Жаңа сөздер арқылы баланың ойлау қабілетін, сөздік қорларын молайту

Мектепалды даярлық тобындағы оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Білім саласы: Қатынас · Кіші сала: Ағылшын тілі

ҰОӘ тақырыбы: Fruits and Vegetables (Жемістер мен көкөністер)

Мақсаты

  • «Жемістер мен көкөністер» тақырыбы бойынша балалардың білімін тереңдету.
  • What is this? (Мынау не?) және What colour is it? (Түсі қандай?) сұрақтарына жауап беруге үйрету.
  • Жемістер мен көкөністерді бір-бірінен ажырату дағдысын қалыптастыру, есте сақтау қабілетін дамыту.
  • Жаңа сөздер арқылы ойлау қабілетін дамытып, сөздік қорын молайту.

Сөздік жұмыс

apple
алма
pear
алмұрт
grapes
жүзім
apricot
өрік
peach
шабдалы
banana
банан
plum
алхоры

Көрнекі құралдар және әдіс-тәсілдер

Қолданылатын көрнекі құралдар

  • Үлестірмелі жемістер мен көкөністер суреттері
  • Дидактикалық ойындарға арналған құралдар

Әдіс-тәсілдер

  • АКТ қолдану
  • Сұрақ-жауап
  • Түсіндіру

Қостілділік

Негізгі сөздер мен атауларды қазақ және ағылшын тілдерінде бекіту.

Тақырып сөздері

fruits
жемістер
vegetables
көкөністер

Көкөністер

tomato — қызанақ, cucumber — қияр, carrot — сәбіз, onion — жуа, garlic — сарымсақ, sweet pepper — тәтті бұрыш, pumpkin — асқабақ

Сабақ барысы

1) Шаттық шеңбері

Good morning, good morning,

Good morning to you!

Good morning, good morning,

I’m glad to see you!

2) Сұрақ-жауап (warming-up)

  • Good morning, children!
  • What is your name?
  • How are you?
  • How old are you?
  • Where are you from?

Бүгінгі оқу іс-әрекетіміз жемістер мен көкөністер туралы. Сонымен қатар What is this? және What colour is it? сұрақтарына жауап беруді үйренеміз.

3) Жаңа сөздер (Vocabulary)

Балалар, қандай жемістер мен көкөністерді білесіңдер? Ендеше әрқайсысымен жеке-жеке танысайық және сөздерді бірге қайталайық.

Fruits

apple, pear, grapes, apricot, peach, banana, plum, orange, cherry, pineapple, strawberry, raspberry, tangerine

Vegetables

cabbage, beetroot, potato, tomato, cucumber, carrot, onion, garlic, sweet pepper, pumpkin

Practice

What is this?

Мынау не?

Practice

What colour is it?

Түсі қандай?

Examples

What colour is an apple? Алманың түсі қандай?
What colour are grapes? Жүзімнің түсі қандай?
What colour is a pear? Алмұрттың түсі қандай?

4) Сергіту сәті

One, one, one, little dog, run.

Two, two, two, cats see you.

Three, three, three, birds in a tree.

Four, four, four, frogs on the floor.

5) Ойын: «Себетте не бар?» / What is in the basket?

Мақсаты

Жемістер мен көкөністерді бір-бірінен ажыратуды бекіту.

Шарты

  • Қызыл себетке көкөністерді салу.
  • Жасыл себетке жемістерді салу.
  • Себеттерге не салғандарын ағылшын тілінде айтып беру.

Сұрақтар

What fruit do you like?

Қандай жемісті жақсы көресіңдер?

What vegetables do you like?

Қандай көкөністі жақсы көресіңдер?