Мәнжазба тақырыптары
XVIII ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ жерлерінің саяси дамуы
Бұл бөлім XVIII ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ қоғамының саяси ахуалын, негізгі шайқастарды, құрылтайларды және көрші елдермен дипломатиялық қатынастарды жүйелі түрде меңгертуге бағытталған.
Оқушылар нені білуі керек
- XVIII ғасырдың бірінші жартысындағы басты шайқастар, құрылтай өткен жылдар және дипломатиялық байланыстар.
- Қазақ елін басқарған тарихи тұлғалар: Тәуке, Әбілқайыр, Сәмеке, Болат, Абылай.
- Қазақтың атақты билері мен батырлары: Төле, Қазыбек, Әйтеке, Бөгенбай, Қабанбай және т.б.
- Қазақ жерінде салынған бекіністер мен әскери шептердің салыну жылдары.
- Негізгі тарихи оқиғалардың маңызы.
Оқушылар нені меңгеруі керек
- XVIII ғасырда қазақтардың тұрмысы негізінен дәстүрлі сипатта сақталғанын түсіну.
- Осы кезеңде қазақ жеріне енген өзгерістерді анықтау және сипаттау.
- Тарихи оқиғалардың өткен жерлерін картадан көрсету және таба білу.
- Тарихи оқиғаларды бағалау, өз көзқарасын дәлелді түрде жеткізу.
Қосымша әдебиет
- Қазақстан тарихы очерктері.
- Қазақстан тарихы хрестоматиясы.
Мәнжазба тақырыптары
Сөйлесу бөлімі: 2-сабақ — «Қарлы кесек» ойыны
Ойын оқушылардың мәтінді оқып, бір-біріне түсіндіруі арқылы тақырыпты терең меңгеруіне көмектеседі. Әр турда оқушылар әртүрлі құрамда кездесіп, өзара түсіндіру мен бағалау жүргізеді.
Ойынның мақсаты
Оқушыларға оқу материалын оқып, өзара түсіндіру арқылы тақырыпты меңгерту; сөйлесу дағдысын, логикалық тұжырымды және дәлелді пікір айту қабілетін дамыту.
Қажетті құрал-жабдықтар
- Бағыттаушы парақтар.
- Қатысушылардың нөмірі жазылған парақтар.
- Үстелдерді белгілеуге арналған сілтемелер.
- Жалпы бағалау парағы (тақтаға сызуға болады).
Ойынның шарты (өткізу тәртібі)
- Оқушылар өз еріктерімен «А», «Б», «В», «Г», «Д» сілтемелері көрсетілген топтарға бөлініп отырады.
- Әр үстелге сәйкес нөмірлер беріледі (мысалы: «А» үстелі — А-1, А-2, А-3, А-4, А-5). Сол нөмірлерге сай бағыттаушы парақтар таратылады.
- Мұғалім оқу материалдарын үстелдер бойынша жинақтап бөліп береді және топ ішінде дайындалуға уақыт белгілейді (уақытты материал көлеміне қарай мұғалім анықтайды).
- Дайындық уақыты аяқталған соң мұғалімнің командасымен оқушылар бағыттаушы парақта көрсетілген үстелдерге орын ауыстырады да, 1-тур басталады.
- 1-турда оқушылар бағыттаушы парақтағы ретпен өздері дайындаған тақырыпты басқа топтың оқушыларына түсіндіреді.
- Бір айналым аяқталған соң әр оқушы бағыттаушы парағына ең жақсы түсіндірген оқушының нөмірін белгілейді (өзіне және 2–3 оқушыны бірдей белгілеуге болмайды).
- Мұғалім 2-турды жариялайды: оқушылар басқа құрамда қайта кездесіп, 1-турдағы жұмысты қайталайды. Келесі турлар да осы жүйемен өтеді.
- Барлық тур аяқталғаннан кейін мұғалім бағыттаушы парақтарды жинап, нәтижені жалпы жинақтау парағына түсіреді де, ең көп ұпай жинаған топ пен оқушыны анықтайды.
Тапсырмалар (топтар бойынша)
«А» тобы
Тақырып 1XVIII ғасыр басындағы қазақ жерлерінің ішкі және сыртқы жағдайы.
«Б» тобы
Тақырып 2XVIII ғасырдың ортасындағы қазақ жерлерінің жағдайы.
«В» тобы
Тақырып 3Әскери бекіністер мен шептер.
«Г» тобы
Тақырып 4Қазақ–Қытай, қазақ–жоңғар және орыс–жоңғар қатынастары.
«Д» тобы
Тақырып 5Абылай хандығы.