Әже қабірі басында

Сабақтың өзегі — ақынның тағдыры арқылы қайсарлық, үміт, өнердің қуаты секілді құндылықтарды ұғындыру.

«Теңіз толқыны. Бөгеннен ұшқан бұлбұл»

Тақырыптың мәні ақынның туған жерімен тікелей байланысты. Зейнолла Шүкіров Қызылорда өңіріндегі Арал ауданына қарасты Бөген елді мекенінде дүниеге келген. Бұл атау оның поэзиясындағы теңізге тән тереңдік пен туған жерге деген сағынышты айқындайды.

Сұрақ 1: Неге тақырып осылай аталған?

  • Себебі ақын Бөген елді мекенінде туған.
  • Тақырып «теңіз» арқылы ақын жырындағы кең тыныс пен сағыныш әлемін меңзейді.

Аян мен есім тарихы

Аңыз-әңгімеде Зейнолланың үлкен әкесінің шаңырағында ұзақ уақыт перзент болмай, атасы мен әжесі балаға зар болғаны айтылады. Сол кезде түсіне ақ сақалды қария кіріп, аян беріп: «Қолыңды жай, балам, ер балалы боласың, атын Шүкірмағанбет қой» дейді. Осы әулеттен 1927 жылы Зейнолла Шүкіров өмірге келеді.

Сұрақ 2: «Кіндігі тіспен кесілді» дегенді қалай түсінеміз?

Әңгімеде нәресте туған сәтте қажетті құрал табылмай, көрші-қолаң қайшы мен пышақ іздегенше, қасында отырған кейуана кіндік бауын тіспен қиып жібергені баяндалады. Бұл көрініс халық жадындағы қиындықпен келген тағдыр, ерекше белгі секілді ұғымдарды еске салады.

Балалық шақтағы ауыр сын

Зейнолла бесікте әлди естіп, ер жетіп мектеп табалдырығын аттайды. Замандастарымен бірге 4-сыныпқа дейін оқып, алғыр, зерек, зейінді оқушы ретінде көзге түседі.

Бір күні күн күркіреп, ауа райы күрт бұзылып, анасының көңілі алаңдайды. Сол күні 9 жасар Зейнолла өрістен қайтқан асау тайлақтан құлап, өмірлік мүгедек болып қалады: бел омыртқасы зақымданып, сал ауруына ұшырайды. Бұл жағдай әжесіне де ауыр тиеді.

Көркемсөз ұсынысы

«Әже қабірі басында» — Сабыржан (оқушы орындауында).

Білімге құштарлық пен қайсарлық

5–6-сыныптарда Зейнолланы немере ағалары мен бауырлары мектепке арқалап апарып оқытады. Тағдыр тауқыметіне мойымай, ол қайсарлықпен қарсы тұрады.

Сұрақ 3: Неге ақын қаламына қол созды?

Өйткені ол өмірдің нәрін де, дәмін де, нәсібін де еңбектен — қаламнан тапты. Төсек үстінде жатып-ақ шығармашылыққа ден қойып, сөз арқылы өз әлемін кеңейтті.

Өлең тақырыптары

Теңіз, Отан, сағыныш, табиғат.

Алғашқы жинағы

1946 жыл — «Сағыныш».

Өлең оқу: үзінділер

Оқушы

Ғабит Ақерке

«Жаралы солдат монологы»

Оқушы

Қуанышбай Қымбат

«Арал теңізі»

Оқушы

Нағымаш Гүлнафис

«Абайға арнау»

Шәмші Қалдаяқовтың хаты және «Сыр сұлуы»

Бірде ақынға композитор Шәмші Қалдаяқовтан хат келеді. Хатта: «Уа, Заке! Сау-саламатсыз ба? Сізге сұрағым бар: Сыр елінің асылы не?» деп жазылады.

Оқушылармен сұхбатта: «Сыр елінің асылы — күріш» деген жауап айтылады. Осы ойдан қуат алған Зейнолла «Сыр сұлуы» әнінің сөзін жазып, Шәмші ағамызға хат арқылы жолдайды. Арада бірнеше ай өткен соң «Сөзі: З. Шүкіровтікі, әні: Ш. Қалдаяқовтікі» деп, «Сыр сұлуы» әні елге тарайды.

Көрініс / өнер бөлімі

Би: «Сыр сұлуы» (қыздар тобы).

Ақын туралы лебіз

Қазақ әдебиетінің өкілдері Зейнолланы біртуар талант деп бағалап, оның жұлдыздай жанып, жұлдыздай қалғанын айтады. Бұл бөлімде ақын жайлы пікірлер мен оқушылар оқитын арнау өлеңдерінен үзінділер ұсынылады.

Тарихи белес: 80 жылдық

2007 жылы ақынның 80 жылдығына орай Арал қаласында ақындар айтысы өтеді. Айтыста Шынберген Сүлейменов бас жүлдені жеңіп алып, автокөлік мінеді.

Жырыңды естіп, жалын боп басталатын,
Жанарыңнан ажал да жасқанатын.
Кейінгі ұрпақ біліңдер дәл осындай,
Аралда өткен Зейнолладай асқар-ақын.

Кептелмеген ажалдың алқымы мәңгі,
Өзіңсіз өмір — өзен олқы мына.
Жырларың қалды мәңгі дауыл болып,
Дем берген Аралыңның толқынына.

Әр жолы асқар шыңға атылып тым,
Жатыр жырың, мен өмір отын ұқтым.
Мәңгі өлмейді, асқар-ақын, алып тұлға,
Бейнең — Зейнолла ақын Шүкіровтың.

Ш. Сүлейменов

Сабақты бекіту идеялары

  • Зейнолла Шүкіровтің портреті және «ұшқан құс» бейнесі арқылы символдық талдау.
  • Бөген елді мекеніндегі мектеп туралы дерекпен таныстыру.
  • Ақынның өміріндегі қиындық пен өнердегі биіктікті салыстырып, ой қорыту.