Жуан дыбысты дыбыс

Ұ ұ дыбысы мен әрпі

Бұл сабақ жоспары оқушыларды Ұ ұ дыбысы мен әрпімен таныстыруға, сол әріп арқылы оқуға және жазуға үйретуге бағытталған. Сабақ барысында Ұ дыбысына қатысты сөздер ойлап, талдау жасалады.

Мақсаты

Ұ дыбысы мен әрпін таныту, сол әріп арқылы оқыту және жазуға үйрету. Ұ дыбысына байланысты сөздерді ойландырып, талдату.

Дамытушылық

Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, сөздік қорын молайту.

Тәрбиелік

Партада дұрыс отыруға, сауатты, қатесіз, таза жазуға және каллиграфияны сақтауға тәрбиелеу.

Сабақ сипаттамасы

Түрі
Аралас сабақ
Әдісі
Сұрақ-жауап, түсіндіру

Көрнекіліктер

  • Суреттер
  • Кеспе әріптер
  • Түрлі түсті бор
  • Ұ дыбысының баспа және жазба түрі
  • Кадоскоп
  • Плакат

Сабақтың барысы

1) Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық дайындық:

Отан — қамқор анамыз,
Біз бақытты баламыз.

2) «Аттарды баптау» ойыны

Шарт: Қазанның 25-і күні ауылда ат жарыс болады. Жарысқа аттарды баптап дайындауға көмектесуіміз керек. Әр аттың өз тапсырмасы бар — тапсырмаларды орындау арқылы көмектесеміз.

Тапсырма 1

«Жауын» сөзін кеспе әріптермен құрастыру. Дыбыстық талдау жасау.

Тапсырма 2

«Жылқы» сөзін тақтаға түрлі түсті бормен жазу, буынға бөлу.

Тапсырма 3

Берілген суреттің атауын айту. Сурет бойынша сөйлем құрау және сөйлем сызбасын сызу.

3) Жаңа сабақ

Жұмбақ

Темір құсты алып батпан,
Көк аспанда қалықтатқан.
Ағаларды кімдер дейді,
Алдымен тез тауып мақтан.

Жауабы: ұшқыш

Сұрақтар: «Ұшқыш» сөзі қай дыбыстан басталады?

  • Бүгін біз Ұ ұ дыбысымен танысамыз.
  • Ұ дыбысын бәріміз бірге айтып көрейік.
  • Бұл қандай дыбыс? Жуан дыбыс.
  • Қайдан білеміз? Созып айтуға болады.
  • Қай үйге кіргіземіз? Қызыл үйге.

4) «Сөз ойла, тез ойла» ойыны

Ұ дыбысына сөздер ойлату және ойлаған сөздерді қима әріптерден құрату.

ұн құс ұшқыш

Қорытынды: Ұ дыбысы сөздің басында және ортасында кездеседі.

5) «Ұйқасын тап»

Ұр — ұр — ұр
Ұқ — ұқ — ұқ
Бекарыс бұрышқа тұр,
Басыңды төмен бұқ.

6) Оқулықпен жұмыс

  • Сурет бойынша сөйлем құрату.
  • Бағандағы сөздерді оқыту, мағынасын түсіндіру.
  • Тізбектей оқыту.
  • Мәтіннің түсінгенін айтқызу.

7) Дәптермен жұмыс

Ұ, ұ әрпінің жазылу элементтерін түсіндіру. Ауаға жаздырып, саусақтарын жаттықтыру.

8) Диктант

Ұн ұр ұш құс ұт

9) Сабақты бекіту

«Кім шапшаң?» ойыны: кадоскоп арқылы тірек сызба бойынша бір буыннан бірнеше сөз құрастыру.

Қорытынды сұрақ: Бүгін біз қандай дыбыспен таныстық?

10) Бағалау

Оқушылардың сабаққа қатысуы, тапсырмаларды орындауы, оқу мен жазу дағдылары бағаланады.

Автор туралы мәлімет

ОҚО, Шымкент қаласы, Мақтарал ауданы, Жетісай қаласы, Атамекен ауылы, «Жібек жолы» жалпы орта мектебі.

Бастауыш сынып мұғалімі: Миманжораева Гүлжан Қуанышқызы