Мақсатты болжам
Жаратылыстану
Табиғат құбылыстарының ерекшелігі неде?
ҰОҚ оқытылу мақсаты: 0.2.2.1 — табиғат құбылыстарын сипаттау (жел, тұман, найзағай, жаңбыр және т.б.).
Күтілетін нәтиже
Барлық балалар
- Бақылауға қатыса алады.
- Табиғат құбылыстарын атай алады.
- Табиғатта болатын өзгерістерді анықтай алады.
- Жыл мезгілдеріне байланысты табиғат құбылыстарының ерекшеліктерін көрсете алады.
Көпшілік балалар
- Табиғат құбылыстарының ерекшеліктерін анықтай алады.
- Маусымдық өзгерістерге байланысты табиғат құбылыстарының өзгермелілігін түсіндіре алады.
- Практикалық жұмысты орындай алады.
Кейбір балалар
- Бақылау үдерісін талқылап, қорытынды шығара алады.
Тілдік мақсат
Дағдыны дамыту
Бақылау үдерісінде сұрақ қоя білу, болжам айту, ұғымдарға анықтама беру, жүйелеу, бақылау, қорытындылау және ойша тұжырым жасау.
Көптілділік
- Табиғат құбылысы
- — природное явление — a natural phenomenon
Негізгі терминдер мен сөз тіркестері
Талқылауға арналған сұрақтар
- 1 Табиғат құбылыстары дегеніміз не?
- 2 Табиғат құбылыстарына қандай құбылыстар жатады?
- 3 Қар қай мезгілде жауады?
- 4 Жаңбыр қалай пайда болады?
- 5 Найзағай қай кезде пайда болады?
Сабақ барысы
I. Дұрыс әсерлі көңіл күй орнату
0–2 минут
«Нөсер» өлеңі арқылы жағымды көңіл күй қалыптастыру ұсынылады:
Найзағайлар атылды,
Жерге бұршақ шашылды.
Нөсер жауып бір кезде,
Жұртты әуреге салдырды.
II. Өмірлік тәжірибені маңыздандыру
3–5 минут
Мақсатқа жетелеу үшін төмендегі өлең жолдарын оқып, табиғаттағы өзгерістерге назар аударту тиімді:
Қозы-лақтар маңырап,
Бұзаулар да аңырап.
Айналаға қарасаң,
Көрінбейді атырап.
Нөсер жаңбыр жауады,
Сай-саладан ағады.
Жердің бәрі балшық боп,
Бассаң, балқып барады.
Балаларға бағыттаушы сұрақтар: «Табиғат дегеніміз не?» Еске түсіреміз: табиғат — жанды және жансыз денелерден тұратын, бізді қоршаған әлем.
Бүгінгі тақырып: табиғат құбылыстары. Оқушылардан: «Табиғат құбылыстары дегеніміз не?» деп сұрап, олардың болжамдарын тыңдау ұсынылады.
Қосымша мәлімет
- Педагогтің аты-жөні
- Құттымбетова Т. Н.
- Материал
- «Табиғат құбылыстарының ерекшелігі неде?»