Сөйлемдерді көшіріп жазып, тәуелдік жалғауы жалғанған сөздерді табу
Сабақ туралы қысқаша мәлімет
Батыс Қазақстан облысы, Бөкей Ордасы ауданы, Жәрмеңке ауылы. Жәрмеңке бастауыш мектебінің мұғалімі — Хамзина Ағайша Нысановна.
3-сынып
Сабақ тақырыбы: Зат есімнің тәуелденуі
АК — 2014, 44-бет
4-сынып
Тақырып: Есімдік
АК — 2015, 50-бет
Сабақтың мақсаты
-
1. Оқушылардың зат есімнің тәуелденуі туралы түсініктерін бекіту; есімдіктердің есім сөздердің орнына жұмсалатынын ұғындыру және атқаратын қызметі туралы түсінік беру.
-
2. Оқушылардың ой-өрісін, тілін, жылдам ойлау қабілетін дамыту.
-
3. Ынтымақтастыққа, сыйластыққа, үлкенді құрметтеуге тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер
Сұрақ-жауап, түсіндіру, салыстыру, ажырату.
Сабақ түрі
Кіріктірілген сабақ.
Көрнекіліктер
Қималар, үлестірмелі қағаздар.
Сабақ барысы
I. Ұйымдастыру
Оқушылардың назарын сабаққа аудару. Психологиялық дайындық:
Жан-жағыма нұр шашып,
Арайлап жарқын таң атса.
Жер бетінде жайқалып,
Жадырап өссе әр бала.
Кездескенде достарым,
Құшағымды кең аштым.
II. Үй тапсырмасын тексеру
Дәптерлерін жинап алу.
III. Үй тапсырмасын қорытындылау
«Иә — жоқ» ойыны арқылы қайталау:
IV. Жаңа сабақ
3-сынып
Өзіндік жұмыс
Менің інім, дәптерім
Сенің ..., ...
Сіздің ..., ...
Оның ..., ...
4-сынып
Тәжірибелік бөлім
Есімдіктің зат есімнің орнына жүретінін мәтін арқылы дәлелдеу және сөйлем ішінде қызметін ажырату.
2-жаттығу: мәтінмен жұмыс
Сөйлемдерді көшіріп жазып, тәуелдік жалғауы жалғанған сөздерді табу:
Балапан ауладан дән тауып алды. Ол қайырымды еді. Ешқашан жалғыз өзі ештеңе жеген емес. Барлығын да бауырларымен бөлісе салатын. Ол енді дәнге қарады да, ойланды: «Дән өте кішкентай. Оны біреуіміз ғана жеуіміз керек. Дәнді жерге көме тұрайын. Ал өзім тағы да дән іздейін. Сонда бәрімізге бірдей жетеді».
Негізгі тұжырым: «Балапан» сөзінің орнына «ол» сөзі қолданылып тұр. «Ол» сөзі зат есімнің орнына жұмсалып, есімдік қызметін атқарады.
Есімдіктер (үлгілер)
мен, сен, ол, біз, өзі, бұл, сол, анау, мына, кім, не, қанша, бірнеше, бәрі, ешкім, ешбір, ешқашан, кейбір, әркім, әрқашан.
Жаттығулардың орындалу реті
1-жаттығу
Ауызша талдау.
2-жаттығу
Өз бетімен жазу.
3-жаттығу
Тақтамен жұмыс.
4-жаттығу
Ауызша.
5-жаттығу
Өз бетімен жазу.
Сергіту сәті
Ал, қанеки, тұрайық,
Алақанды ұрайық.
Бір отырып, бір тұрып,
Біз тынығып алайық.
Жеке жұмыс
-
1) Жұмбақ
Қызық екен мұнысы,
Секілді аттың тағасы.
Секілді күннің інісі,
Жұлдыздың бірақ анасы.Тапсырма: тәуелдік жалғауы бар сөздерді тауып, қай жақта тұрғанын белгіле.
-
2) Мақал
Ынтымақ — ырыс қазығы.
Денсаулығың сай болса,
Көңілің де жай болар.Тапсырма: тәуелдік жалғауы бар сөздерді тап.
-
3–5-жаттығулар
Өз бетімен жазу және ауызша талдау (сынып деңгейіне қарай).
Топтық жұмыс
1) Мәтін
Халық шеберлерінің сәндеп, ою-өрнектеп безендірген бұйымдарының бірі — тұс киіз. Тұс киіздің көлемі керегеге тұтастай жетерліктей болып жасалады. Тұс киізді қалың киізден жасайды.
2) Жұмбақ
Бар әлемнің жылынатын оты бар,
Әрқашан да күлім қағып ол тұрар. (Күн)
3) Сөйлем құрау
Мен, сен, сіз, ол, біз, сендер, олар сөздерімен сөйлемдер құрау.
V. Жаңа сабақты қорытындылау
Бекіту сұрақтары (таңдау жауаптарымен):
1) Сөйлемдегі зат есімді көрсетіңдер:
Ауылда көктем ерте шықты.
- A) ерте
- Ә) көктем
- Б) шықты
- В) ауылда
2) Көп нүктенің орнына тиісті есімдікті қой:
... өзін бақытты сезінеді.
- A) сен
- Ә) сіздер
- Б) ол
- В) бұлар
3) Зат есімнің тәуелденуін көрсет:
- A) оқушымын
- Ә) әжең
- Б) барамыз
- В) олар
4) Сөйлемді толықтыр:
Зат есім, сан есім, сын есімдердің орнына жұмсалатын сөздерді ... дейміз.
- A) етістік
- Ә) шылау
- Б) есімдік
- В) одағай
5) Зат есім нені білдіреді?
- A) заттың белгісін
- Ә) заттың санын
- Б) заттың атын
- В) заттың сынын
VI. Үй тапсырмасы
3-сынып
6-жаттығу, 46-бет.
4-сынып
6-жаттығу, 52-бет.
VII. Бағалау
Оқушылардың белсенділігі мен тапсырмаларды орындау сапасына қарай бағалау жүргізіледі.