Қазақ мақал мәтелдері

Қазақ мақал-мәтелдерінің орыс және ағылшын тілдеріндегі баламалары

Қызылорда қаласындағы №112 орта мектебі • Оқыту тілі — орыс тілді сыныптар • Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі — Қосбармақова Руза Ақсырғақызы

Мақалдар мен мәтелдер — ауыз әдебиетінің ең байырғы, ең көне түрі. Мақал мен мәтелді, сара сөз бен нақылдарды халық ежелден жақсы көріп, сүйсіне тыңдайды. «Сөздің көркі — мақал, жүздің көркі — сақал» деп қадірлеген.

Мақал-мәтелдерде халық жақсылық пен жамандықты, адамдық пен арамдықты, еңбекқорлық пен жалқаулықты, жомарттық пен сараңдықты, саналылық пен надандықты салыстыра отырып сөз етеді. Мұнда айтылмайтын, сөз болмайтын өмір саласы жоқ десек те болады.

Олар — адам баласының қарым-қатынасы, әдет-ғұрпы, салт-санасы, тәлім-тәрбиесі, бір сөзбен айтқанда, тұтас адамгершілік қағидаларының дастаны тәрізді. Мақал-мәтелдерді ықыласпен оқып, мағынасын зерделесең, өмірде кездесетін талай жағдайға лайықты жауап табасың.

«Көп тіл білсең — көкжиегің кеңейеді». Мақал-мәтелдердің басқа тілдердегі баламаларын танып, оларды орынды қолдана білу — ойды әсерлі жеткізудің, тіл мәдениетін арттырудың бір жолы.

Осы себепті төменде күнделікті өмірде жиі қолданылатын қазақ мақал-мәтелдерінің орыс және ағылшын тілдеріндегі кең тараған баламалары ұсынылады.

Мақал-мәтелдер және баламалары

Қазақ тілінде

Орыс тілінде

Ағылшын тілінде

Ауру қалса да, әдет қалмайды.

Привычка — вторая натура.

Custom is a second nature.

Батыр бір өледі, қорқақ мың өледі.

Двум смертям не бывать, а одной не миновать.

A man can die but once.

Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей.

Без труда не вытащишь и рыбки из пруда.

A cat in gloves catches no mice.

Өтірік өрге баспайды.

Шило в мешке не утаишь.

Murder will out.

Ұрлықшының арты қуыс.

На воре шапка горит.

If the cap fits, wear it.

Күшіңе сенбе, ісіңе сен.

Нужны дела, а не слова.

Deeds, not words.

Суға кеткен тал қармайды.

Утопающий хватается за соломинку.

A drowning man will catch at a straw.

Толық нұсқасы

Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, сабақта және күнделікті тілдік тәжірибеде қолдануға болады.

Жүктеу