды жеп,

Бұйрық жоқ ұрасың деп үндемекке.

Таяққа еті үйренген қойшы жайлап,

Көк есек қозғала ма түрткенге айдап?

Есептен алданғандай болғандар көп,

Жасықты асыл ма деп білмей қайрап.

Ахмет Байтұрсынұлы, «Адамдық диқаншысы»

Талдау: «Ыстық орындық» әдісі

Бір оқушы алдыңғы жаққа шығып, өз пікірін айтады және тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді. Қажет болса, сұрақты мазмұнды ету үшін оқушылар белгілі бір пікірді бірлесіп қорғай алады.

Сергіту сәті

2 минут

«Қыдырып қайтайық!» — би қимылдарын орындау.

Аяқталуы

10 минут