СТО стратегиясы
Қазақстан тарихы · 8-сынып
Сабақ тақырыбы
Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс: барысы, жеңілу себептері, тарихи маңызы.
Негізгі идея
Сабақта Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыстың мән-мағынасы ашылады: көтерілістің даму кезеңдері қарастырылады, сәтсіздік себептері талданады және тарихи маңызы бағаланады.
Сабақтың мақсаты
Оқушылар Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыстың мазмұнын терең түсініп, көтерілістің барысын, жеңілу себептерін және тарихи маңызын анықтайды.
Сабақтың міндеттері
-
К. Қасымұлы бастаған көтерілісті зерттеу нәтижесінде қырғыз манаптарымен және Қоқан хандығымен болған шайқастардағы көтерілісшілердің әскери қимылдарына баға береді.
-
Өздігінен жұмыс жасай отырып, қозғалыстың қазақ қоғамындағы ішкі қайшылықтармен және патша өкіметінің отаршыл саясатының ықпалымен байланысын дәлелді түрде түсіндіреді, өз позициясын сауатты қорғайды.
-
Көтерілістің барысы мен жеңілу себептерін талдап, картамен жұмыс арқылы түсіндіреді; салыстырады, пікірін дәлелдермен тұжырымдайды; шығармашылық белсенділігін дамытады.
Күтілетін нәтиже
-
Жеке және жұппен тиімді жұмыс істеуді меңгереді.
-
Бірін-бірі оқыту арқылы тақырыпты игереді.
-
Кенесары Қасымұлының ел басқарудағы жағымды қырларын сипаттайды.
-
Ойын еркін айтады, өзін-өзі бағалауды қолданады.
Табыстылық критерийлері
-
1837–1847 жылдардағы қозғалысты қорытындылап, «ұлт-азаттық қозғалыс» және «тәуелсіздік» ұғымдарына талдау жасайды.
-
Халқының бостандығы үшін күрескен Кенесарының ерлігін дәріптеп, жеріне және еліне сүйіспеншілігін дәлелді көзқараспен білдіреді.
-
Хан билігі кезеңіндегі саяси оқиғалардың себептерін анықтап, ішкі және сыртқы саясаттағы айырмашылықтарды зерттейді.
Бағалау шкаласы
- 3–7 ұпай
- «3»
- 8–10 ұпай
- «4»
- 10–15 ұпай
- «5»
Қолданылатын модульдер
Көрнекіліктер мен ресурстар
-
Таныстырылым материалдары
Суреттер, кестелер.
-
Кенесары хан туралы материалдар
Портрет, бейнебаян.
-
Таратпа құралдар
Стикерлер, бағалау парақтары.
-
Жұмыс формалары
Жеке, жұптық, топтық тапсырмалар.
Әдіс-тәсілдер
Сын тұрғысынан ойлау (СТО) стратегиялары
-
Қызығушылықты ояту: елестету, ой шақыру.
-
Мағынаны тану: жеке және жұппен жұмыс, таратпа тапсырмалар (қолдану, зерттеу, суреттеу).
-
Ой толғаныс: ақпаратты топтастыру, жинақтау, талдау.
Кубизм стратегиясы
Көпқырлы талдау және салыстыру.
«Ақылдың алты қалпағы»
Әртүрлі позициядан ой қорыту.
Рефлексия
«Бес жолды өлең», «Білім кемесі».
Сабақ жоспары
I. Ұйымдастыру кезеңі
-
Мақсат қою, жұпқа бөлу.
-
Психологиялық тренинг өткізу, оқушыларды сабаққа икемдеу.
II. Сабақ барысы (СТО-ның 3 фазасы)
- Қызығушылықты ояту
- Мағынаны тану
- Ой толғаныс
Ой сергіту және мотивация
Адам меңгермейтін білім бар ма?
Жойқын істі тындырар күшің бар да.
Оқы, үйрен, жас ұрпақ бәрін меңгер,
Алға қойған мақсатың ісің бар да!
Үй тапсырмасы
Берілген тақырып бойынша дайындық жұмыстарын толықтыру және негізгі ұғымдарды қайталау.
Қызығушылықты ояту: мәтінмен жұмыс
Хан болды Кенесары Орта жүзге,
Жайылды әруағы өзге жүзге.
Хәкім боп, жеті жұрттан иығы асты,
Жарамас шөп салуға басқан ізге.
Жауап
Кенесары хан туралы.
Қорытынды сұрақ
Ендеше бүгінгі сабақтың тақырыбы қандай?
Топтастыру: Кенесары Қасымұлы кім?
Кенесары Қасымұлы — саясаткер, мәмілегер, батыр, ұлт-азаттық қозғалысының қолбасшысы, Абылай хан ісін жалғастырушы, әрі қазақтың соңғы ханы.