Сөз жұмбақ шешу
Сайыс тақырыбы
«Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар»
Мақсаты
1) Білімділік
Пән бойынша алған білімдерін анықтау, қызығушылығын ояту, ойлау қабілетін дамыту, топпен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру және білімдерін жетілдіру.
2) Дамытушылық
Білім-білік дағдыларын арттыру, оқушылардың ойлау қабілетін және ғылыми көзқарасын дамыту.
3) Тәрбиелік
Қоршаған ортаны аялауға, ұжымшылдыққа және өз ойын нақты жеткізе білуге тәрбиелеу.
Сайыс шарттары
-
1
«Ең, ең, ең»
Ширату сайысы
-
2
Топ басшылары сайысы
«Иә/Жоқ» форматындағы қысқа сұрақтар
-
3
Сөзжұмбақ шешу
Әр топқа 3 сөзжұмбақ беріледі
-
4
«Жорға»
Ұпайы жоғары, қарқыны жылдам кезең
-
5
«Егер мен…»
Эссе жазу
Ұйымдастыру бөлімі
Жүргізуші
Сайыс қатысушыларымен таныстырады.
- 3 команда қатысады: 4 «А», 4 «Б», 4 «В».
Әділқазылар алқасы
Командалардың нәтижесін бағалайтын әділқазылар таныстырылады.
1-айналым: «Ой сергіту»
Бағалау
Әр дұрыс жауапқа — 1 ұпай
-
Ең биік шың
Джомолунгма
-
Ең кіші материк
Аустралия
-
Ең үлкен көл
Каспий
-
Ең ұзын өзен
Ніл
-
Ең суыққа төзімді құс
Пингвин
-
Ең үлкен жылан
Анаконда
-
Ең кішкентай құс
Колибри
-
Ең қомағай жәндік
Инелік
-
Ең ұзын тау жотасы
Анд
-
Ең үлкен мұхит
Тынық мұхиты
-
Ең кіші мұхит
Солтүстік Мұзды мұхиты
-
Ең суық материк
Антарктида
2-айналым: Топ басшылары сайысы
Шарты: сұрақтарға тек «Иә» немесе «Жоқ» деп жауап береді. Әр топ басшысына 5 сұрақтан қойылады.
1-топ басшысы
- Тіршілік үшін 5 нәрсе қажет.
- Жерден басқа планетада тіршілік жоқ.
- Мырыш — көкшіл түсті металл.
- Тышқан — қосмекенді жануар.
- Арпа, бидай, сұлы — суыққа төзімсіз өсімдіктер.
2-топ басшысы
- Піл — сүтқоректі жануар.
- Қолтырауын жұмыртқалайды.
- Мақта Қостанайда өседі.
- Хеопс пирамидасы Қытайда орналасқан.
- Ең үлкен сүтқоректі жануар — кит.
3-топ басшысы
- Жер — салқын дене.
- Таскөмір ежелгі ормандардан пайда болған.
- Табиғатта су 2 күйде болады.
- Жер бетінде 4 мұхит бар.
- Аюдың баласын «марғау» деп атайды.
3-айналым: Сөзжұмбақ шешу
Әр топқа 3 сөзжұмбақтан беріледі.
4-айналым: «Жорға»
10 ұпай
Жылдам сұрақтар- Қазақтың тұңғыш географ ғалымы Жауабы: Ш. Уәлиханов
- Күнге ең жақын планета Жауабы: Меркурий
- Глобусты ойлап тапқан ғалымның аты-жөні Жауабы: Мартин Бехайм
20 ұпай
Тереңірек- Жердің Күн төңірегінде жүріп өтетін жолы қалай аталады? Жауабы: Жер орбитасы
- Адамзат ғарышты қай жылдан бастап игере бастады? Жауабы: 1957 жыл, 4 қазан
- Хеопс пирамидасының биіктігі Жауабы: 147 м
30 ұпай
Күрделі- Қазақстандағы қорықтар нешеу? Ата. Жауабы: 9
- Галактика деген не? Жауабы: жұлдыздар жүйелерінің бірлестігі
- Қазақстан жер көлемі жөнінен дүние жүзінде нешінші орында? Жауабы: 9-орын
5-айналым: «Егер мен…»
Бұл кезеңде оқушылар эссе жазады. Тақырыпты таңдап, өз ойын жүйелі түрде жеткізеді.
Эссе тақырыбы 1
Егер мен эколог болсам…
Эссе тақырыбы 2
Егер мен саяхатшы болсам…
Эссе тақырыбы 3
Егер мен табиғатты қорғау министрі болсам…
Қорытындылау
Ұпайлар есептеліп, нәтижелер жарияланады. Жеңімпаздар марапатталып, қатысушылардың белсенділігі атап өтіледі.