Үлестірмелі материалмен жұмыс
Сабақтың жалпы сипаттамасы
Білім беру саласы
Қатынас. Таным.
Бөлімі
Тіл дамыту
Тақырыбы
Шар мен текшені салыстыру (сөздік жұмыс)
Мақсаты
а) Танымдық
Балалардың геометриялық пішіндер туралы түсінігін бекіту: шар және текше сөздерін есте сақтап, олардың ерекшеліктерін ажыратуға үйрету.
- Шар — домалақ, домалайды.
- Текше — төртбұрышты, тік тұрады; орнынан қозғалтуға және бірінің үстіне бірін қоюға болады.
ә) Тілдік
Сөздік қорын молайту, байланыстырып сөйлеу дағдыларын дамыту, сұраққа нақты жауап беруге үйрету.
б) Тәрбиелік
Ұқыптылыққа, сабырлылыққа және бірлесіп жұмыс істеуге тәрбиелеу.
Құралдар мен дайындық
Көрнекіліктер
- Көңілді домалақ шар мен көңілді текшенің суреттері
- Үлестірмелі материалдар: ұқсас заттарды сурет бойынша сәйкестендіру
Алдын ала жұмыс
Әңгімелесу арқылы балалардың пішіндер туралы бастапқы түсінігін анықтау және белсендіру.
Сөздік жұмыс
шар, текше, доп
Билингвальды компонент
- Қаз.
- шар
- шар
- Қаз.
- текше
- куб
- Қаз.
- доп
- мяч
Сабақ барысы
1) Мотивациялық қозғаушылық
Балалар шеңберге тұрып, бір-бірінің қолынан ұстайды да, жылы лебіздерін білдіреді:
Еліміз аман болсын!
Анамыз аман болсын!
Деніміз сау болсын!
Балабақшамыз гүлдене берсін!
2) Ұйымдастырушылық-ізденістік
Топқа қонаққа көңілді Текше мен көңілді домалақ Шар келеді. Олар балалармен амандасып, бірге ойын ойнағылары келетінін айтады.
Текшемен жұмыс
- Көңілді текшенің дене пішіні неге ұқсайды?
- Оның түсі қандай?
- Текше төртбұрышты, бір орында тік тұрады. Оны орнынан қозғалтуға болады.
Тәрбиеші бірнеше текшені бірінің үстіне бірін қойып, мұнара жасауға болатынын көрсетеді.
Билингвальды компонент
текше — куб
Шармен жұмыс
- Домалақ шардың пішіні неге ұқсайды?
- Дұрыс: допқа ұқсайды.
- Үстел үстіндегі шарды әкеліп көрсет.
- Бұл не? Пішіні қандай? Түсі қандай?
Тәрбиеші жеке балалардан топ ішіндегі қандай заттар шарға және текшеге ұқсайтынын сұрайды.
Билингвальды компонент
шар — шар, доп — мяч
3) Сергіту сәті
Өн бойымды тік ұстап,
Таянамын бүйірді.
Бастап кетем дұрыстап,
Сайгүлікше жүруді.
Бір! Екі! Бір! Екі!
4) Дидактикалық ойын-жаттығу
Тақырыбы:
«Қай зат қай затқа ұқсайды?»
Үлестірмелі материалдармен жұмыс барысында балалар суреттегі заттардың қай пішінге ұқсайтынын атап, сурет бойынша сәйкестендіреді. Тәрбиеші әр баламен жеке жұмыс жүргізіп, жауаптарын толық сөйлеммен айтқызады.
Негізгі сұрақтар
- Бұл зат неге ұқсайды?
- Пішіні қандай?
- Түсі қандай?
Күтілетін сөйлем үлгілері
- «Бұл доп. Ол шарға ұқсайды.»
- «Бұл қорап. Ол текшеге ұқсайды.»
Күтілетін нәтиже
Орындайды
Геометриялық пішіндерді салыстыруға және сипаттауға арналған тапсырмаларды орындайды.
Түсінеді
Затты түрі мен түсіне қарай сипаттау қажет екенін түсінеді.
Қолданады
Толық сөйлем құрастырып айту дағдыларын қолданады.