Оқушыларға қазақ тіліндегі септіктерді меңгерту
4-сынып қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы
Көмектес септік
Сабақтың түрі
Аралас сабақ
Мұғалім
Жанжигитова Ардақ Серікқызы
Сабақтың мақсаты
Білімділік
- Оқушыларға қазақ тіліндегі септіктерді меңгерту.
Дамытушылық
- Өткен сабақ материалын (сұрақтар мен жалғауларды) жүйелі түрде қайталап, жаттықтыру.
- Көмектес септігінің тұрлаусыз мүше ретінде қолданылуын түсіндіру.
- Көмектес септігінің өзге септіктерден ерекшеліктеріне назар аударту.
- Оқушылардың сын тұрғысынан ойлау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік
- Пәнге қызығушылықты арттыру.
- Топпен жұмыс істей білуге баулу.
- Сауатты жазуға тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс
Әдіс-тәсілдер
Мюнстенберг әдісі
Оқушылардың назарын шоғырландырып, білімін жинақтауға бағытталған тапсырмалар.
Кластер
Тақырыпты топтастыру арқылы ұғымдар арасындағы байланысты анықтау.
«Ыстық орындық»
Сұрақ-жауап арқылы жылдам ойлау мен дәлелді жауап беруді дамыту.
«Блог ағашы»
Ойды жүйелеу, қысқа қорытынды жасау және негізгі тұжырымдарды белгілеу.
Ресурстар
- АКТ
- A3 қағаздар
- Үлестірме қағаздар
- Маркерлер
Сабақ барысы
I. Психологиялық дайындық
2 минут
Оқушылармен амандасу, сыныпта жағымды көңіл күй қалыптастыру.
Шаттық шеңбері (өлең жолдары)
Өнер де, ой да, білім де
Өркендер қазақ тілінде.
Ананың сүтін сүйгендер
Саналы білім үйренер.
Алу үшін сапалы білім,
Ардақтаймыз қазақ тілін!
Үй тапсырмасын тексеру және топқа бөлу
2 минут
Оқушылар сөз құрамына қарай 4 топқа бөлінеді:
-
1-топ
Зат есім
-
2-топ
Зат есімнің септелуі
-
3-топ
Зат есімнің тәуелденуі
-
4-топ
Зат есімнің жіктелуі
II. Қызығушылықты ояту
3 минут
Мюнстенберг әдісі
Оқушылар өз білімін еске түсіріп, жинақтайды. Төмендегі сауалнамалық тапсырманы орындайды.
1) «В» дыбысына фонетикалық талдау
- A) «В» — ұяң, дауысты дыбыс
- B) «В» — қатаң, дауысты дыбыс
- C) «В» — ұяң, дауыссыз дыбыс
- D) «В» — жуан, дауысты дыбыс
2) Бір жағдайда қаратпа сөз, екінші жағдайда бастауыш болатын сөз
- A) Биік
- B) Қырық бес
- C) Он екі
- D) Ерлан
3) Атау септіктегі сөзді тап
- A) аға
- B) ағайын
- C) ағалар
- D) ағайындас
4) Ілік септіктің жалғауларын көрсет
- A) -ға, -ге, -қа, -ке
- B) -ның, -нің, -дың, -дің, -тың, -тің
- C) -да, -де, -та, -те
- D) -дан, -ден, -тан, -тен, -нан, -нен
5) Табыс септігінің сұрақтарын тап
- A) Кімде? Неде? Қайда?
- B) Кім? Не?
- C) Кімнің? Ненің?
- D) Кімді? Нені?
Келесі қадам
Осы тапсырмалар арқылы өткен тақырыптар еске түсіріліп, жаңа тақырып — көмектес септікті меңгеруге негіз қаланады.