Квадрат теңсіздікті интервалдар әдісімен шешу ұғымымен таныстыру
Интервалдар әдісі: қысқа мерзімді сабақ жоспары
Бұл сабақ жоспары квадрат теңсіздіктерді интервалдар әдісі арқылы шешуді меңгертуге бағытталған. Материал оқушылардың графикпен жұмыс істеу дағдысын жетілдіріп, дәлелді ойлау мен математикалық тіл мәдениетін дамытуға көмектеседі.
Сабақтың мақсаты
Білімділік
- Квадрат теңсіздікті интервалдар әдісімен шешу ұғымымен таныстыру.
- Квадрат теңсіздіктерді және бөлшек-рационал теңсіздіктерді интервалдар әдісімен шешуді үйрету.
Дамытушылық
- Сыни тұрғыдан ойлау арқылы оқушылардың өз идеясын сенімді жеткізуіне жағдай жасау.
- Түрлі көзқарастарды тыңдау, салыстыру және бағалау дағдыларын дамыту.
- Салыстыра ойлау қабілетін, математикалық сөйлеу мәнерін жетілдіру және пәнге қызығушылықты арттыру.
Тәрбиелік
- Ұқыптылыққа тәрбиелеу.
- Өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландыру.
- Жауапкершілікті сезінуге баулу.
Күтілетін нәтиже
- Интервалдар әдісі ұғымын меңгереді.
- Квадрат теңсіздікті квадраттық функцияның графигі арқылы шешуді үйренеді.
- Квадрат теңсіздіктерді интервалдар әдісімен шешу алгоритмін қолдана алады.
Сабақ туралы қысқаша ақпарат
Сабақтың түрі
Жаңа білімді меңгерту сабағы.
Көрнекіліктер мен ресурстар
- Оқулық: 110–113-беттер.
- Интернеттен алынған ақпараттар.
- Қосымша парақшалар, слайдтар, графиктер.
Сабақ барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Сынып оқушылары 4–5 топқа квадрат функциялар тақырыбына байланысты тапсырмалар арқылы бөлінеді.
Мұғалімнің кіріспе сұрақтары Бүгінгі сабақты бастамас бұрын, осыған дейін қандай функциялардың графиктерін салып үйрендік? \( y = ax^2 + bx + c \) функциясының графигі қалай салынады?
II. Үй жұмысын тексеру
№293. Квадрат теңсіздікті парабола әдісімен шығарудың мағынасы неде?
III. Жаңа тақырыпты түсіндіру
Алдымен сабақ мақсаттарына сәйкес бағалау критерийлерін келісіп алайық:
- Квадраттық функцияның графигін толық сала алса — 2 ұпай.
- Графикті жартылай сала алса — 1 ұпай.
- Есепті шығара алмаса — 0 ұпай.
Бұған дейін квадрат теңсіздіктерді парабола әдісімен шешуді қарастырдық. Көп жағдайда квадрат теңсіздіктерді шешуде интервалдар әдісін қолдану ыңғайлы.
Берілсін: ax² + bx + c > 0 (мұндағы a ≠ 0).
Бұл теңсіздікті интервалдар әдісімен шешу үшін алдымен \( y = ax^2 + bx + c \) функциясы графигінің Ox осімен қиылысу нүктелерінің абсциссаларын, яғни функцияның нөлдерін табу қажет.
Функцияның нөлдері деп ax² + bx + c = 0 теңдеуінің түбірлері аталатыны белгілі.
Автор туралы
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, №21 орта мектептің математика пәні мұғалімі — Есиркенов Токсанбай.