Өлеңді жалғастыру
Мақсаты
Бастауыш сынып оқушыларының білім негізін қалыптастыру, пәндерге қызығушылығын ояту, сөздік қорын дамыту және ауызша, логикалық ойлауға баулу.
Өту барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Әділқазылар алқасын сайлау.
- Екі топты таныстыру.
Атамыз білім дәнін болған екпек,
Оқытып балаларды білім сеппек.
Қазақтың кең даласын жарық қылған,
Атамыз Ыбырайға мың рахмет.
Білімдіден шыққан сөз,
Талаптыға болсын кез.
Нұрын, сырын көруге,
Көкірегінде болсын көз.
I кезең: «Тапқыр болсаң, ұтып көр»
Жібермейміз есе біз,
Ғалым болып өсеміз.
Көзді ашып-жұмғанша,
Есепті де шешеміз.
Тапсырма: ауызша есептерді шапшаң шығару.
I топ
- 95 − 34 = 61
- 51 + 41 = 92
- 550 + 440 = 990
- 700 − 300 = 400
- 4 × 7 = 28
- 5 × 9 = 45
- 32 ÷ 4 = 8
- 27 ÷ 3 = 9
II топ
- 22 + 78 = 100
- 49 − 36 = 13
- 700 + 222 = 922
- 900 − 500 = 400
- 6 × 3 = 18
- 5 × 8 = 40
- 36 ÷ 4 = 9
- 21 ÷ 3 = 7
II кезең: «Кім жылдам?» (сұрақ-жауап)
Өз ойыңды жүйелейтін,
Алған білімді түйіндейтін,
Әр нәрсенің жауабын тез
Есте сақтап күлімдейміз.
Ендеше, кезекті сұрақтарға жауап берейік: шешімін кім тез табады?
I топқа сұрақтар
- Қыс айларын ата. Желтоқсан, қаңтар, ақпан.
- Сөз таптарын ата. Зат есім, сын есім, етістік, сан есім.
- Зат есім дегеніміз не? Сұрақтары қандай?
- Көкжиектің неше тұсы бар? Төрт.
- Ы. Алтынсарин кім? Қазақ мектебін ашқан ағартушы.
- Шаршы дегеніміз не? Барлық қабырғасы тең болатын төртбұрыш.
- Тірі табиғатқа не жатады? Адам (сондай-ақ жануарлар мен өсімдіктер).
II топқа сұрақтар
- Көктем айларын ата. Наурыз, сәуір, мамыр.
- Сөйлем түрлерін ата. Хабарлы, сұраулы, лепті.
- Сын есім дегеніміз не?
- Өлі табиғатқа не жатады? Тау, тас және т.б.
- Абай Құнанбаев кім? Ақын.
- Табиғат деген не? Айналаны қоршап тұрған дүние.
- Кез келген фигураның периметрін қалай табады? Барлық қабырғаларының ұзындықтарын қосу арқылы.
III кезең: «Кім жылдам?» (әріптер бойынша жауап беру)
Оқушыларға әріптер таратылады. Сол әріптерге байланысты сұрақтарға жауап береді.
I топ
- Ертегі оқисың ба?
- Сөмкеңде не бар?
- Бөлме қандай?
- Досың кім?
- Анаңа еркелейсің бе?
- Сабағың жақсы ма?
- Аспанда не бар?
II топ
- Жасың нешеде?
- Алма берсе жейсің бе?
- Нені жақсы көресің?
- Түнде түс көрдің бе?
- Кімге сәлем жолдайсың?
- Күн түнде бола ма?
- Әріп пен дыбыс бір ме?
IV кезең: Сөз құрау
I топ
Жолдастар
II топ
Құмырсқа
V кезең: Көрермендерге сұрақтар
-
Ағаш үстінде 100 торғай отырды. Аңшы 10 торғайды атып алды. Неше торғай қалды?
Жауабы: 10 торғай.
-
Үш түйеқұс ұшып келе жатты. Аңшы олардың бірін атып алды. Нешеуі қалды?
Жауабы: түйеқұс ұшпайды.
-
Қонып алып жарға, қарқылдайды …
Жауабы: қарға.
-
Дуадақ құс шөлде, аққу, қаз …
Жауабы: көлде.
VI кезең: Өлеңді жалғастыру
Мұнда мұғалім өлеңнің алғашқы жолдарын оқиды, ал оқушылар жалғастырады.
1)
Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,
Соқыр мылқау танымас тірі жанды.
………………………………………………
………………………………………………
2)
Сұр бұлт түсі суық, қаптайды аспан,
Күз болып дымқыл тұман жерді басқан.
………………………………………………
………………………………………………
3)
Сиса көйлек үстіңде,
Тоқуменен табылған…
…………………………
…………………………
4)
Бейнеті мен зейнеті,
Ырыс болып құйылған…
…………………………
…………………………
5)
Ғылым таппай мақтанба,
Орын таппай баптанба,
…………………………
…………………………
VII кезең: «Кім көп біледі?»
Оқушылар санның артындағы тапсырмаларды орындау арқылы ұпай жинайды.
Тапсырмалар топтамасы A
10 ұпай
Қыс айларын ата.
20 ұпай
Рәміздерді ата.
30 ұпай
Апайда 3 гүл бар. Мен 3 гүл сыйладым. Апайда неше гүл болды?
40 ұпай
Бақаны неге қосмекенді деп атайды?
Тапсырмалар топтамасы B
10 ұпай
Тәуелсіздікке неше жыл толады? Қай күні атап өтіледі?
20 ұпай
Жыл мезгілдерін айт.
30 ұпай
Аюдың қысқы тіршілігін айт.
40 ұпай
Қабылбек, Атамырза, Серік, Тұрар — қай мәтіннің кейіпкерлері?
Тапсырмалар топтамасы C
10 ұпай
Еліміздің астанасы қай қала?
20 ұпай
Медеу мұз айдыны қайда орналасқан?
30 ұпай
Есіл өзенінің бойында қай қала орналасқан?
40 ұпай
Дауысты және дауыссыз дыбыстар неше түрге бөлінеді? Ата.
Қорытынды
Сабақ соңында әділқазылар алқасы топтардың ұпайларын қорытындылап, белсенді қатысқан оқушыларды атап өтеді.