Парасатты жігіт

Тәрбие сағаты Қызылорда облысы • Қазалы ауданы • Бекарыстан би ауылы №24 орта мектеп

Тақырыбы: «Нағыз қазақ жігіті»

Дайындаған: орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі, сынып жетекшісі Сейткерей Гүлшат Жасболатқызы.

Мақсаты

  • Ата салтын насихаттай отырып, нағыз қазақ жігітінің бойындағы қасиеттермен таныстыру.
  • Ойлау қабілетін, түрлі жағдайдан шыға білуді, өнер көрсету мен тапқырлықты дамыту; сахна мәдениетін қалыптастыру.
  • Дәстүрді ардақтайтын, елін сүйетін, жауапкершілігі жоғары ұрпақ тәрбиелеу.

Көрнекіліктер мен дайындық

  • «Нағыз қазақ жігіті – 2012» тақырыбына безендіру
  • Мақал-мәтелдер, нақыл сөздер
  • Байқауға қажетті құрал-жабдықтар, шарлар және т.б.

Формат

Сайыс кезең-кезеңімен өтіп, қатысушылардың білімі, өнері, салт-дәстүрді білуі және күш-қайраты бағаланады.

Қатысушылар

8 оқушы

Байқау барысы

Ұйымдастыру кезеңінде жүргізушілер қатысушыларды таныстырып, кештің мазмұнын хабарлайды. Көрерменге сайыстың идеясы — өршіл рух, парасат, өнер мен күштің үйлесімі екені ерекше атап өтіледі.

Жүргізушілердің құттықтауы (үзінді)

Құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар және қадірлі қонақтар! Бүгін бізде «Нағыз қазақ жігіті» атты парасатты жігіттер сайысы өтеді.
Нағыз қайсар жігітті, нағыз дүлдүл жігітті анықтайтын кез келді!

Сайыс құрылымы

  1. I «Тегімді менің сұрасаң…» — өзін таныстыру.
  2. II «Жігітке жеті өнер аз, жетпіс өнер көп емес» — өнер сайысы.
  3. III «Көркіне ақылы сай» — салт-дәстүр бойынша сұрақ-жауап.
  4. IV «Ердің асылы күшінен білінеді» — қол күрес, гір көтеру.
  5. V «Тығырыққа тірелгенде» — конверттегі тапсырманы сол жерде орындау.

V бөлім: «Тығырыққа тірелгенде» тапсырмалары

Сайыскерлер конверт таңдап, ішіндегі тапсырманы бірден орындайды.

  • Садақты дәлдеп атып тигізу
  • Картоп аршу
  • Шалбар тігу
  • Ілулі тұрған шарды жару
  • Бантик тағу
  • Автоматтың магазинін шашып, қайта жинау
  • Пародия көрсету
  • Әзіл айтып, көрерменді күлдіру

Қорытынды және марапаттау

Сайыс соңында қазылар алқасы қорытынды шығарады. Шешім жарияланғанға дейін көрерменге сыныптың биші қыздары өнер көрсетеді.

Жүргізушілердің түйіні (өңделген мәтін)

«Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» демекші, бүгінгі сайысымыздың жеңімпазын анықтау үшін қазылар алқасына сөз береміз. Барлық қатысушы жігіттер жоғары деңгейде өнер көрсетті. Бұл — алдағы үлкен сынақтарға бастар алғашқы қадам. Әрқашан сүрінбей, мерейлері үстем болсын!

Номинациялар

  • Бас жүлде «Нағыз қазақ жігіті – 2012»
  • Дарынды жігітноминация
  • Сегіз қырлы, бір сырлыноминация
  • Өнерпаз жігітноминация
  • Парасатты жігітноминация
  • Алғыр жігітноминация
  • Шымыр жігітноминация
  • Шешен жігітноминация

Ізгі тілек

Өркендерің өссін, мерейлерің үстем болсын! Келесі кездескенше, күндерің нұрлы болсын!