Күн - Әлемдегі өзге миллиондаған жұлдыздар сияқты жұлдыз

ШҚО, Жарма ауданы • Балықтыкөл негізгі мектебі (КММ)

Дайындаған: Абдильдинова Гүлжайнат Мырзаханқызы

«Әлемде талай қызық бар» — дүниетану пәні апталығының мазмұнды бағдарламасы

Бұл материал дүниетану пәні апталығы аясында оқушылардың табиғат, адам, жануарлар және өсімдіктер туралы білімін кеңейтуге, қызығушылығын арттыруға арналған.

Апталық бағдарламасы

14 қараша

Оқушыларды апталық бағдарламасымен таныстыру

15 қараша

Күн туралы ғажайып фактілер

16 қараша

Адамдар туралы қызықты деректер

17 қараша

Жануарлар туралы қызықты мәліметтер

18 қараша

Өсімдіктер туралы қызықты деректер

19 қараша

«Табиғат білгірлері» сайысы

Күн туралы ғажайып фактілер

Күн деген не?

Күн — Күн жүйесінің орталығы. Ол өзге миллиондаған жұлдыздар сияқты кәдімгі жұлдыз болғанымен, бізге өте жақын орналасқандықтан ерекше маңызды.

Күннің ішінде жоғары қысым әсерінен сутегі атомдары гелийге айналатын ядролық реакциялар жүреді. Осы үдеріс кезінде орасан көп энергия бөлінеді.

Күнді «ерекше» ететін басты себеп — оның бізден шамамен 150 миллион км қашықтықта ғана болуы. Егер Күн болмаса, Жер қараңғы, суық және тіршіліксіз әлемге айналар еді.

Қауіпсіздік ережесі: Күнге ешқашан тіке қарамаңыз — өте жарық сәулелер көзге зиян келтіруі мүмкін.

Нақты деректер

  • Күн сәулесі Жерге шамамен 8 минут 20 секундта жетеді.
  • Күннің жасы 4,6 миллиард жыл деп есептеледі (Жердің жасы да шамалас).
  • Күннің диаметрі шамамен 1 392 000 км — Жерден 100 еседен де үлкен.
  • Күн жүйесіндегі материяның 98,8%-ы Күнде шоғырланған.
  • Күн Айға қарағанда бізден 400 есе алыс.
  • Беткі қабат температурасы шамамен 5500°C, ал ядросы — 15 миллион°C-қа жуық.

Адам туралы қызықты деректер

Мақсаты: оқушыларды адам ағзасы туралы қызықты деректермен таныстыру.

Көрнекілігі: суреттер.

Ағза туралы қысқа фактілер

  • Адамның ДНҚ-сы шамамен 80 000 геннен тұрады.
  • Жүрек ұйқыда да, ояу кезде де тәулігіне шамамен 12 000 рет соғады.
  • Ересек адам минутына орта есеппен 18 рет дем алады (тәулігіне 25 000-нан аса).
  • Бір жылдағы жүрек соғысы шамамен 36 800 000.
  • Нәресте дүниеге келгенде 300 сүйек болады, ересек шақта ол 260-қа дейін азаяды.
  • Адам ағзасында өмір сүретін бактериялардың жалпы салмағы шамамен 2 кг.
  • Тырнақ аптасына шамамен 1 мм өседі; қолға жабысқан микробтардың 95%-ы тырнақ астында жиналуы мүмкін.
  • Таңертең адамның бойы ұйқыдан тұрған кезде 2–3 см биігірек болуы ықтимал.
  • Адам ағзасындағы ең күшті бұлшықет — тіл.
  • Адам ағзасы шамамен 25 жасқа дейін толық жетіледі; мұрын өмір бойы баяу өсуі мүмкін.
  • Қызықты тұжырым: адам жануарлардан тік сызық сыза алуымен ерекшеленеді деген пікір бар.

Өз ағзаңды тексеріп көр (есептер)

1-есеп

Ересек адамға 1 кг дене салмағына тәулігіне 2 г ақуыз қажет. Өз салмағыңды біле отырып, тәулігіне қанша ақуыз керек екенін есепте.

2-есеп

70 жыл өмір сүрген адамның ағзасында ақуыз шамамен 200 рет жаңарады. Сенде неше рет жаңару болды? Есептеп көр.

Жануарлар туралы қызықты мәліметтер

Мақсаты: оқушыларды жануарлар әлемі туралы қызықты деректермен таныстыру.

Көрнекілігі: суреттер, сөзжұмбақтар.

