Оқушылардың сабаққа әзірліктерін тексеріп, назарларын сабаққа аудару

Сабақ туралы мәлімет

Мекенжай

Ақмола облысы, Жарқайың ауданы, Далабай ауылы, Өмірлік орта мектебі

Мұғалім

Бастауыш сынып мұғалімі — Мықтыбекова Зинат Қайыржанқызы

Сабақтың тақырыбы

П дыбысы мен әрпі

Сабақтың түрі

Саяхат сабақ

Мақсаты мен міндеттері

Сабақтың мақсаты

Оқушыларды Пп дыбысы мен әрпімен таныстыру, оның жазылуын үйрету, тілін дамыту арқылы буын мен сөз құрауға дағдыландыру.

Білімділік

  • Пп әрпі мен дыбысы туралы түсінік беру.
  • Сөз ішінен П әрпін табуға үйрету.
  • Тілдік құбылыстарды талдап, мәнін ажырату дағдысын қалыптастыру.

Дамытушылық

  • Баланың тілін бейнелі сөздермен байыту.
  • Сөйлеу мәдениетін дамыту.
  • Сауатты әрі көркем жазу дағдыларын жетілдіру.

Тәрбиелік

  • Зеректікке, ұқыптылыққа, ұйымшылдыққа баулу.
  • Өз бетімен жұмыс жасауға үйрету.

Көрнекіліктер мен әдіс-тәсілдер

Көрнекі құралдар

  • Интерактивті тақта
  • Үлестірмелі парақшалар
  • Әріптің жазба түрі
  • Суреттер

Әдіс-тәсілдер

  • СТО технологиясы бойынша жұмыс
  • Топтастыру
  • «Ой шақыру» стратегиясы

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылардың сабаққа дайындығы тексеріліп, назарлары сабаққа аударылады.

II. Психологиялық дайындық

Қане, қатар-қатар түзеліп,
Оқушыға лайық.
Қолымызды жіберіп,
Түп-түзу боп тұрайық.

1-ші бала — жай отыр,
2-ші бала — сен де отыр,
3-ші бала — тез отыр.

Сабаққа қонақтардың келгені және бүгінгі сабақтың ерекше өтетіні ескертіледі.

III. Өткен сабақты қайталау

Жұмбақ:
Күнде бар, құнда жоқ.
Күзде бар, тұзда жоқ.

Сұрақтар

  • «Ү» дыбысы қандай дыбыс?
  • Жуан ба, жіңішке ме?
  • «Ү» дыбысы мен әрпіне байланысты сөз ойлап, буынға бөліңдер.

IV. Қызығушылықты ояту

Балалар, біздің Елордамыз қай қала? Сендер ол қаланы көрдіңдер ме?

Ендеше, бүгін біз сабағымызда Астана қаласына саяхат жасап, ондағы әсем ғимараттарды аралаймыз. Келісесіңдер ме?

Бірінші болып пойызға отырып, Астанаға жол тартайық. Жол үстінде жаңа әріппен танысамыз.

V. Мағынаны тану

Сөздің сыры — көп жұмбақ,
Шешуін кім табады?
Кімдер шешсе, тез ойлап,
Сол жеңімпаз болады.

Жұмбақ

Партада бар,
Картада жоқ.
Парақта бар,
Қалақта жоқ.

Дұрыс жауабы: Пп дыбысы мен әрпі. П — дауыссыз дыбыс.

Енді «парта» сөзін талдайық.

Осылайша біз Астана вокзалына келіп, пойыздан түсеміз. Енді әсем ғимараттарды аралауды бастайық.

1) «Ақ Орда»

Мәтінмен жұмыс.

2) Әліппе-дәптерімен жұмыс

Келесі ғимаратқа кіру үшін әліппе-дәптермен тапсырмалар орындаймыз.

3) Ойын: сөз құрастыру

Кестеде берілген әріптерден сөз құрастырасыңдар. Қай әріптерден құрағандарыңды анықтап, астындағы сандарды жазасыңдар.

Сергіту сәті

Көжегім, тұршы,
Бетіңді жушы.
Айнаға қарашы,
Шашыңды тарашы.
Киіміңді киін,
Мектепке қарай жүрші.
Орныңа отыршы,
Сабағыңды оқышы.