Оқушылардың білгісі келетін сұрақтарын интербелсенді тақтаға жазып қою

Тізбектелген сабақтар жоспары №2

Сабақ тақырыбы

Ай — Жердің серігі

Жалпы мақсат

  • Ай туралы жалпы түсінік қалыптастыру.
  • Оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамыту.
  • Өзара ынтымақтастыққа және бірлікке тәрбиелеу.

Оқу нәтижелері

Оқыту үдерісінде әр оқушыға жеке тұлға ретінде қарау арқылы өзіне деген сенімі артады, білімге ынтасы күшейеді. Оқушылар топтық жұмысқа дағдыланып, өз ойларын еркін жеткізеді, мақсатқа жетуге бірлесе ұмтылады, бірін-бірі бағалайды, шығармашылыққа талпынады және пәнге қызығушылығы артады.

Назардағы дағдылар

Сыни ойлау Ынтымақтастық Өзін-өзі білдіру Бағалау Шығармашылық

Түйінді идеялар

Сыни тұрғыдан ойлау арқылы оқушылардың ой-пікірі мен пайымдауы қалыптасады.

Ресурстар

Интерактивті тақта Компьютер Слайд Маркер Плакат Магнит Бағалау парағы Кері байланыс (көңіл күй) парағы

Жаттығулар және бірлескен жұмысқа негізделген тәсіл

Сабақ құрылымы: топтық жұмыс, диалог, тәжірибе және рефлексия

  1. I. Топқа бөлу

    Ұйымдастыру кезеңі

    Оқушылар «Ай», «Жер», «Күн» сөздері бойынша 3 топқа бөлінеді. Әр топта топбасшы тағайындалады.

  2. II. Сергіту сәті

    Энергияны арттыру

    Сергіту клипі бойынша қысқа қимыл-қозғалыс жаттығуы орындалады.

  3. III. Өткенді қайталау — «Ыстық орындық» стратегиясы

    Үй тапсырмасын тексеру

    Оқушылар өткен сабақ бойынша әрқайсысы бір сұрақ жазып, қобдишаға салады.

    Жеребе арқылы бір оқушы ортадағы орындыққа отырып, қобдишадан таңдалған сұраққа жауап береді. Жауап бере алмаса, келесі оқушы алмастырады.

    Осылайша бірнеше оқушы арқылы үй тапсырмасы жүйелі түрде тексеріледі.

  4. IV. «Миға шабуыл» стратегиясы

    Тақырыпқа кіріспе

    Талқылау сұрақтары

    • «Серік» деген не? Бұл ұғымды қалай түсінесің?
    • Ғалымдардың ішінде кім ең алғаш ғаламшар серіктерін байқады?
    • Бұл қай ғаламшарға қатысты?
    • Ендеше, Жердің серігі не деп ойлайсың?

    Күтілетін қорытынды

    Оқушылар өз ой-пікірлерін білдіре отырып, талқылау нәтижесінде Ай — Жердің серігі деген тұжырымға келеді.

  5. V. Мағынаны тану — ББҮ стратегиясы

    Білемін · Білгім келеді · Үйрендім

    Білемін

    Оқушылар алдымен бұл бағанды 2 минут ішінде жеке толтырады. Кейін жұппен талқылап, топ ішінде ортақ ойларын жинақтайды. Әр топтан бір оқушы ортаға шығып бөліседі.

    Білгім келеді

    Оқушылар бұл бағанды 1 минут ішінде толтырады. Қызықтырған сұрақтар интерактивті тақтаға жазылады.

    Үйрендім

    Сабақ соңында оқушылар өздері тапқан жауаптарды қорытындылап, не үйренгенін осы бағанға жазады.

    Мәтінмен жұмыс

    «Білгім келеді» бағанындағы сұрақтарға жауапты оқулық мәтінінен іздеу үшін сынып топтарға бөлінген материалдармен жұмыс істейді. Әр топ өз мәтіні бойынша ойларын плакатқа түсіреді, соңынан баяндамашы шығып қорғайды.

  6. VI. Ой толғаныс — рөлдік ойын

    Тәжірибе және модельдеу

    1-топ

    Күннің тұтылуын тәжірибе түрінде көрсету.

    2-топ

    Айдың тұтылуын тәжірибе түрінде көрсету.

    3-топ

    Ай фазаларының ауысуын тәжірибе түрінде көрсету.

  7. VII. Бағалау

    Қалыптастырушы бағалау

    Бағалауды топбасшылар жүргізеді.

  8. VIII. Кері байланыс

    Көңіл күйді анықтау

    Оқушылар бүгінгі сабаққа қатысты көңіл күйін стикерге жазып, тақтадағы плакатқа ілу арқылы білдіреді.

  9. IX. Үй тапсырмасы

    Жазылым

    «Айға сапар» тақырыбында эссе жазу.