Сенде өткізген артық екен бір күнім, Басқа жерде той тойламаған мың күннен

Тұманбай Молдағалиев өлеңі

Күнім сенсің, тас төбемде тұрса түн,
Анам сенсің, жолдан тайсам, ұрсатын.
Саған қарай ұлып келем, туған жер,
Көктем жаққа құстар солай ұшатын.

Сенде көктем, сенде алма ағаш гүлі бар,
Аспанында аяулы елдің жыры бар.
Ақсұңқарың қанша биік ұшса да,
Саған келер, саған келіп жығылар.

О, туған жер, қадіріңді кім білген,
Мен қырыңнан теруші едім бүлдірген.
Сенде өткізген артық екен бір күнім,
Басқа жерде той тойламаған мың күннен.

Қайда жүрсем, ойлап сені жүремін,
Сүйікті елім, момын елім, ұлы елім.
Саған ғана арқамды мен сүйедім,
Саған ғана аяғымды тіредім.

Кетсем сенен арысырақ жыраққа,
Мен өзіңді көрмесем - ақ бір апта,
Жүдеп қалам, ұқсап қалам сонда мен
Құяр жерін таба алмаған бұлаққа.

Ақ қайыңдар, көк теректер, тыңдаңдар,
Жеңешелер, қарындастар, туғандар,
Көрініңдер, қарсы алдымнан шығыңдар,
Менде сендер оқымаған жырлар бар.

Әкел маған тұлпар атты ең мықты,
Көрсін дүние жүйріктікті, ерлікті,
Кең далада қалсын бойым жазылып,
Кең далада қалсын бойым жазылып,
Кең далада үйреніп ем кеңдікті.

Дәмем де зор үлбіреген гүліңнен,
Осы сенен қаламадым бүгін мен.
Қажетіңді аша алмасам егерде,
Қиып таста көктетпей - ақ түбімнен.

Тұманбай Молдағалиев басқа өлеңдері



Ұқсас жұмыстар

Экологиялық жұмыстарды ұйымдастыру
Қазақ халқының салт-дәстүрлері туралы
Базар жырау
Қазақ тілім, өркенде!
Бастауыш мектепте зат есімді оқыту тәжірибесімен танысу
Бастауыш сыныптарда зат есімді оқытудың тиімді жолдары
Қазіргі күндегі экологиялық білім берудің географиялық негізі
Қуандық Шаңғытбаевтың Махаббат пен ғадауат кітабындағы айшықты өрнектер, көркемдік ерекшелігі турасында
Бастауыш сынып оқушыларына экологиялық тәрбие берудегі ырым тыйымдардың тәрбиелік мәні
Жыраулардың өлең құрылымы негізінен толғау
МЫҢЗЫҚҰЛЫ ЕДІЛ ҚАҒАН
БУМЫН ҚАҒАН
Басқару процесiнiң мазмұны
Фирманың баға саясаты және баға стратегиясы нарық құрылымының әсерін талдау
Ақша айналымын реттейтiн заңдылықтар
Ақтөбе қаласы бойынша салық және басқа да міндетті төлемдердің бюджетке түсуін талдаудың ақпараттық жүйесін тұрғызу
Қылмыс қүрамының түсінігі және маңызы
Коммерциялық банктердің қаржы айналымында бағалы қағаздармен жүргізілетін операциялары
Мұнаймен ластанған топырақтан бөлініп алынған микроорганизмдердің микробтық құрамын зерттеу