Оқушыларға Орта ғасырлардағы Африка туралы мағлұматтармен таныстыру
Сабақ: Орта ғасырлардағы дүние жүзі тарихы (7-сынып)
Бұл жоспар 7-сыныпқа арналған «Орта ғасырлардағы Африка» тақырыбындағы жаңа сабақтың құрылымын, мақсаттарын және бағалау элементтерін жүйелейді.
Сабақтың тақырыбы
Орта ғасырлардағы Африка
Сабақ түрі
Жаңа сабақ
Әдістер
Түсіндіру, әңгімелеу
Көрнекіліктер
Тірек-сызбалар, карта
Пәнаралық байланыс
География
Сабақтың мақсаттары
1) Білімділік
Оқушыларды орта ғасырлардағы Африка туралы мәліметтермен таныстыру. Ең алғашқы адамдардың қаңқалары Азия мен Африкадан табылғанын, сондай-ақ алғашқы мемлекеттің Африкада — Ніл өзені аңғарында құрылғанын түсіндіру. Африка құрлығы әлемдегі ең ежелгі өркениет ошақтарының бірі болғанын баяндау.
2) Дамытушылық
Оқушылардың ой-өрісін кеңейту, логикалық ойлау қабілетін дамыту және танымдық қызығушылығын арттыру.
3) Тәрбиелік
Орта ғасырлардағы Африка кезеңінен тарихи деректер беру арқылы отансүйгіштік пен адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру.
Сабақтың барысы
-
I. Ұйымдастыру кезеңі
Сабаққа кіріспе
- Сабаққа қатысушыларды белгілеу.
- Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
-
II. Үй жұмысын тексеру
Қайталау
Өткен кіріспе сабақты сұрау және негізгі ұғымдарды қысқаша қайталау.
-
III. Жаңа сабақты түсіндіру
Негізгі бөлім
Орта ғасырлардағы Африкаға қатысты негізгі мазмұнды карта және тірек-сызбалар арқылы түсіндіру.
-
IV. Топпен жұмыс
Ынтымақтастық тапсырмалар
1-топ
Әл-Фараби туралы мәлімет дайындау.
2-топ
Әбу Әли ибн Сина туралы әңгімелеу.
-
V. Сұрақтарға жауап
Талдау және бекіту
- 1 Қай ғұламаны «алгоритм атасы» деп атайды?
- 2 «Дәрігерлердің ұлы ұстазы» кім саналды?
- 3 Қазақ даласынан шыққан қандай ғұламаларды білесің?
- 4 Түркі халықтарының эпостарын ата.
-
VI. Кесте толтыру
Жүйелеу
Ақындар Шығармасы Не туралы жазылған? — — — — — — — — — -
VII. Тест тапсырмалары
Өзін-өзі тексеру
1. Орта ғасырларда қай ғалым «алгоритм атасы» аталды?
- a) Әл-Хорезми
- b) Әбу Әли ибн Сина
- c) Жүсіп Баласағұн
- d) Әлішер Науаи
2. Қарахан дәуірінде XI ғасырда өмір сүрген ақын, ойшыл ғалым?
- a) Жүсіп Баласағұни
- b) Әбу Абдаллах Рудаки
- c) Әлішер Науаи
- d) Әл-Хорезми
3. Парсы-тәжік классикалық әдебиетінің негізін салушы?
- a) Әл-Хорезми
- b) Рудаки
- c) Бируни
- d) Ибн Сина
-
VIII. Қорытынды
Рефлексия
Бүгінгі сабақта қандай тақырыпты өттік? Қандай жаңа мәлімет алдық? Оқушылардың жауаптары бойынша негізгі ойды жинақтау.
-
IX. Бағалау
Нәтижені белгілеу
Топтық жұмыс, сұрақ-жауап және тест тапсырмалары бойынша қалыптастырушы бағалау жүргізу.
-
X. Үй жұмысы
Келесі сабаққа дайындық
Тақырып бойынша оқу, негізгі ұғымдарды қайталау және карта бойынша жұмысқа дайындалу.