Қандай әдемі үйшік
Құттықтау сөз
Қайырлы күн, әріптестер мен тыңдаушылар! 1 мамыр – Халықтар бірлігі мерекесіне арналған «Ұлт бірлігі – ұлы байлық!» атты іс-шарамызға қош келдіңіздер!
Бұл күн – әрбір қазақстандық үшін Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімнің, адамзаттық борыш пен жалпыұлттық келісімнің мерекесі. Осы күні ел азаматтары ұлттар мен ұлыстардың тарихын дәріптеп, әлемдік қауымдастық жоғары бағалаған қазақстандық татулық пен келісімді паш етеді.
Еліміздің басты қуаты – қоғамдық келісім мен этносаралық үйлесім. Қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылық – ең маңызды байлығымыз. Осы жетістікке құрметпен қарап, оны сақтау жолында аянбай еңбек ету – барша қазақстандықтың ортақ борышы.
Баршаңызды 1 мамыр – Халықтар бірлігі мен ынтымақтастығы мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Бірлік туралы жыр
Нәсілдерге нәсіл болсын нұрлы күн,
Ынтымақтың шертсем деймін бір жырын.
Татулығын жырға қосам ұлттардың,
Мақтан қылып ұлыстардың бірлігін.
Тілі бөлек болғанымен тілегі бір,
Ұлы достық мәпелеген жүрек гүл.
Қазақстан – бар ұлысқа ортақ шаңырақ,
Шайқалмастан шаттығымызды тіреп тұр.
Ұлтаралық татулықтың арқасында бүгінде ел тыныш, жұрт аман. Осы берекеміз ешқашан бұзылмасын. Қазақстан Республикасында 130-дан астам ұлт өкілі бір үйдің баласындай тату-тәтті, жарасымды өмір сүріп келеді.
Жүзі басқа болғанымен жүрегі бір, тілі басқа болғанымен тілегі бір халықтар қазақ елінің салт-дәстүріне, ұлттық құндылықтарына құрметпен қарайды. Қазақ халқының қарапайымдылығы, қонақжайлылығы, бауырмалдылығы ерекше бағаланады. Ең бастысы – баршамызды Қазақстан жеріне деген ортақ сүйіспеншілік біріктіреді.
Бірлік – даму өзегі
«Бірлік, ынтымақ, сабырлылық пен парасаттылық – ең алдымен өзімізге керек». Көпұлтты мемлекеттің жарқын болашағы – Қазақстан халқының бірлігінде.
Түйін
Бірлік пен ынтымақ бар жерде ғана береке бар.
Сахналық бөлім: «Үйшік» ертегісі (жаңа формат)
Бүгін тыңдаушыларымыз бірлесе отырып өз өнерлерін ұсынбақ. Алдарыңызда орыс халқының «Үйшік» ертегісі.
Мәлімет
- Автор
- Ботина О. В.
- Музыка
- «В гостях у сказки»
Кейіпкерлер
- Тышқан Айтымова Дарья (қазақ)
- Бақа Ашимова Наташа (украин)
- Қоян Свириденко Елена (неміс)
- Түлкі Морозова Елена (орыс)
- Ешкі Соложонкина Галя (грузин)
- Мысық Мишина Светлана (ағылшын)
- Аю Шашура Юра (белорус)
Сценарий
Автор сөзі
(Қазақша амандасады. Құстар үні, музыка.) Бұл орманда болған оқиға. Ашық алаңқайда бір үйшік тұрған. Бір күні орманға бір тышқан қыдырып келеді.
Тышқан
(Қазақша амандасады) Сәлеметсіздер ме, құрметті қауым! Қазақстан – біздің Отанымыз, Қазақстан – біздің ардағымыз. Кең байтақ Қазақстандай жерде туған, біздің сірә, барма екен арманымыз?!
(Орманды бір айналып шығады.) Әдемі... Бұл үйшікте кім бар екен?
Автор: Ешкім жауап қатпады. Тышқан бос үйшікке кіріп, осында тұрып қалады.
Бақа
(Украин халық музыкасы. Украин тілінде амандасады.) Қандай әдемі орман! Қандай әдемі үйшік! Әдемі, кішкентай бұл үйшікте кім бар екен?
