Қол өнер сайысы
Іс-шара туралы мәлімет
Өтетін орны
Рудный қаласы, №2 Қашар орта мектебі КММ
Бөлім
Шағын орталық, «Қарлығаш» тобы
Жауапты тұлға
Тәрбиеші: Утебаева Гүлжайна Елмұратовна
Іс-шара
«Жігіт сұлтаны» тәрбиелік сайысы (Наурыз мерекесіне арналған)
Мақсаты
Балалардың тапқырлық, өнерпаздық және ойшылдық қабілеттерін ашу; эстетикалық талғамын дамыту; шығармашылық деңгейін арттыру; өз еліне, туған жеріне деген сүйіспеншілік сезімін күшейту. Сонымен қатар Отанын сүйетін нағыз қазақ жігітінің қасиеттерін бойына сіңіре алатын, ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеу.
Тапқырлық пен ойлау
Сұрақ-жауап, логикалық ойлау, шешім қабылдау.
Өнер мен эстетика
Өнер көрсету, сахна мәдениеті, талғам.
Ұлттық тәрбие
Туған жерге сүйіспеншілік, салт-дәстүрді тану.
Сайыстың барысы
Жүргізушінің құттықтауы
Құрметті ұстаздар, ата-аналар, жиналған қауым! Сіздерді Ұлыстың ұлы күні — Наурыз мерекесімен құттықтаймын! Сіздерге зор денсаулық, мол бақыт, еңбектеріңізге табыс тілеймін.
Уа, халайық, келіңіз, армысыздар! Барлығыңыз аман-есенсіздер ме?
Бала деген — өмірдің қызығы, бала деген — өмірдің жалғасы. Қызығын қызықтауға тоймаңыздар!
«Қарлығаш» тобы бүлдіршіндерінің Наурыз мерекесіне орай ұйымдастырылған «Жігіт сұлтаны» сайысына қош келдіңіздер!
Қатысушылар
Бүгінгі сайысымызға қатысатын сұлтан жігіттерімізді қошеметпен ортаға шақырамыз:
-
Елдос
Анасы: Марина
-
Нұрислам
Анасы: Забира
-
Мейрамбек
Анасы: Майра
-
Мақсат
Әпкесі: Нұрбану
Басталуы
Сайыс бүлдіршіндеріміздің Наурыз мерекесіне арнаған «Қош келдің, төрлет, Наурызым!» атты көңілді әнімен басталады.
Сайыс кезеңдері (6 кезең)
-
1) «Тегін білу — тектілік»
Сұлтандар өздерін таныстырады.
-
2) «Таза, мінсіз, асыл сөз…»
Сұрақ-жауап сайысы.
-
3) «Шебер қолдар»
Қолөнер сайысы (ана мен бала бірге).
-
4) «Күш сынасу»
Қол күрес.
-
5) «Үй тапсырмасы»
Өз өнерін көрсету (ән, би, тақпақ, т.б.).
-
6) Сәнділік
Сұлтандардың сән үлгісі мен сахна мәдениетін бағалау.
Өнерпаздар өнерін салыстырып, бәйге үшін терлетер шабыстырып. Әділдікті қолдайтын баға беріп, қазылар алқасын таныстырамыз.
2-кезең: сұрақ-жауап
«Мықты болсаң — сұрақтарға жауап бер!» Білім мен зеректік сыналатын кезең.
1) Қазақтың ұлттық ойындары
Ақсүйек, арқан тарту, сақина салу, көкпар, алтыбақан, қыз қуу, қол күрес, асық ойнау.
2) Жігіттің үш жұрты
Ағайын жұрты, нағашы жұрты, қайын жұрты.
3) Қазақ халқының тойлары
Құда түсу, қыз ұзату, неке той, беташар, шілдехана, бесік той, тұсаукесер, сүндет той.
4) Жеті ата
Ата, әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене.
Қосымша өнер нөмірлері
3-кезеңде балалар аналарының көмегімен өз шеберліктерін көрсетеді.
Кезекте ару қыздарымыздың дайындаған биін тамашалаймыз. Қабыл алыңыздар!
4-кезең — «Шын ер жеңсе — тасымас, жеңілсе — жасымас»: күш сынасу арқылы жігіттеріміздің мықтысы анықталады.
5-кезең — «Үй тапсырмасы»: өнер сайысы (ән, би, көрініс, тақпақ).
6-кезең — сәнділік: сәнденіп шыққан сұлтандарымызды аналарымен бірге қошеметпен қарсы алайық.
Қорытынды
Құрметті қонақтар, ата-аналар! Өздеріңіз бірге қызықтап, өнерлерін тамашалаған «Жігіт сұлтаны» сайысымыз мәресіне жетті.
Қазылар алқасы шешім шығарғанша, балаларымыздың Наурыз мерекесіне арналған тақпақтарын тыңдайық.
«Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні бар», «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» — бүгінгі сайыстың жеңімпаздарын анықтау үшін сөз кезегі қазылар алқасына беріледі.
Осымен «Жігіт сұлтаны» атты шағын сайысымыз аяқталды. Назарларыңызға рақмет!