Қызық деректер топтамасы

  • Қолтырауынның майы жасыл түсті болады.
  • Кейбір қарлығаштар ұшып жүріп ұйықтайды деген дерек бар.
  • Төрт «тізесі» бар аң ретінде піл жиі аталады.
  • Жүзе алады, бірақ ұша алмайтын құс — пингвин.
  • Зебра — қара жолақтары бар ақ жануар.
  • Иттің шынтағы болады.
  • Колибри жүре алмайды.
  • Жолбарыстың жүні ғана емес, терісі де жолақ.
  • Жылқының сүйегі адамдікінен 18-ге артық деп айтылады.
  • Құмырсқалар ұйықтамайды деген қызықты пікір бар.
  • Ең үлкен жүрек пен ең жоғары қан қысымы бар жануар ретінде керік аталады.
  • Түйеге қарағанда егеуқұйрық шөлге төзімдірек болуы мүмкін.
  • Жылан қоректенбей 3 жылға дейін ұйқыға кете алады деген дерек айтылады.
  • Дельфин бір көзін ашып ұйықтайды.
  • Керіктің тілі қап-қара.
  • Мысықтың жақтары көлденең қозғала алмайды.
  • Бассыз тарақан 9 күнге дейін өмір сүре алады (кейін аштан өледі).
  • Шегірткенің қаны ақ түсті.
  • Ұша алатын жалғыз сүтқоректі — жарқанат.

Сөзжұмбақ сұрақтары (жануарлар)

  1. Қайда болсын баратын, мінсең — ұшқыр қанатың.
  2. Өзі үлкен жануар, үстінде үлкен тауы бар.
  3. Көзін жұмады, көзін ашады. Сыбысын білдірмей, ақырын басады.
  4. Адамға серік, күзетке берік.
  5. Ит сияқты пішіні, ұнатпайды кісіні.
  6. Басына өскен тарбиып, жапырақсыз бұтағы. Алады одан қан құйып, емге шипа бұл дағы.
  7. Жазда сұрғылт, қыста аппақ.
  8. Орманда жоғары, ағашқа қонады. Тұмсығын балға етіп, тоқ-тоқ соғады.
  9. Қиналмай көтеріп, өзінен ауырды. Жорғалар кетеді жүкшідей кәдімгі.

Өсімдіктер туралы қызықты деректер

Мақсаты: оқушыларды өсімдіктер әлемі туралы қызықты мәліметтермен таныстыру.

Көрнекілігі: суреттер, сөзжұмбақтар.

Кім ұзақ жасайды?

Итмұрын, мойыл, қарамық, бүлдірген — шамамен 300 жыл
Арша, қарат, шырша — шамамен 400 жыл
Жөке — шамамен 500 жыл
Емен — шамамен 1000 жыл

Ғалымдардың айтуынша, америкалық секвоя мен «монгова» ағаштарының өсу шегі 2500–4000 жылға дейін жетуі мүмкін. Олар 100 м биіктікке, 10 м диаметрге дейін өседі.

Ең үлкен алма

Бүгінде әлемдегі ең үлкен алма жемісі шамамен 1,849 кг тартқаны айтылады. Оны Жапонияның Хиросаки қаласындағы фермер Чисато Ивасаки өз бағында өсірген.

Сөзжұмбақ сұрақтары (өсімдіктер)

  1. Бұл не деген көп киім, жетпіс қабат көк киім. Жаңбыр одан өтпейді, қабат-қабат тоны бар, түймелеуге жетпейді.
  2. Әрі қызыл, әрі тәтті, татқан жанды таңырқатты.
  3. Бұтақтарда балбырап, тұрады албырап, уылжыған уыздай. Алма емес ол бірақ.
  4. Жерде жатып желінеді, күз түскенше желінбейді. Үндеместен төлдеп жатыр, су беріңдер — шөлдеп жатыр.
  5. Доп-домалақ бұжыр тас, іші толған піскен ас.
  6. Қырға кілем жайдым.

«Табиғат білгірлері» сайысы

Мақсаты мен форматы

Мақсаты: дүниетану пәнінен алған білімді тексеру және нақтылау, қосымша білім беру; ойлау қабілетін, тіл мәдениетін дамыту; пәнге қызығушылықты арттыру; шығармашылық тапсырмалар арқылы оқушының танымын тереңдету; табиғатты аялауға тәрбиелеу.

Түрі: сайыс. Көрнекіліктер: суреттер, әріптер.

Кіріспе сөз

Ал, қанекей, қарайық — мына жақта жаңалық! Бүгінгі кеш төрінде, білімнің елінде дүниетану тілінде тапсырма шешіп, жарысып, шабыт тасып, шалқысып, көңілді кеш жасайық.