Тышқан: Мен тықырлауық тышқанмын! Ал сен кімсің?
Бақа: Мен бақылдауық бақамын.
Тышқан: Кел, бірге тұрайық!
Автор: Тышқан мен бақа тіл табысып, бірге тұрады.
Қоян
(Неміс халық музыкасы. Немісше амандасады.) Ерте заманда біздің халқымыз осы елге қоныс аударған. Қазақ жері бізді құшақ жая қарсы алды. Содан бері осы жерде өмір сүріп келеміз. Әдемі, кішкентай бұл үйшікте кім бар екен?
Тышқан: Мен тықырлауық тышқанмын!
Бақа: Мен бақылдауық бақамын.
Бәрі бірге: Кел, бірге тұрайық!
Автор: Қоян да үйшікке кіреді. Осылайша үшеуі бірге өмір сүре бастайды.
Түлкі
(Орыс халық музыкасы. Орысша амандасады.) Бұрыннан орыс пен қазақ тату-тәтті бірге өмір сүріп келеді. Әдемі, кішкентай бұл үйшікте кім бар екен?
Тышқан: Мен тықырлауық тышқанмын!
Бақа: Мен бақылдауық бақамын.
Қоян: Мен қорқақ қоянмын.
Бәрі бірге: Кел, бірге тұрайық!
Автор: Үйшік ішінен түлкіге де орын табылады. Достар енді төртеу болды.
Ешкі
(Грузин халық музыкасы. Грузин тілінде амандасады.) Біз, грузин халқы, жомарт халықпыз. Алыңыздар, жеңіздер! Әдемі, кішкентай бұл үйшікте кім бар екен?
Тышқан: Мен тықырлауық тышқанмын!
Бақа: Мен бақылдауық бақамын.
Қоян: Мен қорқақ қоянмын.
Түлкі: Мен қу түлкімін.
Бәрі бірге: Кел, бірге тұрайық!
Автор: Ешкі де үйшікке кіріп, бәрі бірге тұра бастайды.
Мысық
(Халық музыкасы. Итальян тілінде амандасады.) Мен – орман қонағымын. Әдемі табиғаттарыңызды тамашалауға келдім. Сіздерге әкелген сыйлықтарым да бар.
Бәрі бірге: Кел, төрлет! Жоғары отыр.
Автор: Мысық та олармен дос болып кетеді.
Аю
(Белорус халық музыкасы. Белорус тілінде амандасады.) Сіздерде бүгін көңілді екен!
Автор: Енді олар осы үйде бірге, тату және бақытты өмір сүреді. (Барлық ұлт өкілдері дастархан басына жиналып, «Туған жерім» әнін орындайды.)
Ән мәтіні: «Туған жерім»
1-шумақ
Асқарлы, қарлы шың,
Аялаған ән-құсым.
Туған жер, армысың,
Саған мың алғысым.
Туған жер, тірегім,
Сен деп өтті тілегім.
Өзің деп үнемі,
Соғады жүрегім.
Қайырмасы
Туған жерім, туған елім,
Ардақтағаным – айбыным.
Арманымсың, арман-дуған елім,
Асқар белім, шалқар көлім.
Құшағын жайған айбыным,
Мәңгілік тек пана – өзің ғана.
2-шумақ (орысша)
Много слов сказано,
Сколько песен сложено,
И стихов искренних на разных языках
О степях ветренных,
Снегом запорошенных,
О тебе, вечная цветущая земля.
Припев
Своих детей храни, земля,
Пусть ночи будут мирными.
У нас на всех одна, одна страна.
Своих друзей цени, земля,
Мы вместе будем сильными.
Дорога впереди у нас одна.
(Қайырма қайталанады.)
Қорытынды сөз
Біздің мемлекет – бейбітшілікті жақтайтын, достықты дәріптейтін, тыныштықты сақтайтын ел. Мереке құтты болсын! Баршаңызға, әр отбасыға, әр қазақстандыққа шынайы көңілмен бақыт пен береке тілеймін. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!
Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Щучинск қаласы
Тілдерді оқыту орталығының оқытушысы
Абленова Нұргүл Мырзаболатқызы