Сыйлықтар ойнату
Сабақтың тақырыбы
Тригонометриялық теңдеулерді шешу әдістері
Сабақтың мақсаты
1) Білімділік
Тригонометриялық теңдеулерді шешуде алгебралық формулаларды түрлендіру және дәрежені төмендету әдістерін меңгерту.
2) Тәрбиелік
Ұқыптылыққа, заңдылықтарды дұрыс қолдануға тәрбиелеу; өздігінен жұмыс жасауға үйрету.
3) Дамытушылық
Ойлау қабілетін дамыту, өрнектерді түрлендіру және формулаларды қолдану дағдыларын қалыптастыру.
Сабақтың өту әдісі
«Лоторея» ойыны арқылы ұйымдастырылатын аралас сабақ.
Қолданылатын құралдар
- Лоторея билеттері
- Асықтар
- Проектор
Әдебиет
- Есептер жинағы
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру бөлімі
- Амандасу.
- Оқушыларды сабаққа дайындау.
- Лоторея билеттерін «сатып алу» арқылы сабаққа қатысу форматын түсіндіру.
- Үй тапсырмасын тексеру: ауызша сұрақтарға жауап беру (проектор көмегімен).
II. «Сыйлықтар ойнату» (жаңа тақырыпты меңгерту)
Ойын кезеңдері арқылы жаңа тақырыпқа кіріспе жасап, формулаларды түрлендіру және дәрежені төмендету тәсілдерін қолдану.
III. «Джекпот» (бекіту бөлімі)
Есептер шығару арқылы жаңа білімді бекіту, тригонометриялық теңдеулерді әртүрлі әдіспен шешуді салыстыру.
IV. Қорытынды
Негізгі ұғымдарды жинақтау, орындалған тапсырмаларға қысқаша талдау жасау және келесі сабаққа бағыт беру.