Қыз Жібек жыры
Сабақтың мақсаты мен міндеттері
Білімділік
Халық ауыз әдебиеті мен ежелгі дәуір әдебиеті бойынша алған білімді жинақтау және қорытындылау.
Дамытушылық
Білім-білік дағдыларын арттыру, әр сұраққа ұтымды әрі нақты жауап беруге машықтандыру.
Тәрбиелік
Өз бетімен ізденуге, білімділікке, шапшаңдыққа және топпен жұмыс істеуге жетелеу.
Сабақтың барысы: ұйымдастыру кезеңі
Мұғалімнің әрекеті
- Оқушылармен амандасу, сынып тазалығына назар аудару.
- Сыныпты 3 топқа бөлу.
- Қазылар алқасының мүшелері мен ойын кезеңдерін таныстыру.
Топ атаулары
1-топ
«Тойбастар»
2-топ
«Өтірік өлең»
3-топ
«Тұсаукесер»
Мұғалімнің кіріспе сөзі
Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгін 9-сынып оқушыларының қатысуымен өтетін «Атажұрт» зияткерлік ойынына қош келдіңіздер!
Ойын кезеңдері
I кезең
Өткел
II кезең
Белес
III кезең
Бекет
IV кезең
Асу
V кезең
Жерұйық
I кезең — «Өткел»
Әр топқа 5 сұрақтан қойылады. Әрбір дұрыс жауапқа 10 ұпай қосылады.
I топ — «Тойбастар»
- Ауыз әдебиеті дегеніміз не?
- «Құрығыңды майырып, Түнде жылқы қайырып. Жаудан жылқы айырып, Жігіт болар ма екенсің?» — үзінді қай жырдан алынған?
- Тіл тақырыбында 5 мақал-мәтел айтыңыз.
- Айтылуы қиын, жаңылдыру үшін айтылатын сөз үлгісі қалай аталады?
- Бата жырынан шумақтарға мысал келтіріңіз.
II топ — «Өтірік өлең»
- Ауыз әдебиетінің түрлерін атаңыз.
- «Ата-анам еді дәулетім, Мен жұртыма жау ма едім, Жат жұрттық болып кеткен соң, Кетер-ау бастан сәулетім» — үзінді қай жырдан алынған?
- Ақыл, оқу-білім тақырыбында 5 мақал-мәтел айтыңыз.
- Қыздың ағайын-туыс, ел-жұрт, әке-шешемен қоштасып айтатын жыры қалай аталады?
- Бата жырынан шумақтарға мысал келтіріңіз.
III топ — «Тұсаукесер»
- Ауыз әдебиетінің жазба әдебиеттен айырмашылығы қандай?
- «Бар екен де, жоқ екен, Аш екен де, тоқ екен...» — үзінді ауыз әдебиетінің қай түріне жатады?
- Отан, туған жер тақырыбында 5 мақал-мәтел айтыңыз.
- Көңіл-күй жырларына нелер жатады?
- Бата жырынан шумақтарға мысал келтіріңіз.
II кезең — «Белес»
Әр топқа жеке суреттер көрсетіледі. Тапсырма сұрақтары: «Бұл не?», «Бұл туралы не білесің?», «Бұл кім?», «Қандай шығармаларын білесің?». Дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі.
III кезең — «Бекет»
Топ жанашырларына арнайы сұрақ қойылады. Дұрыс жауап берілсе, 10 ұпай қосылады.
I топ жанашырларына
Үш жұртты атаңыз.
II топ жанашырларына
Үш арсызды атаңыз.
III топ жанашырларына
Үш мұратты атаңыз.
IV кезең — «Асу»
Әр топқа таңдау еркі беріледі: үш жырдың бірін таңдап, әр жыр бойынша 5 сұраққа жауап береді. Әр дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі. Бұл — шешуші кезең: ұпайы аз 2 топ ойыннан шығады.
«Ер Тарғын» жыры
5 сұрақ- «Ер Тарғын» жырының аса құндылығы саналатын, аты аңызға айналған, тарихта болған дана ойшыл кім?
- «Қадір білмес сен итке, Қараша болып не етемін» — кімнің сөзі?
- Бес жасынан-ақ жас шыбықтан жай тартып, жалғыз шиден оқ атып машықтанған кім?
- Қырық ханның үлкені, Ақжүністің әкесі кім?
- Ер Тарғынның тұлпарының аты қандай?
«Қыз Жібек» жыры
5 сұрақ- Төлеген Ақжайыққа қанша жорға ала кетеді?
- «Айналайын, Жібегім, Шыныдан аппақ сүйегің. Осы емес пе еді Құдайдан, Қарағым, сенің тілегің» — кімнің сөзі?
- Жырда Қыз Жібектің келбеті қалай суреттеледі?
- «Қыз Жібек» кинофильмінің режиссері кім?
- Төлеген мен Қыз Жібек бейнесін сомдаған актерлер кімдер?
«Біржан мен Сара» айтысы
5 сұрақ- Көкшетау облысы, Еңбекшілер ауданында 1834 жылы дүниеге келген кім?
- «Абайға тамам елің Найман жетпес, Зейінің түпсіз дария, көзің жетпес...» — кімнің сөзі?
- «Сайраған Орта жүздің бұлбұлымын» деген кімнің сөзі?
- «Кестенің бізі сала алмас өрнектер» тіркесі кімнің сөзіне тән?
- «Бар екен жаннан артық сөйлер сөзің...» — кім туралы айтылған?
V кезең — «Жерұйық»
Қанатты сөздің авторын табу керек:
Сұрақ
«Ауыз әдебиеті көркем ойлау мен көркем сөздің озық үлгісі ретінде қалыптасқан» — бұл пікір кімге тиесілі?
Қорытынды
Ойын соңында қорытынды сөз қазылар алқасының мүшесіне беріледі. Қазылар ұпай санын жариялап, командалардың белсенділігі мен жауап сапасын бағалайды.
Нәтиже
Оқушылар ауыз әдебиеті мен ежелгі дәуір әдебиеті бойынша білімін жүйелейді, жылдам ойлау және дәл жауап беру дағдыларын шыңдайды.
Құндылық
Топтық жұмыс мәдениеті қалыптасып, өзіндік ізденіс пен жауапкершілік күшейеді.