Құрметті балалар, ұстаздар! Бүгін дүниетану пәні апталығының қорытынды кешінде «Табиғат білгірлері» атты сайысымызды бастаймыз.

Сайыс 7 кезеңнен тұрады. Сайыс болған соң, әділқазылар алқасы бағалайды (әділқазылармен таныстыру).

Топтарды таныстыру

І топ

Алғырлар

«Білімдіге дүние жарық, білімсіздің күні — кәріп».

ІІ топ

Тапқырлар

«Ақыл азбайды, білім тозбайды».

І кезең — «Бәйге» (жедел сұрақтар)

І топқа сұрақтар

  • Табиғатқа не жатады?
  • Ауаның температурасын өлшейтін құрал қандай?
  • Қар жылдың қай мезгілінде жауады?
  • Көктемде ең бірінші жарқанат па, әлде бунақденелер ме шығады?
  • Ең кішкентай құс қандай?
  • «Ақ алтын» деп нені айтады? (мақта)
  • Ұлудың тісі қай жерде орналасқан? (тілінде)
  • Екі ботаның аяқтары нешеу? (8)
  • Жауын-шашын түрлерін атаңдар (жаңбыр, бұршақ, қар).
  • Конституцияның 7-бабында ҚР мемлекеттік тілі қандай? (қазақ тілі)

ІІ топқа сұрақтар

  • Табиғаттың тірі денелерін ата.
  • Айналадағы дүниеде неше тұс бар?
  • Жеміс-жидек қашан піседі?
  • «Қара алтын» деп нені айтады?
  • Ненің құлағы аяғында орналасқан? (шегірткенің)
  • Керіктің алдыңғы аяғы ұзын ба, әлде артқы аяғы ұзын ба? (бірдей)
  • Балықтар қайда өмір сүреді?
  • Табиғаттағы су неше күйде болады?
  • Өсімдіктердің 3 түрін ата.
  • Конституцияның 27-бабында неке мен отбасы туралы не айтылған? (ана, әке және бала мемлекеттің қорғауында)

ІІ кезең — «Не? Қандай?»

Оқушылар көздерін жұмып, дорбаның ішінен жануар ойыншығын алып шығады. Содан кейін: «Бұл не?» және «Қандай?» сұрақтарына жауап береді. Кейін сол жануар туралы қызықты дерек айтады.

Мысал деректер:

Піл — төрт тізесі бар аң; зебра — қара жолақтары бар ақ жануар; иттің шынтағы бар; жолбарыстың терісі де жолақ; жылқы сүйегі адамдікінен 18-ге артық; керіктің жүрегі үлкен, тілі қап-қара; мысықтың жақтары көлденең қозғалмайды.

ІІІ кезең — «Полиглот»

  • ... майы жасыл түсті болады: қолтырауынкрокодил
  • Қай құстар ұшып жүріп ұйықтайды: қарлығашласточка
  • ... ешқашан ұйықтамайды: құмырсқамуравей
  • ... қоректенбей 3 жыл ұйықтай алады: жыланзмея
  • Қу аң: түлкілиса
  • Орман санитары: қасқырволк
  • Қысқы ұйқыға жататын ірі жануар: аюмедведь
  • Мойыны ұзын: керікжираф
  • Аң патшасы: арыстанлев
  • Қорқақ жануар: қоянзаяц

IV кезең — «Кім жылдам?»

Кестені кім бірінші толтырса — сол жеңімпаз.

V кезең — «Сөз құра»

«ДҮНИЕТАНУ» сөзінен жаңа сөздер құрастыру.

VI кезең — «Ұйқасын тап»

  • Жағасында бұлақ, жайылып жүр — лақ.
  • Бата алмас түлкі, үсті тікен — кірпі.
  • Алмастан таным, шабады — құлын.
  • Аппақ доп тауып, шақырады ақ — тауық.
  • Дамыл таппай бір мезет, жортумен жүр сұр — көжек.
  • Құйрығы он қарыс, бұл айбатты — жолбарыс.
  • Өзінше ноян, қорқақ кім — қоян?
  • Айбат шегер алыстан, аң патшасы — арыстан.

VII кезең — «Суреттер сайысы»

Әртүрлі жануарлардың мүшелерін біріктіріп, табиғатта жоқ «белгісіз жануардың» суретін салыңдар.

Қорытынды

Осымен сайысымыз аяқталды. Әділқазылар ұпайларды санағанша, қыздарымыздың орындауында ән тыңдаймыз.

Қорытындылау • Марапаттау

Слайдты жүктеу (материалды көрсету үшін).