Сәкен Сейфуллин көшесінің мерекесі

Сәкен Сейфуллин көшесінің мерекесі

Бұл шара Қазақстан халқы тілдерінің XIII қалалық фестивалі аясында өткізіліп, ХХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің ірі тұлғаларының бірі — ақын, жазушы, қоғам және мемлекет қайраткері Сәкен Сейфуллиннің есімін ұлықтауға арналған.

Мерекенің негізгі мақсаты — Сәкен Сейфуллиннің ақындық талантын шәкірт жүрегіне ұялату, оның сыршыл да шыншыл өмірі мен шығармашылығы арқылы рухани ықпал ету. Сонымен қатар мемлекеттік тілді қастерлеуге, оқушыларды білімге, туған жеріне және еліне сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Іс-шараның өткізілген орны мен мәні

Құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар! Астана қаласы №3 мектеп-гимназиясының оқушылары мен ұстаздары ұйымдастырған мерекелік кешке қош келдіңіздер.

Бүгінгі мереке Қазақстан халқы тілдерінің XIII қалалық фестивалімен және егемен еліміздің Тәуелсіздігінің 20 жылдығымен тұспа-тұс келіп отыр.

Арнау шумақтары

Арманшыл, балғын түлектің,
Бойына қанша гүл ектің?!
Шәкіртің үшін аянбай,
Жылуын бердің жүректің!

Кеш барысында қазақ биі орындалады.

Мемлекеттік тіл — елдік белгі

Тәуелсіз елімізде өмір сүріп отырған түрлі ұлт өкілдері арасындағы достық пен бірлікті нығайту — маңызды міндет. Осы жолда мемлекеттік тілге құрмет сезімін қалыптастыру, оны дамыту және қолдау — баршамызға ортақ жауапкершілік.

Тілден артық қазына жоқ, тілден артық қасиет жоқ. Тәуелсіз, егемен елдің басты белгілерінің бірі — тіл. Тіл халықпен бірге өмір сүріп, бірге дамиды, өйткені әр ұлттың тілі — оның бақыты мен тірегі.

«Қазақ тілі үш тілдің біреуі болып қалмайды. Үш тілдің біріншісі, негізгісі, маңыздысы бола береді.»

Нұрсұлтан Назарбаев

Тіл туралы өлеңдер мен тақпақтар

1-оқушы

Туған тілім — бабам тілі — өз тілім!
Туған тілім — анам тілі — өз тілім!
Туған тілім — далам тілі — өз тілім!
Туған тілім — адам тілі — өз тілім!

2-оқушы

Қай халықтың тілі болсын — өзіне тән қымбат та қимас қазына. Сол себепті ана тіліміз — алтындай асылымыз, мөлдір маржанымыз, ғажайып гауһарымыз.

3-оқушы

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында: «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі — қазақ тілі. Қазақстанның болашағы — қазақ тілінде», — деген болатын. Мемлекеттік тілді үйрену, білу және дамыту — баршамыздың міндетіміз, әрқайсымыздың парызымыз.

4-оқушы

Қазақ тілі — борандатқан дауыл күй!
Қазақ тілі — өлең, жыр мен ән мен күй!
Байқасаңдар, қазақ тілі — осындай,
Аққан судай, ескен желдей табиғи!

5-оқушы

Сегодняшний Казахстан — многоязычная страна, в которой проживают народы, говорящие на языках разных групп. Еще Максим Горький говорил: «Надо воспитывать в себе вкус к хорошему языку, как воспитывают вкус к гравюрам, к хорошей музыке».

6-оқушы

Kazakhstan is a multinational independent country. There are 126 nationalities living in it. There are also TV and radio programmes, newspapers, and magazines published in different languages.

7-оқушы

Тілдің бәрі қымбат маған,
Әр ұлт тіл сырын сақтаған.
Бәрінен де сен артықсың,
Қазақ тілім, жыр баптаған!

Тілім барда мақтанамын,
Әнімді айтып шаттанамын.
Сол тілімнің құдіреті —
Таптатпаған жатқа бағын!

8-оқушы

Қазақ халқының мақал-мәтелдерінде поэзияға тән ырғақ, үйлесім, үндестік және ой өткірлігі бар:

  • Тілі бардың — елі бай.
  • Тіл тас жарады, тас жармаса, бас жарады.
  • Өнер алды — қызыл тіл.
  • Шебердің қолы ортақ, шешеннің ойы ортақ.

Ұйымдастырушы туралы

Астана қаласы, №3 мектеп-гимназиясының қазақ тілі пәні мұғалімі — Сыздықова Сәуле Серікқызы.