Әдеби шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтау
Қысқа мерзімді жоспар
- Пән
- Қазақ тілі
- Сабақтың тақырыбы
- Ы. Алтынсариннің «Қыпшақ Сейтқұл» әңгімесі
- Мұғалім
- Жұбаева Қ. Е.
Оқу мақсаттары
- Көркем шығармадағы кейіпкерлердің портреті мен іс-әрекеті арқылы образын ашу.
- Әдеби шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтау.
Сабақтың мақсаттары
- Оқушылар әңгіме желісі бойынша кейіпкерлердің портретін жасайды және іс-әрекеті арқылы образын ашады.
- Жақсы іс пен жаман істің ара-жігін ажыратады.
- Шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтайды.
Сабақтың барысы
Сабақтың басы
Мұғалім ыдыста тұрған өшіргіштердің түстеріне қарай оқушыларды 6 топқа бөледі және «Ақылдың 6 қалпағы» әдісін қолданады.
Тақырыпты ашу
Сабақ презентациясындағы бейнежазба көрсетіліп, оқушылар бейнематериал негізінде сабақ тақырыбына болжам жасайды.
- Бейнежазбадан нені байқадыңдар?
- Қандай көріністер естеріңде қалды?
Мұғалім сабақ мақсатымен таныстырады. Оқушылар мен мұғалім бірлесе отырып бағалау критерийлерін құрастырады.
Мұғалім аудиожазба арқылы Ы. Алтынсариннің «Қыпшақ Сейтқұл» әңгімесін тыңдатады.
Сабақтың ортасы
«Ақылдың 6 қалпағы» әдісі арқылы жұмыс бағыты
- Әңгімені оқу, түсіну, мазмұндау және сұрақтарға жауап беру.
- Болжау: әңгіменің идеясына болжам жасау.
- Жағымды кейіпкердің образын жасау.
- Жағымсыз әрекеттерді анықтау.
- Шығармашылық тапсырмалар орындау.
- Саралау: әр топтың жауабына сүйене отырып, шығарманы жинақтап қорыту.
Бағалау критерийлері (дескрипторлар)
- Шығарманы түсінеді және мазмұндайды.
- Әңгіменің идеясын анықтай алады.
- Кейіпкерлердің образын жасай алады.
- Тақырыпты дұрыс түсінеді.
- Шығармашылық жұмыстар жүргізеді және қорытындыда өз тұжырымын топ жауаптарымен салыстырады.
Тапсырмалар
Тапсырма 1
Сөздік жұмыс
Шығармада сирек қолданылатын сөздердің мағынасын анықтап, синонимдік қатар құрыңыз.
Жәрмеңке
Қарауыл
Данышпан
Барымта
Дереу
Бақташы
Қолға түсу
Халық
Бейнет
Айырбас
Тапсырма 2
Құрылым және жоспар
Шығарманың жоспарын құрылымы бойынша дұрыс ретпен орналастырыңыз.
-
1-тармақ
Сейтқұл әуелі мекен ететін бір орын іздеді.
-
2-тармақ
Сейтқұл қолына кетпен алып, отыз үйлі кедейіне де кетпен беріп, жер тегістеп, егін егуге кірісті.
-
3-тармақ
Бұлардың бір ауызға қарап, бірлігі бекіген халық екенін байқаған соң, малға қызыққан сырттағы көшпелі жұрт батып келе алмады.
-
4-тармақ
Сейтқұлдың ағасы жұрттың малын ұрлап бай боламын деп жүріп, Қоңырат жағында қолға түседі. Кім екені де белгісіз біреу өлтіріп кетеді. Қалған мал-жаны «ұрының малы» деп Түркістан әкімдері тарапынан тәркіленеді. Сейтқұл жамағатын көп жылдар іздетіп, ақыры тауып, қасына алады.
Жұптық жұмыс
Оқушылар жұптасып, әңгіме мазмұны бойынша қысқа диалог құрады: кейіпкер әрекетіне баға береді, идея туралы пікір айтады және дәлел келтіреді.